Қызыңа үй алып беру күшік күйеу бала табу деген сөз : әнші Бақыт Тұрманның сөзі қызу талқыға түсті
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Әнші Бақыт Тұрман қызға баспана алып беру туралы пікірді қолдамайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі juldyzdar_news Instagram парақшасында жарияланған сұхбатта оның себебін түсіндірген. Ол «Қызыңа үй алып беру – күшік күйеу бала табу деген сөз» дейді.
«Соңғы оқиғалардан кейін кейбір ата-аналардың «Қыздың мәртебесін арттыру үшін үй алып беріп, жағдайын жасап қою керек. Ертең бірдеңе болса, сонда бару үшін» деген сөзін естимін. Мен мұнымен келіспес едім. Неге керек ол үй? Жалғызбасты болу үшін ба? Сен әуел бастан дұрыс ниетте болмай тұрсың. Мен қызыма үй алып бермеймін. Қызыңа үй алып беру – өзіңе күшік күйеу бала табу деген сөз. Ұлыма да үй алып бермеймін. Мен барлық жағдайын жасап қойсам, ертең оның қандай арман-мақсаты болады?» - дейді әнші.
Әншінің бұл пікірі желіде қызу талқыға түсті. Бірі оған қолдау білдірсе, енді бірі мұндай пікірмен келіспейтінін айтқан.
«Арман-мақсатты үймен шектегені несі. Мақсатта да, арманда да шек болмауы керек», «Дұрыс айтасың. Күйеуі дайынға келеді, болмайды», «Негізі өте дұрыс айтып отыр», «Үйдің артықшылығы болмайды. Қандай отбасыға баратыны белгісіз қыздың», - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 01:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















