Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Теміржол ел экономикасының күретамыры

Теміржол ел экономикасының күретамыры

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кең тынысты транзит

Кейінгі жылдары ҚТЖ жаңа даму кезеңіне қадам басты. Магистралдар жаңарып, локомотивтер мен вагондар паркі кезең-кезеңімен толықтырылып жатыр. Жаңа теміржол желілері салынып, халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндігі кеңейіп келеді. Ақтау мен Құрық порттарының әлеуеті күшейді. Орта дәліз арқылы өтетін жүк ағыны еселеп артып жатыр.

Биыл алғашқы жартыжылдықта респуб­лика ішіндегі тасымал көлемі 82,2 миллион тоннаға жетсе, экспорттық бағыттағы жүк көлемі 45,6 миллион тоннаны құрап, бір жыл ішінде 2,9 миллион тоннаға артты. Бұл көрсеткіштер ішкі нарықтағы өндіріс қарқынының бәсеңдемегенін, отандық өнімнің сыртқы нарықтағы сұранысы жоғары екенін аңғартады. Негізгі жүктердің басым бөлігінде тұрақты өсім сақталған. Мәселен, алты айда 51,3 миллион тонна көмір тасымалданып, оның 35,4 миллион тоннасы ел ішіндегі тұтынушыларға жеткізілсе, 15,9 миллион тоннасы экспортқа жөнелтілген. Бұл көрсеткіштердің екеуі де өткен жылмен салыстырғанда жоғары.

Бүгінде сала ішкі тасымалмен ғана шектелмейді. Елдің географиялық орналасуы Еуропа мен Азия арасындағы ең қысқа құрлық жолдарының бірінде жа­­татындықтан, еліміз халықаралық тран­­з­ит­тің маңызды буынына айналып келе­ді. Соның жарқын дәлелінің бірі – «Ре­сей – Қа­зақстан – Қытай» бағытындағы миллио­ныншы контейнердің жөнелтілуі. Инфра­­құрылымды жаңарту мен теміржол әкімшіліктерінің үйлесімді жұмысының арқасында бұл маршруттағы контейнер тасымалы 2019 жылмен салыстырғанда 27 есе артқан. Егер жеті жыл бұрын небәрі жиырма футтық баламадағы 11 мың кон­тей­нер тасымалданса, өткен жылдың қоры­­тындысында бұл көрсеткіш 301 мыңға жетті.

Желілер кеңейіп, жүктеме азайды

Транзиттік әлеуетті күшейтудің тағы бір маңызды бағыты – жаңа теміржол желілерін салу. Қазір Мемлекет басшы­сының тапсырмасымен бірден бірнеше стратегиялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында «Мойынты – Қызылжар», «Бақты – Аягөз», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желілері бар.

Соның ішінде ұзындығы 323 шақы­рымнан асатын «Мойынты – Қызылжар» теміржолының орны ерекше. Жаңа желі Ұлытау мен Қарағанды облыстары арқылы өтіп, Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызды бөлігіне айналады. Ең бастысы, бұл маршрут пойыздардың жүру қашықтығын 149 шақырымға қысқартпақ. Ал «Бақты – Аягөз» теміржол желісі еліміз бен Қытай арасындағы үшінші темір­жол өткелін қалыптастырады. Ұзын­дығы 303 шақырым болатын жаңа бағыт іске қосылғаннан кейін оның өткізу қабілеті жылына 25 миллион тоннаға дейін жетеді. Еліміздің оңтүстігінде салынып жатқан «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісі өңірдің көлік жүйесіне тың серпін береді. Жоба аяқталған соң Мақтаарал мен Жетісай аудандары республикалық теміржол желісімен тікелей байланысады. Бұл Сарыағаш стансасындағы жүктемені шамамен 40 пайызға азайтып, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің тиімділігін арттырады.

Заманауи локомотив – сенімді тасымал

Теміржолдың тиімділігі локомотивтер мен жылжымалы құрамның техни­калық мүмкіндігіне, қауіпсіздігі мен се­німділігіне де тікелей байланысты. Бүгінде ҚТЖ маневрлік және магистралдық локомотивтерді кезең-кезеңімен жаңар­тып жатыр. Әсіресе маневрлік паркке ерекше көңіл бөліне бастады. Осы мақсат­та қытайлық «CRRC» компаниясы­мен «CKD6S» сериялы 100 тепловоз жеткі­зу жөнінде келісім жасалды. Оның 67-сі қазірдің өзінде Павлодар, Екібастұз, Ас­тана, Қарағанды, Жаңаарқа, Балқаш өңір­лерінде пайдаланылып жатыр. Жаңа техникалар пойыз қозғалысының қауіп­сіздігін күшейтеді. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары Константин Цой жаңа техниканы әзірлеу барысында теміржолшылардың тәжірибесі мен ұсыныстары толық ескерілгенін айтады.

«CKD6S»-тің басты артықшылығы – қысқартылған базасы. Локомотив ұзын­дығы 22 метрден 18 метрге дейін қысқарған. Соның арқасында ол кіші радиусты қисықтардан оңай өтеді және бұрын басқа сериялы локомотивтер қажет болған күрделі кірме жолдарда жұмыс істей алады», дейді ол.

Жаңа буын тепловоздары тек техни­калық сипаттамасымен емес, маши­нистердің еңбек жағдайын жақсартуымен де ерекше. Олар қауіпсіздікті бақылайтын заманауи жүйелермен жабдықталған. Кабинада ауа баптағыш, тоңазытқыш, тағам жылытуға арналған құрылғылар орнатылған. Бұл ұзақ сапар кезінде локомотив бригадаларының жайлы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Теміржол саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды

Компания магистралдық локомотив­терді жаңартуды да қатар жүргізіп келе­ді. Астанадағы «Alstom« зауытында шы­ғарылған KZ8A сериялы екі жүзге 200-ге жуық электровоз бүгінде «Астана – Арыс – Алматы» бағытында ауыр жүк пойыз­дарын тартып жүр. Ал «Wabtec» кәсіп­орны өндірген «ТЭ33А» сериялы 551 магистралдық тепловоз елдің шығыс пен батыс өңірлеріндегі негізгі бағыттарға қызмет көрсетеді. Локомотивтерді сатып алу – жұмыстың бір ғана бөлігі. ҚТЖ олардың ұзақмерзімді әрі үздіксіз жұмыс істеуі үшін сервистік инфрақұрылымды қатар дамытып келеді.

«Біз жаңа локомотивтерді сатып алып қана қоймай, оларға қызмет көрсету жүйесін де қатар қалыптастырып жатырмыз. Техниканы жеткізумен бірге сервистік инфрақұрылым дамиды, персонал оқытылады, қосалқы бөлшектер қоры жасақталады. Мұның бәрі локомотивтердің бүкіл пайдалану кезеңінде сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», дейді К.Цой.

Каспий қақпасының қуаты артып келеді

Құрлықтағы тасымал теңіз логистикасымен ұштасқанда ғана халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігі артады. Сондықтан ҚТЖ Ақтау мен Құрық порттарын жаңғыртуға ерекше мән беріп келеді. Ақтау портында жылына 140 мың жиырма футтық баламадағы контейнерді өңдеуге арналған заманауи контейнерлік хаб салынды. Болашақта оның қуаты 240 мың контейнерге дейін ұлғайтылады. Сонымен қатар биыл порт акваториясын тереңдетудің алғашқы кезеңі аяқталып, алдағы жылы айлақ инфрақұрылымы кеңейтіледі. Қазір «Ақтау – Баку» бағытында жеті кеме тұрақты жүрсе, 2028 жылға қарай олардың саны он беске дейін көбеймек. Ол үшін алты жаңа әмбебап контейнер тасымалдаушы кеме салынып жатыр.

Қарағанды облысында 3 теміржол вокзалы жаңартылды

Құрық портының әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыс та кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Акваторияның терең­дігі 8 метрге жеткізіліп, порттың өткізу қабілеті артты. Тиімділікті арттырған тағы бір жаңалық – №1 және №2 айлақтардағы көтергіш өткелдердің жаңғыртылуы.

ҚТЖ алдағы жылдары «Құрық – Баку» бағытындағы паром флотын да кеңейтуді көздеп отыр. Жоспарға сәйкес 2030 жылға қарай паромдар саны 17-ге дейін ұлғаяды.

Қауіпсіздік – басты қағида

Сапарға шыққан жолаушының жай­лылығы мен қауіпсіздігі де – саланың даму деңгейін айқындайтын маңызды көр­сеткіштердің бірі. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмысы мемлекеттік қолдаудың арқасында жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Егер 2023 жылы ұлттық тасымалдаушы 94 жаңа вагон алса, 2024 жылы олардың саны 118-ге жетті. Ал өткен жылы парк тағы 170 жаңа вагонмен толықты. 2030 жылға дейін ұлттық тасымалдаушының вагон паркі толық жаңарады.

Жолаушылар тарапынан сұранысқа ие болған қызметтердің бірі – әйелдер вагондары. Биыл 2 қыркүйектен бастап №81/82 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы пойыздың құрамына да әйелдер вагоны енгізіледі. Соның нәтижесінде мұндай қызмет көрсетілетін бағыттардың саны 13-ке жетеді.

Елде ауқымды бағдарлама аясында 121 нысан қайта жаңартылып жатыр. Оның ішінде 113 вокзал ғимараты мен жолаушылар платформасы, жеке платформалар мен конкорс өткелдері бар. Бүгінде 70-ке жуық нысанда құрылыс-монтаж жұмысы аяқталған.

Шығыс Қазақстанда жаңғыртудан өткен алғашқы теміржол вокзалдары пайдалануға берілді

Теміржолдағы қауіпсіздік – үздіксіз жүргізілетін жұмыс. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Руслан Дәулетов бұл бағыттағы бастамалардың түпкі мақсаты қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру екенін айтады.

«Біздің басты міндетіміз – оқыс оқиға­лардың алдын алу. Теміржолдағы қауіп­сіздік – тек теміржолшылардың емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға болады. Алдағы уа­қытта да түсіндіру іс-шараларын, бірлес­кен рейдтер мен профилактикалық акция­ларды жалғастыра береміз», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 20:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары