Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Құрылтай бірінші кезекте қандай мәселелерді көтеруі керек?

Құрылтай бірінші кезекте қандай мәселелерді көтеруі керек?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: buqara.kz

Парламент Сенатының II, III және IV шақырылымдарының депутаты, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Бақберген Досманбетов Құрылтайда көтерілетін мәселелер елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Профессор өз сөзінде құқық үстемдігі әділетті қоғам мен тұрақты мемлекеттің негізгі тірегі екенін де еске салды. 

«Заңның үстемдігі толық қамтамасыз етілген жағдайда ғана азаматтардың құқықтары қорғалып, қоғамның мемлекетке деген сенімі артады. Сондықтан құқықтық мәдениетті нығайту мен заңның бұлжымай орындалуын қамтамасыз ету – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі», деді Бақберген Досманбетов.

Профессор сондай-ақ еліміздің бәсекеге қабілеттілігі жастардың әлеуетін толық ашуға, ғылым мен инновацияны дамытуға, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Экономиканың тұрақты өсімі табиғи ресурстарды, әсіресе су қорын ғылыми негізде әрі тиімді басқаруды талап етеді. Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамудың маңызды алғышарты. Рухани тұрғыдан алғанда, ұлттық құндылықтарды сақтау, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қолданыс аясын кеңейту, тарихи-мәдени мұраны қорғау және қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту – мемлекеттілігімізді бекемдейтін стратегиялық бағыттар. Осы құндылықтардың барлығы өзара сабақтасып, Қазақстанның өркендеуіне қызмет етуге тиіс», деді академик.

Әділ сайлаудың бес тірегі: заң, бақылау, ашықтық, технология және қоғам

Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) жанындағы Отбасы және гендерлік саясатты зерттеу орталығының директоры Эльмира Отар Құрылтайдың күн тәртібі ең алдымен халықтың күнделікті өмірінен басталуы керек деп санайды. Ол кез келген реформаның шынайы нәтижесі оның қарапайым отбасының тұрмысына, қауіпсіздігіне және ертеңгі күнге деген сеніміне қалай әсер еткенімен өлшенетінін айтты.

«Бүгінде кезек күттірмейтін мәселенің бірі – отбасылардың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы. Қымбатшылық, тұрғын үйдің қолжетімсіздігі, тұрақты жұмыстың тапшылығы, балабақша мен медициналық қызмет сапасының әркелкілігі жеке адамның ғана мәселесі емес. Мұның бәрі жастардың отбасын құруына, ата-аналардың бала тәрбиесіне уақыт бөлуіне, отбасылардың болашағын жоспарлауына тікелей ықпал етеді. Сондықтан депутаттар халықтың табысын арттыру, баспана, жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерін өзара байланысты қарастыруы қажет», деді Эльмира Отар.

Ол елімізде отбасы саясаты да жекелеген жәрдемақылармен шектелмеуі керек екенін айтты.

«Ол адамның бүкіл өмірлік кезеңін қамтитын жүйеге айналуы керек: жас отбасын қолдау, еңбек пен отбасылық міндеттерді үйлестіру, сапалы бала күтімі, саналы ата-ана мәдениеті, әкенің бала тәрбиесіне белсенді қатысуы, ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларды ұзақ мерзімді сүйемелдеу, дағдарысқа ұшыраған отбасыға дер кезінде көмек көрсету және қарттардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау», деді орталық директоры.

Эльмира Отардың пікірінше, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі де кейінге қалдыруға болмайтын мәселе.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарымен күресу аздық етеді, оның алдын алу тетіктерін күшейту қажет. Сонымен қатар әйелдердің, әсіресе ауыл әйелдерінің, тұрақты жұмысқа, кәсіпкерлікке, медициналық қызметке және шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту маңызды. Депутаттар республикалық орташа көрсеткіштермен шектелмей, әр өңірдің нақты жағдайын білуі керек. Ауыл мен қала арасындағы білім, медицина, көлік және цифрлық инфрақұрылым теңсіздігі ішкі көші-қонды күшейтіп, отбасылардың бөлініп өмір сүруіне әкеледі. Халықтың жеке өтініштерінен осындай жүйелі мәселелерді көре білу – депутаттың басты жауапкершілігі», деді ол.

Спикер заң қабылдаудың өзі түпкі нәтиже емес екенін атап өтті.

«Әрбір әлеуметтік заң жобасының отбасыға, балаларға, әйелдер мен ерлерге, қарттар мен осал топтарға ықпалы алдын ала бағалануы, оның бюджеті, орындаушысы және өлшенетін нәтижесі айқындалуға тиіс. Құрылтай халықтың мұңын тыңдайтын ғана емес, оны нақты заңға, қаржыға және жауапкершілікке айналдыратын орган болуы керек. Себебі отбасының ертеңге деген сенімі – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен демографиялық болашағының негізі», деді Эльмира Отар.

Құрылтай сайлауы – жаңа саяси мәдениеттің бастауы

Заңгер Нұрлан Жаңабаев Құрылтайдың басты мақсаты көп мәселе көтеруден гөрі, елге шын мәнінде қажет бастамаларды ұсынып, олардың орындалуына қол жеткізу екенін айтты. Маман алдағы сайланатын Құрылтай депутаттары бірінші кезекте көтеруге тиіс мәселелерді жіктеп айтып берді. 

«Біріншіден, экономиканы дамытуға басымдық берген жөн. Жаңа өндіріс орындары ашылып, шағын және орта бизнеске жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалса, жаңа жұмыс орындары көбейеді. Екіншіден, салық жүйесін қайта қарау қажет. Кәсіпкерлер өз кәсібін дамытуға уақыт және қаражат жұмсауы керек. Үшіншіден, білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына сай болуы керек. Жастар оқу бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс таба алатындай жағдай жасалуы қажет. Төртіншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзгерістер керек. Халық төлеген жарнаның нақты нәтижесін көріп, сапалы медициналық көмек алуға тиіс. Бесіншіден, су қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлетін уақыт келді. Су – болашақтың стратегиялық ресурсы, сондықтан оны тиімді пайдалану бәрімізге ортақ міндет. Алтыншыдан, цифрландырумен қатар жасанды интеллектіні пайдалану, азаматтардың жеке деректерін қорғау және киберқауіпсіздік мәселелері заңмен нақты реттелуі қажет. Жетіншіден, мұнай мен газды тек шикізат ретінде сатпай, оны еліміздің өзінде өңдеуге көбірек көңіл бөлген дұрыс. Бұл экономикаға да, жұмыспен қамтуға да оң әсерін береді. Сегізінші, еңбек заңнамасын қайта қарап, жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары тең қорғалуы керек. Еңбек даулары сотқа жетпей шешілетін тиімді механизмдер қажет. Тоғызыншы, адвокат ретінде айтарым – әділ соттың негізі тараптардың теңдігі. Сондықтан қорғаушының құқықтарын кеңейтіп, дәлелдеме жинау мүмкіндігін күшейту және адвокаттың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату қажет. Оныншы, интернет кеңістігінде де заң бәріне бірдей болуы керек. Онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы ашық әрі түсінікті ережелермен реттелсе, бұл сөз бостандығын да, қоғамның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді», деді Нұрлан Жаңабаев.

Халық кеңесінің заң шығарудағы рөлі қандай?

Құрылтайдың мақсаты – ел дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, нақты ұсыныстар әзірлеу. Сондықтан бұл алаңда көтерілетін мәселелер халықтың күнделікті тұрмысы мен елдің ұзақ мерзімді дамуына тікелей байланысты болуы керек.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 17:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары