Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Энергетика ел тіршілігінің күретамыры

Энергетика ел тіршілігінің күретамыры

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Таза су, жарық, жылу және газ қарапайым игіліктер болып көрінгенімен, бұлар бүгінгі өркениетті өмірдің ажырамас бөлшегі ғана емес, ел тұрақтылығының айнасы. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуды ел дамуының басты басымдықтарының бірі ретінде айқындады. Президенттің Жолдау жолдарында «Инфрақұрылым – елдің тіршілік жүйесі, халық сенімінің өзегі» деп нақты атап көрсетіп еді. 

Расында да, Жолдауда көтерілген мә­селелер – нақты өмір шындығының көрінісі. Тариф саясатын әділ ету, энергетика мен коммуналдық саланы тиімді басқару, «ақыл­ды қалалар» тұжырымдамасын кеңейту – барлығы да азаматтардың өмір сапасын барынша арттыруға бағытталған. Бұл – мемлекеттік бағдарлама ғана емес, ұлттың тұрмыстық мәдениетін жаңа сапаға көтеретін аса маңызды бетбұрыс.

Инфрақұрылым – елдің тынысы, қоғамның қуаты

Ақмола облысы – еліміздің жүрегі, Астананың тірегі. Бұл аймақта энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, әсіресе соңғы жылдары жүйелі жаңғыру жолына түсті десек қателеспейміз.

Аймақ халқын таза ауыз сумен, жылумен, жарық және көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз ету аса маңызды стратегиялық міндеттердің бірі. Биыл осы мақсаттарға облыста 94 миллиард теңге қарастырылды. Оның ішінде республикалық, облыстық және арнайы қорлар есебінен бөлінген қаржы нақты нәтижеге бағытталған инвестиция екенін атап өткен жөн.

Бұл орайда аймақтың инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға бөлінген әр тиын ел игілігіне жұмсалып жатқаны рас. Себебі бұл сала – жай ғана инженерлік жүйелердің жиынтығы емес, ол – өмірдің өзегі, халықтың күнделікті тіршілік етуіне мүмкіндік беретін қажеттіліктер.

Тіршілік нәрі – таза су

Таза суға қол жеткізу – әрбір адамның табиғи құқығы. Президент өз Жолдауында еліміздің су инфрақұрылымы ондаған жылдар бойы кенжелеп қалғанын ашық айтып, бұл бағытта түбегейлі өзгеріс қажет екенін шегелеп тапсырған еді.

Ақмола облысында бұл міндет лайықты деңгейде жүзеге асырылып келеді. Биылдың өзінде 36 миллиард теңге сомасында қаражат бөлініп, 43 жаңа нысанның құрылысы, сондай-ақ 44 нысанды жаңарту және су көздерін іздестіру-бұрғылау жұмыстары қолға алынған.

Қазірдің өзінде облыс қалаларындағы ауыз сумен қамту көрсеткіші 99 пайызға, ауылдық жерлерде 96,6 пайызға жетіп жығылған. Жыл соңына дейін Қосшы, Макинск және Ерейментау қалалары толықтай таза су жүйесіне қосылмақ.

Ауылдық аймақтар да бұл игіліктен шет қалмаған. Атап айтқанда, 36 ауылда су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Ал алты елді мекенде жұмыс толықтай аяқталыпты. Бұл – төрт мыңға жуық тұрғынның таза суға қол жеткізгені деген сөз. Бұдан бөлек, халқы аз елді мекендерге 40 блок-модульдік су тазарту қондырғысы орнатылып, 6 мыңнан астам адам таза судың дәмін татты.

Көкшетау қаласында 30 тамыз күні ашылған 7 миллиард теңге тұратын жаңа су тазарту станциясы – өңір тарихындағы маңызды белеске айналған. Бұл жоба облыс орталығын толықтай таза ауыз сумен қамтып, экологиялық және санитарлық қауіпсіздік деңгейін жаңа сатыға көтергенін атап өткен жөн.

Жылу жүйесі – жайлылық кепілі

Қыс қытымыр келетін өңір үшін жы­лу – өмірдің өзегі. Президенттің тапсыр­ма­сына сай, Ақмола облысында жылу жүйесін де жаңарту қарқынды жүріп жатыр.

Биыл жылыту маусымына дайындық­қа жалпы көлемі 43 миллиард теңге ба­ғытталған. Бұл сомаға аймақтың бірнеше елді мекенінде қазандықтар жаңартылып, жылу желілері жөнделіп, энергия ресурстары толық қамтамасыз етілді. Облыстық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше жыл соңына дейін Көкшетау іргесінде күл-қоқыс по­лигоны, Ақкөл мен Ерейментау аудан­дарында автоматтандырылған жаңа қа­зандықтар іске қосылмақ. Бұл – 8 мың абоненттің са­палы жылумен қамтылатынын айғақтайды.

– Қазірдің өзінде 59 қазандық жа­ңартылып, 9,7 шақырым жылу желісі жөн­делді. Осының арқасында аймақта осы­ған дейін аса күрделі мәселе болып келген тозу деңгейі 39 пайыздан 37 пайызға дейін төмендеді. Бұл сандардың артында мыңдаған отбасының алаңсыз қысты қарсы алуға деген сенімі жатыр, – дейді Ақмола облысы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев.

Энергия – экономиканың қозғалтқыш күші

Президент өз Жолдауында еліміздегі электр желілерінің тозғанын да атап, алдағы бес жылда 14 ГВт жаңа қуат көзін іске қосу, 10 энергоблок пен 39 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу міндетін қойған болатын.

Ақмола облысында бұл бағытта да сер­пінді жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, өткен жылы «Қоянды Оңтүстік» пен «Бо­ровская» атты екі ірі қосалқы станция іске қосылып, 30 мың тұрғын мен 3 мың абонент тұрақты электр жүйесімен қамтылған.

Биыл электр желілерін жаңғыртуға бюд­жет қоржынынан 3,7 миллиард теңге бөлінген. Жақын уақытта Целиноград ауда­нының Қараөткел, Қоянды, Қаражар және Ақмол ауылдарында ұзындығы 240 шақырымнан асатын жаңа желілер салын­­­бақ.

Бұдан бөлек, Аршалы ауданының Қостомар ауылында 72 шақырымдық желі құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобалар аяқталған соң, 9 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатымен қамтылып, электр тариф 40 теңгеден 28 теңгеге дейін төмендету көзделген.

Сонымен бірге биыл 400 миллион тең­геге көше жарығын орнату жобалары жүзеге асуда. Наурызбай батыр мен Атамекен ауылдары бүгінде жаңа жарық шамдары­ның нұрымен түрленіп, бұл ауыл өміріне жаңаша рең берген.

Газдандыру – жасыл экономикаға жол

Газ – экологиялық әрі экономикалық тұрғыдан тиімді энергия көзі. Соңғы жылдары облыста газдандыру жұмысы жаңа қарқын алды. Әсіресе, Астана маңындағы елді мекендер «Сарыарқа» магистральдық газының игілігін көруде. Биыл Нұрлы, Шұбар және Аққайың ауылдарында ақ түйенің қарны жарылып, 209 шақырым газ желісі пайдалануға берілген. Қосшы қаласында 192 шақырымдық желі тартылып, 30 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қосылды. 

– Қазіргі уақытта 178 мың адамды қам­титын 10 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін тағы 6 елді мекенге газ келеді. Бұл – 55 мың адамның өмір сапасын арттыратын нақты нәтиже болмақ, – деп толықтырды басқарма басшысы Бақтыбек Бекенұлы.

Smart Turmys – цифрлық қызметтің жаңа дәуірі

Заманауи технологиялар өміріміздің барлық саласына дендеп енген. Президент тапсырмасына сәйкес, Ақмола облысында коммуналдық қызметті цифрландыру бастамасы да қолға алынғанын атап өткен жөн.

Мәселен, жаңадан іске қосылған Smart Turmys платформасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай цифрлық контуры болып отыр. Ол су, жарық, жылу, газ және қалдықтарды шығару сияқты қызметтерді бір жүйеге біріктіріп, әр тұрғынға өз шығынын нақты есептеп, тек пайдаланғаны үшін ғана ақы төлеуге мүмкіндік береді.

Бұл – ашықтық пен әділдікке негізделген жаңа модель екені даусыз. Цифрлық технология тұрғындардың билікке деген сенімін арттырып, коммуналдық саладағы қызмет сапасын жаңа деңгейге шығарған.

P.S. Энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы – ең ауыр, ең жауапты, бірақ ең абыройлы сала. Өйткені бұл бағыттағы әрбір нәтиже – адамдардың жайлы өмірі, әр шаңырақтың жылуы, әр баланың денсаулығы болмақ. Мемлекет басшысы айтқандай, «Елдің ертеңі – бүгінгі еңбекте». Ендеше, қоғамдағы әр адам өз еңбегі арқылы халық сенімін ақтап, өңірдің өркендеуіне үлес қоса беруге тиіс...

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see151

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see149

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see144

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see142

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see125

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see125

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see122

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see121

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see119

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see118

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see117

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see115

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see115

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see115

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see115

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see115

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see114

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары