Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қызылордалық шебер темірден түйін түйеді

Қызылордалық шебер темірден түйін түйеді

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қызылордада табиғаты нәзік болса да, темірден түйін түйген шебер бар. 36 жастағы Ғазиза Рысқұлова – ең жоғары санатты газ-электр дәнекерлеушісі. Елдегі ірі құрылыс жобаларында қолтаңбасы қалған білікті маман бұл салада 20 жылдан бері тер төгіп келеді. Жас буынға өзінің білгенін үйретуден де жалықпайды.

Күннің ыстық-суығын елемей темір пісіру асқан төзімділікті қажет етеді. Жауапкершілік жүгі ауыр дәл осы жұмысты Ғазиза Рысқұлова ұршықша иіреді. Металды отпен түйістіре отырып, иненің көзіндей саңылау қалдырмай жалғайтын шеберлігінің арқасында еліміздегі бірқатар ірі құрылыс жобаларына атсалысқан.  

Ғазизаның анасы – құрылысшы, әкесі – суретші. Сондықтан дәнекерлеуді жай кәсіп емес, нағыз өнер деп қабылдайды.

Ғазиза Рысқұлова, газ-электр дәнекерлеуші:

- Ойланбастан 9-сыныптан кейін мектептен құжаттарымды алып, Қызылорда қаласында осы дәнекерлеуші мамандығына түсіп кеттім. Бұл дәнекерлеуші деген бойға сіңді. Бұл да бір өнердің түрі. Өйткені шіте сондай бір талант болмаса, бұл дәнекерлеу мамандығын меңгеру оңай деп ойламаймын негізі. 

Газизаны бұл мамандыққа баулыған Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Ниягүл Дәулетбаева. «Ол дәнекерлеуші мамандығын 36 жігітпен иық тіресіп жүріп, оқып шықты», - дейді ұстазы.

Ниягүл Дәулетбаева, Ғазизаның ұстазы:

- Мен оған: «Ғазиза, бұл мамандық қыздарға арналмаған. Бұның қиыншылығы өте көп, сондықтан мен сені оқытпаймын. Басқа, қыздар оқитын оператор ЭВМ, тігінші, повар деген, бухгалтер деген мамандықтар бар. Соған оқы», — дейтінмін. Ол: «жоқ, мен кетпеймін» деп отырып алды. Мен оны 20 күн журналға тіркемедім. Содан бұл қыздың осындай қайтпас қайсар, алғанынан қайтпайтын, өзінің дегеніне қол жеткізетін, сондай баланың қасиеті бар екенін байқадым. «Жарайды, онда сен осы 35 баланың старостасы боласың», — деп бұл қызды староста етіп сайлап қойдым.

Бүгінде тәжірибелі маман өзі де жастарға жол көрсетіп жүр. Болашақ әріптестерін кәсіби байқауларға дайындап, дәнекерлеу ісінің қыр-сырын үйретеді.

Елдар Әбілда, студент:

- Бұрыштық тегістегішті ұстау, дәнекерлеуді үйрену, электродты қалай қояды, қалай жұмыс істейді — соның бәрінен көктемде жарыс болады. Яғни маған Ғазиза апай дәнекерлеуді үйретуде. Құдай қаласа, бірінші орын аламын деген үміттемін. 

«Жұмыстың жеңілі жоқ. Алайда жүрекпен таңдаған мамандық қана шыңға жетелейді», - дейді Ғазиза.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 13:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары