Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Құрлықтық логистика: жаңа бағыттар іске қосылады

Құрлықтық логистика: жаңа бағыттар іске қосылады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан құрлықтық логистикалық әлеуетке ие. Оны дамытудың амалын тапса, аймақтағы көшбасшыға айналады. Тас және шойын жолдармен-ақ шаруаны ширатуға мүмкіндік бар. Президент: «транзит – халықаралық бәсекедегі артықшылығымыз», – деген болатын. Ендеше осы бағытта қандай жұмыстар атқарылды?

Әлемде 32 дамушы мемлекет теңізбен түйіспейді. Қазақстанда солардың қатарында. Әйтсе де ебін тапқан екі асайды. Еліміз географиялық кемшілікті стратегиялық мүмкіндікке айналдыруды көздейді. Былтыр жаһанның жартысына 21 млрд 270 млн тоннадан аса жүк тасымалданған. Бұның барлығы балама бағыттармен барды. Себебі біз Еуропа мен Азияның қақ ортасында тұрмыз. Сосын Еуропа мен Қытай арасындағы қысқа құрлықтық көпір саналамыз. Бес халықарлық транзиттік дәліз де ел шекарасымен өтеді. Мысалы, «Достық-Мойынты» теміржолын екі жолақты етіп кеңейтті. Бір тармағы биыл бітті.

Ерсұлтан Әбдірахманов, ҚР Көлік министрлігі Көлік инфрақұрылымы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Бұл жоба қамтылуы жағынан, өткізу қабілетін 5 есе арттырады. Яғни 12 жүп пойыздан, 60 жұп пойызға дейін және пойыздардың өту жылдамдығын 1500 км арттырады. Бұл атап айтқанда ҚХР-дан тауарларды Транскаспий дәлізі арқылы Еуропаға тасымалдауға мүмкіндік береді.

Түйе керуен түрленіп, тарам-тарам теміржол төселіп жатыр. Елдің көлік-транзиттік әлеуетін көтеру үшін Алматы айналма желісі, «Дарбаза – Мақтаарал» «Бақты – Аягөз» және «Қызылжар – Мойынты» жаңа желілері іске қосылады. Бұдан бөлек «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» учаскелері жаңғыртылады. «Қызылжар – Сексеуіл», «Қандыағаш – Тобыл», «Ақсу 1 – Дегелен – Жаңа-Семей» бағыттары және «Шалқар – Бейнеу», «Әлімбет – Никельтау» учаскелеріне заманауи реттеу жүйелері енгізіледі. Осы істің бәрін 2 жылда еңсеру көзделген.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Транзит – жүк тасымалына қатысты халықаралық бәсекедегі біздің орасан зор артықшылығымыз. Мұны толықтай әрі тиімді пайдалануымыз керек. Қазақстан арқылы өтетін теміржол дәлізін дамыту жұмысын тездету қажет. Бұл жоба Транскаспий бағдарының негізгі бөлігі болмақ. Осы бағыттағы маңызды жобалардың біразы қазір жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала қамданып, жұмысты тоқтатпай, жалғастыра беру керек.

Жол мұратқа жеткізеді. Бірақ сапалы болса. Биыл 9 мың шақырым жол жөнделіп жатыр. Асфальт та елді асырайды.   

Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми өкілі:

- «Қалбатау – Майқапшағай» автожолы. Ел үшін маңызды жоба. Яғни көрші Қытаймен сауда-экономикалық қатынастың дамуына септігін тигізетін жолдардың бірі. Бұл жолдың ұзындығы 412 км. Сондай-ақ «Қызылорда – Жезқазған» автожолының 192 шақырымы аяқталып, қозғалысы ашылды. Жолдың екінші бөлігі, қазір Ұлытауда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл «Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз» жолына күш салынды. Бұл орталықты батыспен қосады. Транскаспий көлік дәлізіне оң қыпал етеді. Қысқасы құрлықтағы инфрақұрылым игілігін көруге құлшыныс бар. Бастысы – мемлекетаралық логистикалық келісім жасасу. Мәселен, Новороссиск арқылы өтетін миллиондаған тонна мұнай тасымалы баяулады. Себебі түсінікті. Сондықтан олқылықты Грузия арқылы орағытып, Еуропаға шығу да балама жол. Бірақ өз ішімізде де шешетін бірқатар түйткіл бар.

Бауыржан Ысқақов, экономист:

- Қытайға шығатын Достық пен Қорғас дәліздерінде жылына шамадан тыс жүктердің тасымалдануы, яғни салмақтың көп салынуы. Бұл жаңа жолдардың жетіспеушілігінің кесірінен деп айта аламыз. Салдарынан пойыздардың кезекте көп тұруы, транзиттердің ұзақ уақыт рәсімделуіне соқтырады. Сосын логистикалық шығындар деген түсінік бар. Қазақстандағы логистикалық шығындар біздің ІЖӨ-нің 20%-не дейін жетеді. Ал әлемде дамыған елдерде бұл 7-8%-тен аспайды. Яғни ол қойма, сақтандыру, өңдеу қызметтерінің қымбаттылығы. Бұл экспорттың, шығаты өнім бағасының қымбаттауына, яғни бәсекелестік қабілеттің төмендеуіне соқтырады. 

Сарапшы кедендік кедергілерді де жіпке тізді. Құжат рәсімдеу кезек күттіреді. «Кей жерде тіпті қолмен толтыру әлі қалмаған», – дейді. Маман тапшы, материалдық-техникалық база жетіспейді. Контейнерлердің 60%-і импортталады. Локоматив паркінің жартысы ескірген. Елеулі мәселеден есе кетіп жатыр. Жалпы жол – күретамыр. Экономикаға қуат дарыту үшін соның бойын дамыту керек.

Бекнұр Қисықов, экономист:

- АҚШ-тың National Way деген 60-шы жылы шыққан үлкен жобасы. Соның арқасында бүкіл Америкаға бірыңғай жол салынды. Соның бойында мотел, кафелер салынды. Кәсіпкерлік көтерілді. Соның бәрі экономикаға жақсы әсерін берді. Енді брендтердің дамуы жолдардың арқасында деуге болады. Мен де, экономистер де соны көріп тұр. Қазақстан сол жолдың арқасында даму керек.

Қорыта айтқанда, елдің стратегиялық орналасуын оңтайлы бағытқа бұрса, олжа көп. Дипломатия мен халықаралық серіктестік бұған септесе алады.

Авторы: Нысаналы Ығыл

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары