Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қытай Оңтүстік Қытай теңізінде үлкен жасанды арал жасады БАҚ

Қытай Оңтүстік Қытай теңізінде үлкен жасанды арал жасады БАҚ

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қытайлық құрылысшылар мен арнайы жер сорғыш кемелер Оңтүстік Қытай теңізінде жаңа жасанды арал жасаудың негізгі кезеңін аяқтады. Vantor компаниясының спутниктік суреттеріне жасалған талдау мен сарапшылардың бағалауынша, Қытай Парасель архипелагындағы бұрын таяз әрі су басып жатқан рифті небәрі 10 айдың ішінде ірі құрлық нысанына айналдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жасанды түрде кеңейтілген аумақ шамамен 600 гектарды алып жатыр. Бұл рифті Парасель аралдарындағы ғана емес, бүкіл Оңтүстік Қытай теңізіндегі Қытайдың ең ірі нысандарының біріне айналдыруы мүмкін.

Құрылыс ауқымы мен инфрақұрылымы

OSINT-зерттеушілер жер бедерінің өзгеруі мен жер сорғыш кемелердің жұмысын алғаш рет 2025 жылдың аяғында тіркеген. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде теңіз айдынының келбеті түбегейлі өзгерген.

Ұзындығы мен пішіні

Пайда болған құрлық жолағы шамамен 6 шақырымға созылған. Аралдың солтүстік-батыс бөлігінде ұзындығы 3 шақырымнан асатын түзу жағалау қалыптасқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл жер ауыр авиация мен стратегиялық бомбалаушы ұшақтарға арналған тұрақты ұшу-қону жолағын салуға қолайлы.

Терең су айлағы

PortNews мәліметінше, аралда ұзындығы 680 метрлік айлақ салынып қойған. Рифтің лагунасы Қытай жағалау күзетінің ірі кемелерін, жабдықтау кемелерін және теңіз жасақтарын қабылдап, оларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін терең су айлағына айналдырылған.

Алғашқы нысандар

Спутниктік суреттерден сұр шатырлы 50-ден аса ғимарат, тікұшақ алаңы, ірі әкімшілік немесе қойма нысанының іргетасы, сондай-ақ, жеке бетон зауыты мен жылжымалы электр станциялары байқалған.

Стратегиялық мәні және Тайвань факторы

Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) және Lowy зерттеу институтының сарапшылары Бейжің 2017 жылдан бері алғаш рет арал аумағын жасанды түрде ұлғайту жұмыстарын қайта жандандырғанын атап өтті.

PLATracker платформасының әскери сарапшылары Оңтүстік Қытай теңізінің солтүстік бөлігінде база орналастыру Тайвань төңірегіндегі жағдай шиеленісе қалған жағдайда айрықша маңызға ие болатынын айтады. Мұндай нысан Қытайға Баши бұғазына апаратын бағыттарды бақылауға, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық күрес және радиолокациялық бақылау жүйелерінің қамту ауқымын Вьетнам мен Филиппин бағытына қарай кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тараптардың ұстанымы

1974 жылдан бері Парасель аралдарына қатысты Қытаймен егемендік дауын жүргізіп келе жатқан Вьетнам билігі бұл құрылысты халықаралық құқықтағы қалыптасқан жағдайды тікелей бұзу деп санайды.

Ал Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары мен сарапшылары нысан азаматтық мақсатта салынып жатқанын айтады. Олардың айтуынша, ол гидрометеорологиялық бақылау жүргізуге, кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ашық теңізде іздестіру-құтқару жұмыстарын атқаруға арналған.

Еске салайық, маусымда Қытай Тайвань аралының шығысындағы суларда теңіз заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы операция бастаған еді. Ресми мәлімдемеде оның мақсаты Қытайдың теңіздегі әкімшілік құзыретін жүзеге асыру, маңызды акваторияларда патрульдеу мен кеме қозғалысын бақылау мүмкіндігін күшейту, теңіз қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұлттық құқықтар мен мүдделерді қорғау екені айтылған.

2025 жылдың аяғында Қытай Тайвань маңында ауқымды әскери жаттығу өткізді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Тамыз 2026 16:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары