Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Зейнетақы, жәрдемақы, айыппұл : 2026 жыл ел тұрғындарына қандай өзгеріс әкеледі?

Зейнетақы, жәрдемақы, айыппұл : 2026 жыл ел тұрғындарына қандай өзгеріс әкеледі?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңа 2026 жыл айтарлықтай өзгеріс әкеледі. Ендеше, нендей жайттарға дайындалу керек? Осы жылы ел тұрғындарын түрлі салада бірқатар өзгерістер күтіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: naryk.kz

Есептік көрсеткіштер

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін көтерілді.

Сонымен қатар елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі де өсті. 2026 жылы ол 50 851 теңге болмақ.

Дегенмен ең төменгі жалақы сол қалпы қалды, оның мөлшері үшінші жыл қатарынан 85 000 теңге көлемінде болып келеді.

Зейнетақы

2026 жылы Қазақстандағы ең төменгі базалық зейнетақы 35 596 теңге, ал ынтымақтық зейнетақы 69 049 теңгені құрайды.

Базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері 60 004,18 теңге, бұл 34 жыл не одан да көп жұмыс өтілі бар жандарға арналған.

Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?

Жәрдемақыға қатысты не өзгереді

Алғашқы үш баланың тууына байланысты берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін артады. Төртінші және одан кейінгі балалардың тууына байланысты жәрдемақы 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін артады. Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы төрт балаға 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін және он балаға 157 000 теңгеден 173 000 теңгеге дейін артады.

Жалпы ауруына байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы келесідей артады:

1 топ - 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін;

2 топ - 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін;

3 топ - 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін.

Биыл 370 мыңға жуық адам жәрдемақымен қамтылған

Әлеуметтік төлемдер

Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер де 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 пайызға артады.

Бірақ әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері жоқ, себебі олар әр адамға жеке есептеледі.

2026 жылы 1 АЕК қанша теңге болады?

Балаларға берілетін жәрдемақы

Елімізде бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайынғы мемлекеттік бала күтіміне арналған жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мүшесі емес, яғни ресми түрде жұмыс істемейтін немесе декреттік демалыста болмаған қазақстандық әйелдерге беріледі.

Жәрдемақы мөлшері баланың реттік санына байланысты: Бірінші балаға айына 5,76 АЕК (2026 жылы 24 912 теңге); екінші балаға - 6,81 АЕК (29 453,25 теңге); үшінші балаға - 7,85 АЕК (33 951,25 теңге), төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,9 АЕК (38 492,5 теңге) тағайындалады.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын, жұмыс істейтін әйелдерге жәрдемақының орнына бала күтімі үшін әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Жаңа айыппұлдар

Биыл бірқатар жаңа айыппұл енгізіледі. Мысалы жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерін пайдалануға байланысты бұзушылықтар үшін айыппұлдар енгізілді, соның ішінде ЖИ жүйесінің иелері мен пайдаланушыларына жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұлдар салынады.

Ал 2026 жылдың 18 қаңтарынан бастап темекі өнімдері мен энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынады, ал бұзушылықтар үшін жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер айыппұл төлейді.

Күдікті аударымдар

Қазақстанда азаматтардың мобильді ақша аударымдарын кезең-кезеңімен тексеру басталды. Тексеруге тек кәсіпкерлік қызметтен түскен табысы көрсетілген транзакциялар ғана ілігеді.

Биыл төмендегі шарттардың біріне сәйкес келсеңіз, тексерістен өтуіңіз мүмкін: Жеке тұлғаның үш күнтізбелік айдың әрқайсысында банктегі жеке шотына кәсіпкерлік қызметке арналмаған 100 немесе одан да көп әр түрлі жеке тұлғадан ақша алуы. Көрсетілген кезеңдегі жалпы сома республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асады.

Күмәнді аударымды анықтау тетігі күшейді

Құжат алуға қандай баж төлейміз

1 қаңтарда Қазақстандағы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 10 пайызға өскендіктен, құжаттарды өңдеу шығындары да көтеріледі. Сондықтан стандартты 36 беттік отандық төлқұжат 34 600 теңге тұрады, ал 48 беттік төлқұжат 51 900 теңге тұрады.

Бүгіннен бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлігін алғашқы берілген кезде тегін ала алады.

Ал жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінің әрқайсысының бағасы 5 406,25 теңге. Бұл 2026 жылы жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігінің бағасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары болатынын білдіреді.

Көлікке стандартты мемлекеттік тіркеу нөмірін беру биыл 2,8 АЕК немесе 12 110 теңге тұрады.

Жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай алады

Зейнетке шығу мәселесі

2001 жылдың 1 шілдесінен бастап ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады. Содан бері олардың зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалды. Алайда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2023 жылдан бастап 61 жас болып белгіленді. Ол алдағы 2 жыл бойы солай болып қала береді.

Салық кодексі

Биылғы жылдың ең көп талқыланған жаңалығы, бүгін күшіне енген қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз мөлшерінде белгіленуі. 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге 5 пайыз, ал 2027 жылдан бастап 10 пайыз төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленді.

Енді салықтар саны азайтылды: бірыңғай жер салығы алып тасталды, сондай-ақ кейбір салықтар бойынша мөлшерлемелер мен алымдар саны азайтылды. Арнайы салық режимдері де жетілдірілді, енді олардың саны үшеу: жеңілдетілген салық декларациясы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін және шаруа қожалықтары үшін.

Жеке кәсіпкерлер мобильді қосымша арқылы төлемдерді есептеп, төлей алады.

Салық реформасы: жаңа жылдан бастап өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Президент • Бүгін, 00:03

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен

Ауа райы • Кеше

Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды

Әлем • Кеше

Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті

Денсаулық • Кеше

ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады

Қоғам • Кеше

1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады

Қоғам • Кеше

ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін

Спорт • Кеше

Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті

Қаржы • Кеше

Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

Қоғам • Кеше

Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады

Ауа райы • Кеше

Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы • Кеше

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • Кеше

Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді

Заң мен Тәртіп • Кеше

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қаңтар 2026 14:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары