Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Қытай елінің инвесторларымен 15 меморандумға қол қойылды Берік Уәли

Қытай елінің инвесторларымен 15 меморандумға қол қойылды Берік Уәли

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Семей қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағы кеңейтіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

– Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында «Үлкен Алтай» халықаралық субөңірлік конференциясы аясында Қытай елінің инвесторларымен 1 млрд 500 млн АҚШ долларына 15 меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар логистика, туризм, өңдеу өнеркәсібі және басқа да перспективалы салаларды қамтиды. Олардың ішінде, жалпы сомасы 39,5 млрд теңгені құрайтын қытайлық серіктестердің қатысуымен 3 жоба іске асырыла бастады. Сонымен қатар, өңірден шыққан елге танымал тұлғалардың, кәсіпкерлер мен меценаттардың қатысуымен өткен «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форумда 336 млрд теңгеге маңызды 15 келісімге қол қойылды, – деді Абай облысының әкімі. 

Берік Уәлидің айтуынша,  инвестиция тарту және өңірдің жаңа өнеркәсіптік базасын қалыптастыру аясында аумағы 96 гектарды құрайтын «Өндіріс» индустриялық аймағында 3 жаңа жобаға жер беріліп, толыққанды игерілген.

«Индустриялық аймақты 186 гектарға дейін кеңейтіп, шағын өнеркәсіп паркін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді өңір әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 12:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары