Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

Егемендіктің еңку жолы: Декларация қалай қабылданды?

Егемендіктің еңку жолы: Декларация қалай қабылданды?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Публицистика – заман шежіресі. Бұл, бір жағынан, белгілі бір кезеңдегі саяси, әлеуметтік, мәдени және рухани құбылыстарды талдап, халыққа жеткізудің ең пәрменді құралы болса, екінші жағынан, кейінгі ұрпақ үшін өткен дәуірдің ақиқат аңысын паш ететін бұлтартпас тарихи дереккөз. Сарғайған газет тікпелерін парақтай отырып, ескі қоғамның естеліктері арқылы сол замана тынысын тап басып тануға болады.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Жүз мыңдаған оқырманы мен жүз жылдық тарихы бар біздің газетіміз де – халықтың көзі, құлағы һәм тілі болумен қатар, сонау ХХ ғасырдың басынан бергі қазақ тарихын тасқа қашап келе жатқан іргелі басылым. Газет тілшілері ел өмірінде болған барлық елеулі оқиғаны назардан тыс қалдырмай, құнды дереккөз ретінде кейінгі ұрпаққа қалдырып кетті. Соның ішінде өт­кен ғасырдың 90-жылдарында алып империяның тарқауы мен тәуелсіз Қазақ мемлекетінің қайта құрылуына қатысты да деректерді молынан табамыз. Алда Республика күні келе жатыр. Осыған орай біз бұл мақалада 1990 жылғы Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануына байланыс­ты газет бетінде жарияланған бірқатар мақала мен пікірлерге тоқталуды жөн көрдік.

Кеңестік империяның көбесі сөгіліп, қабырғасының қақырауы 1988–1989 жыл­дардан бастау алғаны белгілі. Алды­мен Балтық жағалауы елдері мен Әзербай­жан мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдап, іс жүзіндегі дербестіктің іргетасын қалады. Бұл құжатта айтылған ең басты назар аударар нәрсе – республика заңдарының одақ заңдарынан биік тұруы еді. Өз мүддесіне қайшы келетін КСРО заңдарын мойын­дама­ғаннан кейін бұл тәуелсіздік емей немене? Осы уақытта «Социалистік Қазақ­стан» газетінде де еліміздің экономи­када­ғы, сыртқы саясаттағы, заң мен басқа да салалардағы дербестігі мәселесі дүркін-дүркін талқыланып, жазылып жатты.

Басылымның 1990 жылы 31 нау­рыздағы санында «Бүгінгі әңгіме өзегі – рес­публиканың егемендігі мен экономикалық дербестігі» деген тақырып­пен берілген материалда: «Бір кезде айту­ға ауыз дауа­ла­майтын «дербестік», «егемендік», «тәуелсіздік» деген сөздерді емін-еркін айтатын болдық» деп, әсіресе еліміздің экономикалық дербестік алуы, өзін-өзі басқару мен қаржыландыруға көшуі халық тұрмысының неғұрлым жоғары деңгейі мен сапасына қол жеткізу­дің құралы екенін айтады. Байқасақ, алғашқы уақытта саяси еркіндікті көп қозғамай, тек экономикалық дербестіктің маңызына басымдық беріп отырған.

Ол уақытта көп талқыланған жайттың бірі – егемен мемлекет болудың бір тетігі саналатын президенттік басқару формасына көшу мәселесі. 1990 жылдың 15 нау­рызында М.Горбачев КСРО президенті болғаннан кейін енді республика басшыларын да президент деп жариялауға қадам жасала бастаған еді. Сондай-ақ бұл бастаманы қолдау үшін арнайы ма­қа­лалар да ұйымдастырылғанын бай­қай­мыз. Мәселен, газетіміздің 1990 жылдың 3 сәуіріндегі санында халық өкілдері атынан осы өзекті мәселені кезекті мәрте көтерген топтама жарияланған. Целиноград құрылыс комбинатының қызметкері О.Оспанбековтің «Егемендік өз мәнінде болсын десек» атты жазбасында: «КСРО Конституциясына сәйкес, әрбір республика – егеменді мемлекет. Біз осы уақытқа дейін республика егемендігі деген сөзге мән бермей келген сияқтымыз. Содан болар, өндірісімізге, ауыл шаруашылығымызға билікті одақтық министрліктер жүргізіп келеді. Сөйтіп, республиканың жер байлығы рәсуаға, талан-таражға салынуда. Табиғатымызға айтарлықтай нұқсан келтірілді. Осындай сорақылықтан құтқаруға президенттік басқару септесін бола ма деп білеміз» деп ойын түйіндейді. Ал Соғыс және еңбек ардагерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кеңесінің мүшесі, Социалистік Еңбек ері Ә.Қалиев «Өзіміз шешуіміз керек» атты мақаласында президенттік басқарудың енгізілуін жақтай келе: «Қазір республика экономикалық және саяси дербестік пен егемендік жолындағы қам-қарекетте. Олай болса, республика Президенті осынау толғауы тоқсан мәселенің түйінін шешуде ерекше роль атқарады деп білемін», деп ой қосады.

Жарияланымдарға қарап отырсақ, одақтық республикалардың дербестікке талпынған үні уақыт өте біртіндеп қат­ты­рақ шығып, өз талаптарын батыл қойып, орталықтан іргесін аулақ сала баста­ға­нын аңғару қиын емес. Алғашқыда «тәуел­сіздік» туралы әңгіме қозғала қойма­са да, көтерілген бастамалар мен наразылықтардың артында Мәскеумен түбегейлі ат құйрығын кесісу, КСРО-дан түпкілікті бөліну мақсаты менмұндалап тұрғанын көреміз.

Осы жылдың 19 мамырында жарық көрген «Егемендік – елдіктің кепілі» атты мақалада жазушы, «Жаңа фильм – Новый фильм» журналының бас редакторы Қажығали Мұханбетқалиев Қазақстан аумағындағы өндіріс орындары әлі күнге Мәскеудегі министрліктің қолында тұрғанын, елімізде қандай да шешім қабылданарда жергілікті халықтың пікірі ескерілмейтінін, соның салдарынан республика жері ядролық полигонға айналғанын батыл сынайды. Егемендік алмай мұндай проблемалардан арылу мүмкін емесін білдіріп: «Республиканың немесе мемлекеттің егемендігі – сол мемлекеттің сыртқы істерде ешкімге тәуелсіздігі екендігі бір болса, екіншіден, ішкі істерінде де жоғарғы өкімет билігін оның өз қолында ұстауы. Яғни бір сөзбен айтқанда, ішкі істерінде де, сыртқы істерінде де мемлекеттің өз билігі өз қолында болуы. Кез келген дербес мемлекеттің егемендігін құрметтеу – осы заманғы халықаралық право мен халықаралық қатынастардың негізгі принципі, басты нысанасы. БҰҰ-ның Уставы мен басқа да халықаралық актілерде бұл ереже баяғыдан бері бар», дейді ол.

Әрине, Қазақстан секілді көпэтносты елде мемлекеттік егемендік туралы дек­ларация қабылдау бірден жүзеге аса қоятын шаруа емес еді. Өйткені оны халық, соның ішінде өзге ұлт өкілдері қалай қабылдайды? Сондай-ақ бұған Мәс­кеу не дейді деп солтүстік көршіге жалтақ­тау басым болғаны аян. Сөйтіп, жүргенде Ресейдің өзі 1990 жылдың 12 маусымында мемлекеттік егемендік тура­лы декларация қабылдап, заң жүзінде КСРО құрамында қалса да, іс жүзінде одан бөлініп шыға келген еді. Бұл оқиға біздің ел басындағы азаматтарға қамшы басып, бұдан әрі сылбыр қимылдауға болмайтынын ұқтырғанын газет бетіндегі жарияланымдардан байқаймыз.

Мәселен, 1990 жылдың 22 маусымында жарық көрген «Нақты дербестік» атты бас мақалада: «Қазақстан – қисапсыз бай өлке. Бірақ сол байлықтан республика халқына тиіп жатқан пайда шамалы. Оның алтыны, күмісі, мысы, қорғасыны, алюминийі, вольфрамы, хромы, магнийі – Менделеев кестесінде не бар соның бәрі – ағыл-тегіл шалқар байлық судай тасып, Одақ министрліктерінің Данай бөшкесі сияқты тойымсыз құлқынына ондаған жылдар бойы тегіннен-тегін құйылып жатыр. Басқасын былай қойғанда, Қазақстан тек мұнайдың өзінен түскен табысқа ие болса, дүниедегі бай мемлекеттердің қатарында тұрар еді. Бірақ Қазақстанның өз жерінен шыққан сол байлыққа өз қолы жетпейді. Миллиардтаған ақша Мәскеу министрліктерінің қалтасына түседі, ал республикаға сол ақшадан соқырдың көз жасындай ғана сараң сарқыт – тиын-сиын тиеді. Қазақстан Одаққа жылына 10–12 миллион тонна жоғары сапалы астық, 300 мың тонна ет, 270 мың тонна сүт өткізеді. Мұның сыртында жүн, жұмыртқа, тері-терсек өз алдына. Сөйтсе де еліміз материалдық, әлеуметтік жағынан артта қалған республикалардың қатарына жатады. Бірақ мұнымыз обал болды-ау деп Одақ министрліктері қымсынбайды. Бұларың зорлық қой, обал ғой деп, өзінің егемендігін танытып, бас көтеріп, үн шығарған республика басшылары бұрын бола қойған жоқ. Олар ондаған жылдар бойы «ләппай, тақсырдың» халін кешті», дей келе бұдан былай егемендік алу өмірдің өзі күн тәртібіне жоғары талаппен қойып отырған тағдырлы мәселе екенін, ендігі жерде оның кешіктірілуіне, орталықтың оған кедергі болуына ешқандай қисын жоқтығын шегелеп айтады.

Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация жайында белгілі мемлекет қайраткерлері, Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары Серікболсын Әбділдин мен Қазақ КСР-і Президенттік кеңесінің мүшесі Сұлтан Сартаев та пікір білдірген. С.Әбділдин газетке берген сұхбатында декларация жобасы дайын­далып біткенін, осыған дейін КСРО рес­публикаларының көбі егемендік алып қойғанын, бірақ мәселе бірінші немесе кейінгі болу емес, халықтың материалдық және рухани өміріне байланысты проблемалардың шешілуін парасатты да тез ұйымдастыруда екенін жеткізеді. Сонымен қатар ол декларация қабылданғаннан кейін КСРО Консти­ту­циясындағы одақ заңдарының респуб­лика заңдарынан үстемдігі туралы 77-бап іс жүзінде күшін жоятынын, өзіндік заң­дарын қабылдау одақтық респуб­ликаның егеменді құқығы екенін айтады.

«Қазақ ұлты – республика территория­сын мекендеген тең праволы ұлттардың бірі. Сонымен қатар ол республикаға аты берілген жергілікті ұлт. Ол ұғым осы уақытқа дейін тар шеңберде қалып келді. Жергілікті ұлттың өз территориясында ғасырлар бойы жасап келе жатқандығын ескеру, сондықтан да оның құқын біржақты түсінбеу қажет. Мұндай жағдайда әр сүйем жері оның тарихын білдірсе, халқының жадында тұрса, өз жерінде басқа халықтарды бауырларша кеңпейілділікпен қабылдап, құшағын жайып қарсы алса, паналатса, сөйте тұрып республика тұрғындары арасында өзі сан жағынан азшылық болып қалса, оған оның территориясы туралы мәселені тек қана референдум арқылы шешу нағыз қиянат емес пе? Референдум қазақ халқынан қолдау таппайтын шешімге ұрындыруы мүмкін, сондықтан қазақ ұлтымен санаспауға әсте болмайды. Қазақ КСР-інің территориясында жаңадан ұлттық-территориялық және мемлекеттік құрылым құруға жол берілмейтіндігі заң жобасына енгізілмек», дейді профессор С.Сартаев өз мақаласында.

1990 жылдың 25 қазанында республи­каның Жоғарғы Кеңесі, яғни сол кездегі Парламенті Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабыл­дап, үш күннен кейін құжат мәтіні «Со­циалистік Қазақстан» газетінің бірінші бетінен бастап жарияланды. Сондай-ақ осы нөмірге декларацияны дайындаған жұмыс тобының жетекшісі, қазақтың марқасқа заңгері, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының академигі Салық Зима­новтың «Ерекше маңызды құжат» деген тақырыппен мақаласы да басылды.

«Біздің республика өзінің мемлекет­тік егемендігі туралы декларацияны соңғылардың бірі болып қабылдады. Мұның өз артықшылықтары мен кем­шіліктері бар еді. Басқа республикалардың тәжірибелерін ескеруге және олардың декларацияларындағы ұтымды әрі бағалы нәрселерді алуға, өзіміздің тарихи шешімімізге ойлы көзбен, қызбаланбай қарауға мүмкіндік мол болды. Бұрынғы Кеңес Одағында осындай саяси құжатты қабылдау практикасы болмағанын ескерген жөн», дей келе ғалым декларация жобасы баспасөзде жарияланғалы бері депутаттар атына көптеген хат пен ұжымдық үндеулер келіп түскенін, тіпті көшеде митингтер ұйымдастырылғанын, Жоғарғы Кеңесте соңғы нұсқадағы декла­рация жобасының өзін талқылауға 6 са­ғат уақыт кеткенін айтады. Сонымен қатар республиканың экономикалық дербестігіне арнайы тоқталған.

«Егер экономика саласындағы толық билікке сүйенбейтін болса, республиканың мем­лекеттік егемендігі аңыз күйінде қала берер еді. Мұның өзі 9-статьяда тұжы­рым­­далды. «Жер мен оның қой­науы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанат­­тар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, ха­лықтың мәдени және тарихи қазына­лары, бүкіл экономикалық, ғылы­ми-техни­ка­­лық потенциал – респуб­лика терри­то­рия­сын­дағы бүкіл ұлттық байлық республика еге­мен­дігінің негізін құрай отырып, оның ерек­ше меншігінде болады», дейді академик.

Сондай-ақ С.Зиманов қазақ тілінің мәртебесіне қатысты ой қозғайды. Бас­пасөзде жарияланған жобаның 8-ба­бын­дағы «Қазақ КСР-інде қазақ тілі мем­­ле­кеттік тіл, ал орыс тілі ресми тіл бо­лып табылады» деген бөлігі деклара­цияға енгізіл­мегенін және талқылаудан алы­нып тасталғанын айта келе: «Бұл бөлік­­тің декларация жобасына енгізілуі дұрыс емес еді. Мұның өзі тек оның 1989 жыл­ғы қыркүйектің 22-сінде қабыл­данған Рес­пуб­ликаның Тіл туралы заңына маз­мұны жағынан қарама-қайшы келген­дігіне емес. Бұл заң бойынша қазақ тілі мем­ле­кеттік тіл, ал орыс тілі ұлт­аралық қатынас тілі деп танылған болатын. Ең бас­ты нәрсе мынаған байланыс­ты: бұл ережені өзгертіп, жаңа ережені қабыл­дай отырып, заң шығарушы орган қазақ тілін тез арада құрып кетуге күні бұрын душар етер еді. Қазақ және орыс тілдері тең праволы. Бірақ олар өзінің іс жүзін­дегі жағдайы бойынша тең емес. Бірін­шісі ғылыми-техникалық саладан белсенді түрде ығыстырылып отырған, рес­публи­кадағы ресми іс жүргізу саласынан толық дерлік ығыстырылған жергілікті, аймақтық тіл, ал екіншісі – ғылым мен білім беру және дүниежүзілік цивилизация тілі. Осыған байланысты бұл тілдер тең статусы бола тұрып, қатарлас қозғалыс процесінде бірін-бірі «жігерлендіре» алмайды», деген ғалым қазақ тіліне заң бо­йынша артықшылықтар беру арқылы ғана оның болмысын, сақталуын және қайта түлеуін қамтамасыз етуге болатынын айтады және бұл жерде бөтен ниет жоқ екенін, орыс тілінің дамуына қысым жасау да болмайтынын жеткізеді.

Сондай-ақ декларацияда Қазақ КСР-інің одақтан ерікті түрде шығу құқығы сақта­латынын еске салып: «Оның бірқатар статья­­сы алдағы уақытта жасақталатын Одақ­­тық шарт арқылы және Республика Конс­ти­­туциясы арқылы күшіне енгізіледі. Бұл Кон­с­ти­туцияны әзірлеу жөніндегі жұ­мыс қа­зірдің өзінде басталды», дейді ғалым.

Осылайша, 80-жылдардың аяғында басталған «егемендік шеруіне» Қазақ елі де қосылып, азаттыққа қарай маңызды қадам жасалған еді. Бізден кейін ең соңғы болып Түрікмен КСР-і желтоқсан айында мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдағанын айта кету керек. Ал одан әрі 1991 жылы академик С.Зимановтың жетекшілігімен «Қазақ КСР-інің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы, 1993 жылы егемен еліміздің бірінші Ата заңы қабылданғаны белгілі. Бұл – енді басқа әңгіме. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 20:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see137

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see116

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see113

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see113

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see113

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

14 Сәуір 2026 20:03see111

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see111

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see111

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

14 Сәуір 2026 14:15see110

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

15 Сәуір 2026 13:16see109

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

14 Сәуір 2026 23:41see109

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see109

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

15 Сәуір 2026 13:01see109

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

14 Сәуір 2026 15:59see108

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

14 Сәуір 2026 11:13see108

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

14 Сәуір 2026 20:03see107

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

14 Сәуір 2026 12:40see107

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

15 Сәуір 2026 11:27see106

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

14 Сәуір 2026 23:31see106

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

15 Сәуір 2026 09:42see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары