Құрылтай компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еуропа Кеңесі бұл конвенцияны 2001 жылы бекіткен болатын. Бұл құжат ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күресуге бағытталған алғашқы халықаралық шарт болып саналады. 2023 жылы Қазақстанға осы конвенцияға қосылу туралы ұсыныс түскен болатын.
Конвенцияда халықаралық құқықтық көмек көрсету тетіктері қарастырылған. Олар:
экстрадициялау;
ақпарат алмасу;
бірлескен тергеу әрекеттерін жүргізу.
компьютерлік жүйелер мен желілер мен деректерді теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау;
осындай қылмыстық әрекеттерді анықтауға және тергеп-тексеруге жәрдемдесу;
компьютерлік қылмыстарды жасағаны үшін сот қудалауын мемлекетішілік деңгейде де және халықаралық деңгей де жүзеге асыру;
жедел және сенімді халықаралық ынтымақтастыққа қатысты уағдаластықтарды әзірлеу.
"Заң киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру, шет мемлекеттермен электрондық дәлелдемелермен және ақпараттармен жедел алмасу, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін құқықтық негіз құруға бағытталған", - дейді депутаттар.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 12:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















