Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Инвестиция тартудың жаңа тетігі іске қосылады

Инвестиция тартудың жаңа тетігі іске қосылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жаңа құжаттың негізгі бағыттары туралы Премьер-ми­нистр­дің орынбасары – ұлттық эко­номика министрі Серік Жұманғарин баяндады.

Бағдарламаның басымдығы – экономиканың сапалы және орнықты өсуін қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету есебінен халықтың нақты табысын арттыру. Ол үшін бағдарламада экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының шаралары мен құралдарының жиынтығы қарастырылған. 

Биыл экономиканың сапалы өсуі жалғасуда. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,4%-ды құрады. Нақты сектордағы өсім 8,2%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті. Салалар арасында көлік қызметтері, құрылыс (15,1%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,6%-ға) ең жоғары өсімді көрсетеді. Сауда – 9%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда өңдірістің 11,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда – 13,3%-ға, тамақ өнімдерінде – 9,1%-ға, сусындарда – 8,7%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,9%-ға, мұнай өңдеуде – 6,3%-ға, металл бұйымдарында 14,1%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

2026-2028 жылдары экономика жылына орта есеппен 5%-дан төмен емес деңгейде өсетін болады.

«Үкімет тек жалпы ішкі өнім құрылымы салаларындағы өсуді ғана мақсат етпейді. Өсуді қамтамасыз етуде адами капитал, негізгі капитал, табиғи ресурстар, еңбек өнімділігі және технологиялар сияқты маңызды факторлардың үлесі ескерілетін болады. Осыған байланысты әлеуетті жалпы ішкі өнім бойынша экономикалық өсудің декомпозициялануы өзекті болып отыр», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

«Инвестицияларға тапсырыс» қағидатына негізделген жаңа тәсіл енгізілуде. Құны 29,5 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобалар үшін басым салаларда 25 жыл ішінде заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісімдер жасалады.

Экономикалық өсудің проактивті саясатын жүзеге асыру үшін «Бәйтерек» холдингінің рөлі күшейтілетін болады. Холдинг ұлттық экономика үшін барынша мультипликативтік әсерді қамтамасыз ететін 15-20 жүйе құраушы жобаны жүзеге асыруға шоғырланады. 2026 жылға арналған портфельде басымдықтар келесідей бөлінеді: 42% химия және мұнай-газ химия өнеркәсібін, 19,6% – көлік және логистиканы, 12,1% – энергетиканы, 7,1% – тау-металлургиялық кешенді, 6,4% агроөнеркәсіптік кешенді және тамақ өнеркәсібін қаржыландыруға тиесілі.

Ол үшін Үкімет республикалық бюджет параметрлеріне сәйкес 2026 жылы «Бәйтерек» холдингіне 1 трлн теңгеге дейінгі бюджет қаражатын бөлуді жалғастырады.

Бюджет тапшылығын 2028 жылы жалпы ішкі өнімге 0,9%-ға дейін, ал мұнайға қатысты емес тапшылықты жалпы ішкі өнімге 2,7%-ға дейін қысқарту жоспарлануда.

Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге 26%-дан аспайтын тұрақты деңгейде сақталатын болады.

Инфляцияға қарсы шаралар шеңберінде электрондық сауданы реттеуге ерекше назар аударылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында маркетплейстерде – бөліп төлеген және бөліп төлемеген кезде қосарланған (сараланған) бағалар практикасы енгізіледі.

Серік Жұманғарин тарифтік саясат бойынша да ақпарат берді. Вице-премьер 2026 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар топтары үшін коммуналдық тарифтердің өсуі тоқтатылғанын атап өтті.

Тарифтерді көтеруге мораторий қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындауына кешенді тексеру жүргізіледі.

2026-2028 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша 30 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Үкімет квазимемлекеттік секторды оңтайлан­дыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. 2026 жылдың соңына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий қолданылады. Одан әрі оңтайландыруға ұсынылатын мемлекеттік объектілердің жаңа тізбесі қалыптастырылды. Оған баланстық құны 2 трлн теңгеден асатын 500-ге жуық компания кірді.

Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы мен Qazaq Green Power PLC акцияларын IPO/SPO-ға шығару жоспарлануда.

Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейтуге баса назар аударылады.

«2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады», – деді вице-премьер.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 04:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары