Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Қырғызстан дүркіретіп той жасады: президенттер, түндік және Pussycat Dolls

Қырғызстан дүркіретіп той жасады: президенттер, түндік және Pussycat Dolls

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қырғызстан дүркіретіп мереке ұйымдастырды. 31 тамызда ел тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтті.

Тойға Қасым-Жомарт Тоқаев және басқа да жиырма шақты көшбасшы шақырылып, жаңа Конгресс-холл мен 51 мың адамға арналған киіз үй пішіндес стадион салынды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Бішкек Аренаны" ең басты сыйлық деп атады. Tengrinews.kz тілшісі бұл сыйлық президенттер алдында қалай таныстырылғанын көріп қайтты.

"Бішкек Арена". Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Бішкекке ұшып келген сәттен-ақ үлкен іс-шараның лебі сезіледі. Айтпақшы, "Манас" әуежайы жаңартылыпты - енді ол толықтай шыныдан жасалған. Айналада музыка ойнап тұр. Шетелдіктер өте көп, олардың әрқайсынан қырғыздың калпағы, жилеті немесе сырғасы сияқты ұлттық нақыштағы бұйымдарды көруге болады.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Мерекеге дайындық ерте басталған. Бішкек тұрғындарынан мүмкіндігінше бұл күндері Ыстықкөлге бару немесе басқа жерлерде демалу сұралған. Көбісі солай жасаған да көрінеді: алғашқы күні қалада кептеліс байқалмады.

30 тамызда Бішкекке мемлекеттік сапармен Си Цзиньпин ұшып келді. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Бұл өтініштің милиция қызметкерлеріне қатысты жоқ: олар орталық көшелерде әр 10 метр сайын тұрды.

30 тамызда Бішкектегі Шыңғыс Айтматов даңғылы. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

31 тамыздағы негізгі шаралар "Бішкек Аренада" өтті - онда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуы өтті. Бұл ойындарға бастама болған да Қырғызстан: алғашқысы 2014 жылы Ыстықкөл жағасында өткен еді.

Стадионның іші Колизейге ұқсайды. Ортада зәулім түндік (шаңырақ) бой көтерген. Болашақта арена футболға арналмақ, бірақ әзірге мұнда құм түстес жасанды көгал төселген. Гладиаторлар көрінбеді.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Түндіктің астына Қытай, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Батыс Еуропа мен АҚШ-тан жүздеген журналист пен блогер жиналды. Бірі демалып үлгерсе, бірі жұмысқа кірісіп кеткен. Журналистерді ашылу салтанатына бес сағат қалғанда алып келді. Шара басталғанға дейін жұрттың назары фуршет пен бауырсаққа ауды.

Дастархан қырғызға тән жомарттықпен жайылған. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Кейбіреулер демалыс пен пайдалыны ұштастырып, Карл Юнгтің "Современный человек в поисках души" кітабын оқып отыр. Юнг қазіргі заман адамы өз мифтері мен символдарының мәнін түсінуден қалса да, оларға деген қажеттілік ешқайда жоғалмағанын жазған.

"Современный человек в поисках души" кітабы үстінде қуаттағышқа қосылған айфон жатыр. Кітап иесі бауырсақ іздеп кеткен болуы мүмкін. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Стадионда көпке таныс "Шоқ қыздар" әнінің әуені ойнай бастады. Тек сөзі қырғызша, ал атауы "Жаным ай" екен. Сөйтсек, бәрі керісінше болып шықты: бұл әнді екі мыңыншы жылдардың ортасында қырғыз композиторы Ильяс Абдыразақов жазған екен.

Еріктілер "Бішкек Аренада" көрермендердің көңіл-күйін көтеріп жүр. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент, премьер-министр және Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындап, кешке қарай көршілердің тойына ұшып келді. Әуежайдан оны бауырсақпен қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты "Манас" әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды. Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Ең алдымен Қырғызстан әнұраны шырқалды. Баспасөз орталығы қосыла шырқады. Президенттер "Көчмөндөр оюндары" деген жазудың астына жайғасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьері Моди мен Түркия президенті Ердоғанның ортасында отырды.

Қазақстан Президенті Бішкектегі Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында. Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев Қазақстан құрамасына қолдау көрсетті. Айтпақшы, біздің делегация - ең көп құрамның бірі.

Бішкектегі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы Қазақстан құрамасы. Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Командаларды барыс, жылқы, түйе және бүркіт голограммалары бастап жүрді. Қазақстанға марал бұйырды. Шыңғыс Айтматовтың "Ақ кемесіндегі" Мүйізді Бұғы-ана - қырғыздың бұғы руының шығу тарихымен байланысты екені белгілі.

Қазақстан құрамасын марал голограммасы бастап шықты. Салтанатты шараның трансляциясынан кадр

Құрамалар баспасөз орталығы арқылы өтіп жатты. Қазақстандық спортшылар өткенде еріктілер мен жергілікті журналистер "Қазақ бауырларымыз" және "Қазақстан" деп ұрандатып, біздің құрамаға қолдау көрсетті.

Қазақстан құрамасы баспасөз орталығында. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Жарысқа Аустралиядан Барбадосқа дейінгі 112 елден спортшылар келді.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Иран құрамасын сауыт киген жігіт бастап шықты. Гладиатор ақыры табылды.

Иран құрамасындағы ең ерекше спортшы. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Және ол жалғыз емес.

Моңғолия құрамасының мүшесі. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

АҚШ құрамасының сапында Ник, Афтонмен бірге Бақыт, Ұлгелсін есімді спортшылар да кездесті.

Көшпенділер ойындарындағы АҚШ құрамасы. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сөз алды.

Ол Көшпенділер ойындары - Еуразияны мекендеген көне ғұндар, қырғыздар, түркілер, түргештердің және басқа да халықтардың мұрасы екенін еске салды.

- Бүгінде бұл рухани және мәдени мұра Дүниежүзілік көшпенділер ойындары арқылы жаңа мазмұнмен жаңғырып жатыр.

Карл Юнг бұған дән риза болар еді.

Содан кейін аттар шоуы, отшашу болып, Pussycat Dolls тобының мүшесі Николь Шерзингер өнер көрсетті.

Қырғыз ағайындар ұзақ уақыт есте қалатындай мереке ұйымдастырды.

Тоқаев пен Путин Бішкекте кездесті. Сурет: Ақорда баспасөз қызметі

Рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен оңаша кездесу өткізді.

Ал 1 қыркүйекте таңертең президенттер жаңадан салынған "Ырыс Ордо" конгресс-холына барды. Жапаров бұл ғимаратты да мерекеге жасалған ең жақсы тарту деп атады. Ол жерде басқа шара басталды.

"Ырыс Ордо" конгресс-холы. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Авторы: Айсұлтан Құлшыманов

Аударған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 18:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see147

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see134

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see132

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see131

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see130

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see123

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see122

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see122

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see121

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see119

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see113

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see111

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see111

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see111

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see111

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see110

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see109

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see109

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see109

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары