Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қылшақты өзеніндегі ластанудың ықтимал себептері аталды

Қылшақты өзеніндегі ластанудың ықтимал себептері аталды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Министрліктің мәліметінше, Қылшақты өзеніндегі судың сапасына бақылауды «Қазгидромет» РМК ай сайын жүргізеді. Су сынамалары Көкшетау қаласындағы екі нүктеде – кірпіш зауыты мен «Аққу» балабақшасының маңында алынады.

Зерттеу кезінде 26 физика-химиялық көрсеткіш анықталады. Олардың қатарында қалқыма заттар (рН деңгейі), еріген оттегі, БОС5, ХОС, тұзды құрамдағы негізгі иондар, биогендік элементтер, мұнай өнімдері, фенолдар және ауыр металдар бар.

— 2019–2024 жылдар аралығында өзеннің беткі суларының сапасы Бірыңғай классификация бойынша «5-сыныптан жоғары» деңгейге жатты. Бұл — судың ең нашар сапасы. Мұндай көрсеткіштер ХОС, марганец, кальций, магний, хлорид және минералдану нормаларының асып кетуімен байланысты. Мониторинг нәтижелері ай сайын «Қазгидромет» сайтында жарияланып отырады, — деп мәлім етті министрлік.

Сонымен қатар, Ақмола облысының экология департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп өзен бойында тұрақты тексерулер жүргізеді.

— Биыл үш рет тексеру жүргізілді, өзенге ластаушы заттардың заңсыз төгілу фактілері анықталған жоқ. Ластанудың ықтимал себептері ретінде табиғи минералдану мен жеке тұрғын үйлерден шығатын тұрмыстық ағын сулар аталды, — делінген министрлік хабарламасында.

Фото: Оксана Матасова / Kazinform

Ведомство өкілдерінің айтуынша, өзенді тереңдету және арнасын тазарту жұмыстары Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде.

Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Сергей Савельевтің айтуынша, 2021 жылы Көкшетауда өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қылшақты өзенін Қопа көлінен Ғабдуллин көшесіне дейін тазарту және абаттандыру жобасы іске асырылған.

Ұзындығы 881 метр болатын бұл учаскедегі жұмыстардың құны 876,7 млн теңге болды. Жоба мердігері – астаналық «ДАН Хаус Декор» ЖШС. Жоба аясында вело және жаяу жолдар, демалыс алаңдары, жарық шамдар, орындықтар орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Мечта» сауда үйі маңында амфитеатр мен «Үйір жылқы» мүсіндік композициясы салынды. Нысан 2021 жылдың маусымында пайдалануға берілген.

2022 жылы жоба Көкшетау қалалық ТКШ бөлімі балансына өткізілді.

2024 жылы «Kazzinc» тау-металлургия компаниясы әлеуметтік жоба ретінде өзен арнасын тазарту жұмыстарына жеке инвестиция құйды. 403,2 млн теңге бөлініп, «Qazaq Union» компаниясы Ғабдуллин көшесіндегі көпірден өндірістік аймаққа дейінгі 4,3 км аумақты тазартты. Нәтижесінде өзеннен 120 мың текше метр лай шығарылған.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Қылшақты өзенінің «Аққу» балабақшасынан Ғабдуллин көшесіне дейінгі жағалауы ғана коммуналдық бөлімнің қарауында. Қазір №8 мектеп маңы мен Абай көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі жағалауды абаттандыру жобалары дайындалып жатыр. Бұл жобалар қаржы бөлінген жағдайда іске асырылады.

Бұған дейін Көкшетаудағы Қопа көлін 2028 жылға дейін тазарту жоспарланып отырғаны хабарланған. Алдын ала есеп бойынша, жобаның құны 23,7 млрд теңгені құрайды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 22:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары