Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

Қызылорда облысы биыл ЖІӨ көлемін арттыруды көздеп отыр

Қызылорда облысы биыл ЖІӨ көлемін арттыруды көздеп отыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Триллиондаған теңгенің инвестициялық жобалары мен мыңдаған жұмыс орыны.

Мемлекет басшысының Қызылорда облысына сапары жалғасып жатыр. Биыл сыр еліне 720 млрд теңгенің инвестициясы тартылса, оның 70 пайызы жеке инвестиция. Яғни іскерлік белсенділіктің артқанын аңғару қиын емес. Биылдың өзінде 27 жаңа жоба іске қосылады деп күтілуде. 

Берік Дүйсенбай, тілші:  

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыр еліне сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды. Әуежай ішкі және халықаралық әуе рейстерін атқарады. 

Президентке жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді. Былтыр қараша айында ашылған жаңа терминал жеке инвестордың қаражатына салынды. Жалпы құны 16,6 млрд тг. Ал нысанның инженердік-коммуникациялық инфрақұрылымына бюджет есебінен 4,3 млрд теңге бөлінген. Қорқыт ата атындағы жаңа әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды. Аптасына 29 рейс орындайтын әуе айлағы халықаралық әуе һәм көлік стандарттарына сай. 

Мұнан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда өңірінің әлеуметтік экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Президенттің 2029 жылға дейін 150 млрд доллар инвестиция тарту тапсырмасы бар. Бұл ретте Сыр елі қамшы салдырмай келеді. 

Инвестиция тарту қарқыны 233 пайызға артып, 1,6 трлн тг қаражат тартылса, 2028 жылдың соңына дейін жалпы құны 2 трлнға жететін 90 жоба сүйемелденуде. Олар 11 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын құруға жол ашады. Ал биылға келсек, 720 млрд теңгеден астам қаражат тарту көзделген, одан бөлек 27 жоба іске қосылуы тиіс. Олардың тоғызы халықтың игілігіне берілді. 

Шахмардан Байманов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

- Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау саласы, экологиялық саладағы жобаларды айтатын болсақ, ол бізде оңтүстік кореялық 38 млрд теңге тартатын, 3 кезеңді жаңа технологиялы, оны өртеп сұрыптап және соны жасалған бумен электр қуатын смарт ферма арқылы жылыжай жобасы да бар. Оны ары қарай сұрыпталған шыны қалдықтарын қолданатын бөтелке шығаратын жаңа неміс технологиясын тарта отырып біз 60 млрд теңгеге сондай жобаны іске асыруды бастадық. Аймақ басшысы сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен бірге өңірдің бас қаласы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берді.

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:

- Аудандарда, елді мекендерде абаттандыру жұмыстары, көгалдандыру, парктерді қайта жаңғырту жұмыстары қазір қарқынды жүруде. Алдағы уақытта да бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Бұл менің жеке бақылауымда болады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жалпы облыстың дамуы жақсы, жақсы қарқынмен дамып келе жатыр. Жалпы бәрі дұрыс сияқты. 

Мемлекет басшысы Көп функционалды Өнер орталығының жұмысымен танысты. Құрылысына 3.7 млрд теңге жұмсалып, былтыр наурыз айында ашылған орталық мың орынға арналған концерттік залы эстрада, симфония және ұлттық өнер бағытында жұмыс істейді.  

Мүсілім Әмзе, облыстық симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері: 

– Бізде мұндай 1000 орындық концерт залы болған емес. Қазір енді көріп отырсыздар, мына жарықтандыру болсын, дыбыс аппараттары болсын, сахнаның кеңдігі және акустикалық, бүкіл жағдайдың бәрі жасалды. 

Былтыр руханият жылының аясында Қызылорда өңіріндегі мәдениет саласының қызметкерлеріне 40 тан астам пәтерлер берілсе, оның 10-ы осы симфония оркестрінің музыканттарына бұйырған. Бұндай қамқорлық өз кезегінде жақсы тенденцияға жол ашып отыр. Алматының консерваториясын тәмамдаған Қызылордалық өнерпаздар сонда қалып қоймай өңірге оралуда.  

Мүсілім Әмзе, облыстық симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері: 

– Олардың бәрінің басын қосып бізде осындай үлкен көркем ұжымның болуы бұл бір жағынан заман талабы деп қарасақ та болады. Екінші жағынан біздің әлеуетіміз жетіп тұрса неге оны ашып көрсетпеске. Енді біз опереттаны ойнап көрсетіп жатырмыз. Алдағы уақытта, опера балет театры да ашылуы мүмкін. 

Айта кету керек, 2022 жылдан бері облыста 18 мәдениет нысаны жаңадан салынды. Барлық 7 ауданда «Руханият орталықтары», музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейімен қатар шалғай елдімекендерде мәдениет үйлері бой көтерді. 

Сапар аясында президент Қызылорда жұртшылығымен кездесіп, бұйымтайларын тыңдады.  

Абзал Ералиев, Қазақстанның Еңбек Ері:

- Биыл енді диқандардың жұмысында үлкен қиыншылықтар болды, бірақ дер кезінде өздеріңіз тарапынан қабылданған шешімнің арқасында ол егіс толығымен сумен қамтамасыз етілді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Су тапшылығына баса назар аударамыз. Келешекте де су мол болады дей алмаймыз. Оған дайын болуымыз керек. Су үнемдеудің жоғары технологиясын қолданғанымыз жөн. Мемлекет субсидия беріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығына 1 триллион берді. Бұл үлкен мүмкіндік. 

Жұртшылықпен жүздесуде мемлекет басшысы өңірде көп жұмыс атқарылатынын, алда әлі ауқымды міндеттер тұрғанын айтып, облыс басшысына риза екенін жеткізді. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Биыл мамыр айында пайдалануға берілген кешенде бассейн, спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, шығармашылық студиялар мен зертханалар бар. Әкімдіктің келтірген мәліметке сәйкес қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында 2022 жылдан бастап Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Шығармашылық мектептері бой көтерген. Былтыр облыс орталығында заманауи Оқушылар сарайы ашылса, кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығының құрылысы басталды. Оның сыртында Президент саябағында балалар сауықтыру лагері мен қысқы бақ салынып жатқаны баяндалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды. Нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешен осы айдың басында ғана іске қосылды. Жобаның жалпы құны – 5,6 миллиард теңге. Өндіріс толығымен автоматтандырылған. 

Ескендір Ержан, кәсіпорын құрылтайшысы:

 – Бұл жерде 120 адам жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік қолдау шаралары болды. 5 гектар жер берілді. 70 млн теңгеге инженерлік инфрақұрылымдар тартылып берілді. Банктен алынған 1 млр 200 млн теңгеге + субсидия жасалды. Өзіміздің өнімдерді шығаруға ұн өнімдері қажет. Ол жылына 9 мың тоннаны құрайды. Осы мақсатта біз екінші кезеңді қарастырып отырмыз. Оның жобалық құны 2 млрд 500 млн теңгені құрайды. Ол жерде тағы 50 адам жұмыспен қамтылатын болады. 

Берік Дүйсенбай, тілші:  

- Қызылорда халқы үшін Ақ түйенің қарны жарылды дей берсе болар сірә. Ұзақ жылдар бойы облыс орталығы тұрғындары ыстық судан қағылып келді. Президенттің тапсырмасы, 215 млрд теңгемен Түркиялық компанияның инвестициясы, енді ыстық су бар. 

Президент жаңадан бой көтерген Жылу электр орталығына барды. Жобаның жалпы құны  215 миллиард теңге. Түркиялық Aksa Energy компаниясының инвестициясы. Қазіргі кезде негізгі агрегаттар, атап айтқанда, әрқайсысының қуаты 176 мегаватт болатын екі газ турбинасы, қуаты 95 мегаватт бу турбинасы, өнімділігі сағатына 120 тоннаға жететін екі бу қазандығы, қуаттылығы сағатына 150 гигакалорияны құрайтын төрт су қыздыру қазандығы орнатылып, толық монтаждалған. 

Бақыт Жаханов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары: 

– Бұл 240 мгВт электр энергия жэне 270 ггКал жылу беретін болады. Бұл дегеніміз қаланың тек қана жылу мәселесін ғана емес, сонымен бірге ыстық су мәселесін толық шешеді. Себебі бұл жерде құрамында бізде жылу қазандықтары да бар және пара бу генераторлары бар. Яғни айтқан кезде облыстың толыққанды өзіміздің қажеттігімізді қамтамасыз етеді. Артынан енді басқа басқа облыстардың да қажеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Жалпы алғанда өңірдің әлеуметтік экономикалық даму қарқыны жоғары. Мәселен, сыр елі биыл жалпы өнім өндіру көлемін жыл аяғына дейін 3,7 трлн теңгеге дейін жеткізуді межелеп отыр. Ол 6 жарым пайыздық экономикалық өсімге жол ашады.  

Берік Дүйсенбай, Айдос Меделбеков, Досхан Қораз

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see149

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see117

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see115

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see110

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

29 Шілде 2026 19:32see109

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see108

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

29 Шілде 2026 20:13see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары