Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Құрылтай Регламентінің жобасы 31 тарау мен 310 тармақтан тұрады

Құрылтай Регламентінің жобасы 31 тарау мен 310 тармақтан тұрады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламенті туралы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Снежанна Валерьевна Имашева баяндама жасады. Бұл туралы  Aikyn.kz ҚР Құрылтайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Құрылтай Регламентінің ұсынылып отырған жобасы – еліміздегі жоғары өкілді органның ішкі ұйымдастырылуын және қызмет тәртібін айқындайтын құжат.

Регламентте Құрылтай мен оның органдарының қызметін ұйымдастыру, отырыстарды, тыңдаулар мен Үкімет сағаттарын өткізу тәртібі, заң шығару процесінің қағидалары, депутаттық бірлестіктердің қызметі, сондай-ақ депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру тәртібі айқындалады. Жоба барлығы 31 тараудан және 310 тармақтан тұрады.

Бірінші. Құрылтай жұмысын ұйымдастыру

Құрылтай қызметінің негізгі нысаны – оның сессиялары. Кезекті сессия жылына бір рет – қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.

Кезекті сессиялар арасындағы кезеңде депутаттар заң шығару бастамасы құқығын іске асыру, заңдарға түзетулер әзірлеу, сайлаушылармен жұмыс істеу сияқты өкілеттіктерді жүзеге асырады. Өңірлерге шығу үшін депутаттарға күнтізбелік он күнге дейін уақыт беріледі. Мұндай шығулар әр сессияда кемінде екі рет жүзеге асырылуға тиіс.

Құрылтай отырыстары, әдетте, сәрсенбі және бейсенбі күндері, тыңдаулар – жұма күндері, Үкімет сағаттары – дүйсенбі күндері өткізіледі. Отырыс депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісі, яғни кемінде 97 депутат қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

Регламентте отырыстарды шақыру және өткізу, күн тәртібін қалыптастыру, депутаттарды тіркеу, жарыссөздер өткізу мен дауыс беру тәртібі толық түрде айқындалады.

Негізгі қағидат – Құрылтай жұмысының ашықтығы. Отырыстар ашық өткізіледі және олардың трансляциясы көзделеді. Сонымен қатар кейбір көзделген жағдайларда қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қорғау талаптары сақтала отырып жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.

Екінші. Заң шығару процесі

Бұл – Регламенттің ең ауқымды әрі мазмұнды бөліктерінің бірі. Жобада заң жобасының Құрылтайға енгізілген кезінен бастап заң қабылданғанға дейінгі бүкіл өту жолы толығымен реттеледі. Заң шығару бастамасы құқығы тек қана Құрылтайда іске асырылады.

Заң жобасы тіркелгеннен кейін Бюро оны бас комитетке жібереді. Бас комитет жұмыс тобын құрып, заң жобасының одан әрі пысықталуын ұйымдастырады.

Заң жобасы үш оқылымда қаралады. Халықаралық шартты ратификациялау немесе денонсациялау туралы заңдар бұған жатпайды. Мұндай жобалар екі оқылымда қаралады.

Бірінші оқылымда заң жобасының мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері, сондай-ақ оны қабылдаудың ықтимал әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдары талқыланады. Бірінші оқылымнан кейін түзетулер егжей-тегжейлі пысықталады. Оларды жұмыс тобы мен бас комитет жинақтап, салыстырма кестеге енгізеді. Екінші оқылымда жұмыс тобына немесе бас комитетке енгізілген заң жобасына түзетулер қаралады. Үшінші оқылым Құрылтайдағы заң шығару рәсімін аяқтайды.

Бұл кезеңде заң жобасын Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де заңнамасына, заң техникасы қағидаларына сәйкес келтіруге, ішкі қайшылықтар мен редакциялық сипаттағы ескертулерді жоюға бағытталған түзетулер ғана қаралады.

Екінші оқылымда мақұлданған жобаның құқықтық мазмұнын өзгертетін түзетулер қаралмайды.

Түзетулермен жұмыс істеу тәртібі де жеке реттелген. Жобада депутаттардың, комитеттердің және фракциялардың түзетулер енгізу тәртібі, салыстырма кестелерді дайындау, түзетулерді жұмыс тобы мен бас комитетте қарау рәсімдері белгіленген. Сонымен қатар Құрылтайда қаралып жатқан заң жобаларына Үкіметтің ұсыныстарын қараудың арнайы тәртібі көзделген. Комитет ұсыныстарды қарап, оның қорытындысы бойынша оларды салыстырма кестеге енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдауға тиіс. Бұл, бір жағынан, жедел заңнамалық ден қою мүмкіндігін сақтап қалу, ал екінші жағынан – заңнамалық бастаманың белгіленген рәсімін алмастыруға жол бермеу үшін өте маңызды. Заң жобасын заңнамалық бастама субъектісі оны қараудың кез келген кезеңінде қайтарып ала алады. Регламентте заңнамалық сипатта болмайтын актілерді қабылдау тәртібі де реттелген. Оларға өтініштер, декларациялар мен мәлімдемелер жатады. Сонымен бірге Регламент Құрылтайдың Конституцияда көзделген лауазымды адамдарды тағайындауға Президентке келісім беру, Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және қызметтен босату, сондай-ақ Конституциялық Сот пен Жоғарғы Сот судьяларын қол сұғылмаушылықтан айыру жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Тиісті ұсынымдар мен кандидатураларды енгізу және қарау, оларды талқылау, дауыс беру және Құрылтай шешімдерін қабылдау рәсімдері белгіленеді.

Үшінші. Құрылтайдың комитеттері, комиссиялары және Бюросы

Құрылтайдың жұмыс органдары – тұрақты комитеттер мен комиссиялар.

Комитеттер заң жобалау жұмысын жүргізу және Құрылтайдың қарауына жататын мәселелерді әзірлеу үшін құрылады. Құрылтайдың үйлестіруші органы – Бюро. Оны Құрылтай Төрағасы басқарады.

Бюро құрамына Төрағаның орынбасарлары, тұрақты комитеттердің төрағалары және саяси партиялар фракцияларының жетекшілері кіреді.

Бюро, ең алдымен, ұйымдастырушылық мәселелерді шешеді: заң жобалары бойынша бас комитеттерді айқындайды, күн тәртібінің жобаларын қалыптастырады, жұмыс органдарының қызметін үйлестіреді, тыңдаулар мен Үкімет сағаттарын өткізу туралы шешімдер қабылдайды. Яғни Бюро Құрылтай жұмысының барлық бағыттарының ұйымдық тұрғыдан өзара үйлесімділігін қамтамасыз етуге тиіс.

Төртінші. Парламенттік бақылау нысандары

Регламенттің маңызды бөлігі Құрылтайдың Конституциялық Сотпен, Үкіметпен және Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимылына арналған. Оның ішінде Конституцияда және заңдарда көзделген мәселелерді қарау рәсімдері белгіленеді. Құрылтайдың құзыретіне жататын аса маңызды мәселелер бойынша тыңдау өткізу көзделген. Парламенттік бақылаудың аса маңызды тетіктерінің бірі – Үкімет сағаты.

Оның аясында депутаттар Үкімет өкілінің баяндамасын тыңдайды, одан кейін бас комитеттің қосымша баяндамасы жасалады, депутаттар сұрақ қойып, талқылау жүреді. Нәтижесінде тиісті ұсынымдар қабылданады.

Депутаттық сауал институты регламенттелген. Депутат Премьер-Министрге, Үкімет мүшелеріне, бірқатар басқа мемлекеттік органдардың басшыларына және өңір әкімдеріне сауал жолдауға құқылы.

Депутаттық сауалға жауап бір айдан аспайтын мерзімде берілуге тиіс. Депутат талабымен жауап Құрылтай отырысында тікелей жарияланып, қосымша сұрақтар қоюға және талқылау жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Осылайша, Регламент парламенттік диалог пен бақылаудың бірнеше түрін көздейді: депутаттық сауал, депутаттық сұрақ, Үкімет сағаты, тыңдаулар, сондай-ақ Үкіметпен өзара іс-қимылдың арнайы рәсімдері (ПМ баяндамасы, Үкімет мүшесінің есебі).

Бесінші. Парламенттік оппозицияның кепілдіктері

Бұл да жаңа Регламенттің маңызды бөліктерінің бірі. Регламентте Құрылтайдағы көпшілік пен оппозицияның мәртебесі белгіленеді. Депутаттық мандаттың ең көп санына ие болған саяси партия көпшілік деп танылады. Құрылтайда өкілдік ететін және көпшілік құрамына кірмейтін саяси партиялар парламенттік оппозиция құра алады. Регламент бұл мәртебені декларативті түрде бекітумен ғана шектелмейді, нақты рәсімдік кепілдіктерді де көздейді. Оппозиция сессия барысында кемінде бір рет тыңдау өткізуге бастама жасауға құқылы. Сонымен қатар сессия барысында кемінде екі рет Үкімет сағатының күн тәртібін айқындауға құқылы. Тұрақты комитеттер басшылығында оппозиция өкілдерінің болуы да қарастырылған. Бұл балама ұстаным білдіру үшін ғана емес, оны парламенттік күн тәртібіне нақты енгізу үшін институционалдық мүмкіндік береді.

Алтыншы. Депутаттың мәртебесі және депутаттық бірлестіктер

Депутаттардың құқықтық мәртебесіне жеке бөлім арналған. Регламентте ант беру, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру, сайлаушылармен жұмыс жүргізу, отырыстар мен жұмыс органдарының қызметіне қатысу тәртібі белгіленеді. Депутаттық бірлестіктердің екі негізгі түрі көзделген: саяси партиялардың фракциялары және депутаттық топтар. Фракция тиісті саяси партия атынан өкілдік етеді. Депутаттық топ депутаттардың өз өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыруы үшін құрылуы мүмкін. Оны құру үшін кемінде он бес депутат қажет.

Депутаттардың құқықтарымен бірге олардың жауапкершілігі де бекітіледі. Регламентте отырысқа дәлелді себепсіз жүйелі түрде қатыспау, өз дауысын басқа депутатқа беру, сондай-ақ депутаттық әдеп қағидаларын бұзу жағдайларында қолданылатын шаралар көзделген. Осылайша, депутаттық мандат тек құқықтар жиынтығы ретінде ғана емес, сондай-ақ Құрылтай қызметіне жеке әрі адал қатысу міндеті ретінде қаралады.

Жетінші. Құрылтайдың ашықтығы және ұйымдық дербестігі

Регламент жобасында Құрылтай отырыстарын, тыңдаулар мен Үкімет сағаттарын стенографияға түсіру және бейнежазбаға түсіру, тиісті материалдарды Құрылтайдың интернет-ресурсында орналастыру көзделеді. Құрылтайдың халықаралық ынтымақтастығы, парламенттік делегациялардың қызметі, шет мемлекеттердің парламенттерімен және халықаралық ұйымдармен өзара  іс-қимылы жеке реттеледі. Құрылтай қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық және ақпараттық-талдамалық жағынан қамтамасыз ету оның Аппаратына жүктеледі. Жалпы алғанда, Регламент жобасы Құрылтай қызметінің толыққанды рәсімдік негізін қалайды. Ол тек ішкі жұмыс тәртібін белгілеумен шектелмейді. Регламент, ең алдымен, заң жобаларын кәсіби, дәйекті әрі мазмұнды түрде қарауға қажетті жағдай жасайды. Дәл осы тәсіл Құрылтайға заң шығарушы билікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы ретінде өзінің конституциялық рөлін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 10:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see142

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see137

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see135

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see134

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see128

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see127

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see125

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see124

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see123

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see123

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see123

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see118

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see118

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see116

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see115

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see114

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары