Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Құрылтай бастамалары қандай өзгеріс әкеледі?

Құрылтай бастамалары қандай өзгеріс әкеледі?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақ тарихындағы Құрылтай жиындары қашанда ел ішіндегі айрықша бетбұрыс пен өзгеріске әкелген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайта жаңғырған Ұлттық құрылтай отырыстары да сол дәстүрдің заңды жалғасы ретінде түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға түрткі болып келеді. Осы орайда біз бірқатар құрылтай мүшесіне «Бұл басқосу ел өміріне қандай өзгеріс әкеледі?» деген сұрақ қойып, пікірін білген едік.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Аманжол ӘЛТАЙ,

Мәжіліс депутаты:

– Құрылтайдың салмағы сөздің көп­тігімен емес, іске асырылған  нәти­желермен өлше­неді. Осы тұрғы­дан алғанда, бұған дейін­­гі отырыстар­да айтылған ұсы­ныстар негізінде 26 заң қабылданғаны баршаға мәлім. Бұл – қоғамдық талқылаудың құқықтық шешімге айнала алатынын, елдік мәселелердің қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты нормаларға айналуға қабілетті екенін көрсететін белгі.

Президент Қызылордаға келіп тұрып, Арал про­б­лемасын айтпай ке­туге болмайтынын тіл­ге тиек етіп, су ресурс­тары мәселесі күн тәр­ті­бінде страте­гиялық деңгейге көтерілгенін еске салды. Солтүстік Аралды сақтап қалу тәжі­рибесін жалғастырып, Көкарал бөгетінің дең­гейін арттыру жобасын биыл бастау көзде­летіні айтылды. Су проблемасы шекарамен шек­тел­мейтінін қаперге алған Мемлекет басшысы су дипломатиясының маңызын атап өтті, ал өңір­лік уағдаласу Каспий, Балқаш, Ертіс сияқ­ты жүйелердің болашағына да тікелей әсер ете­­ті­нін қадап айтты. Сәуір айында Астанада өте­­тін халықаралық экологиялық саммит осы бағыт­тағы алдағы қадамдарды нақтылайтын алаң болмақ.

 

Райымбек БАТАЛОВ,

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

– Президент Абайдың «Толық адам» идея­сымен тығыз астасып жатқан «Адал азамат» тұжырымдамасына айрықша мән берді. Бұл – жай ғана абстрактілі пәлсапа емес, адал еңбекті, заңға құрмет пен жауапкершілікті қоғам үшін дамудың басты тетігі ретінде қарастыратын құн­ды іргетас. Бизнес үшін бұл адалдық­ты, ашықтық пен жауапкершілікті бәсекелі артықшылық ретінде ұсынатын кәсіпкерліктің жаңа мәдениетіне өтуді білдіреді. Тұрақты экономика мен мемлекет, бизнес, қоғам арасындағы сенімнің негізінде осындай қағидаттар жатыр.

Осы орайда Президенттің бұған дейінгі Құрылтай отырыстарында берген тапсырмаларына сай «Атамекен» ҰКП «адал экономиканы» қалыптастырудың жүйелі жұмыстарын қолға алды. Бұл жерде кәсіпкердің адал ниеті – оның басты артықшылығы, ал салық реформасы ашықтық, тең мүмкіндіктер беру мен жосықсыз тәжірибелерден бас тарту қағидаттарымен қатар жүреді.

Президент кәсіпкерлер мен азаматтардың диалогі мен пікірін есепке алатын «жанжалсыз фискалдық транзит» пәлсапасын алға тартқаны белгілі. Бұл тұрғыда «Атамекен» ҰКП кодексті дайындауға белсенді түрде қатысты әрі қазір де туындаған мәселе­л­ерді мемлекеттік органдармен бірге тал­қылап келеді. Соның арқасында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделін енгізіп, есептілікті қысқартуға қол жеткізілді. Біз үшін салық саясаты бизнестің дамуына түрткі болумен қатар, ағымдағы экономикалық жағ­дайға сәйкес болғаны маңызды. Сондықтан мүдделер теңдігі мен фискалдық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлермен жұмысты жалғастыра береміз.

 

Нұрлыбек ӘЛМАҒАМБЕТОВ,

Қостанай облысы Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы:

– Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайда халық қамы, мемлекет мүддесі тұрғысында көптеген келелі мәселе көтерілді. Жылдар өткен сайын тәуел­сіздігіміздің тұғырлы болып, ел эконо­ми­ка­сының дамып жатқанын көріп отыр­мыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсарға­нын, шетелдерге барып жүргенімізде салыс­­тыра отырып бағалайсың. Бұның бәрі – мемлекет­тік саясаттың дұрыс жолға қойылып отырғанының дәлелі.

Қызылорда құрылтайында Президент: «Кез келген жағдайда патриотизмді нығайтуға тырысу қажет және мемлекеттік символиканы – туы­мызды, елтаңбамызды, көліктерде, үйлерде, көшелерде және елімізде немесе шетелде өтетін спорттық және басқа да іс-шараларда дұрыс пайдалану маңызды», деді. Президентіміздің бұл сөзі әрбір азаматтың ойында болып, көк туымыздың ашық аспанда мәңгі желбіреп тұруы үшін әрқайсымыз тәуелсіз еліміздің лайықты азаматы бола білейік, адал еңбек етейік дегім келеді.

Дайындаған –

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары