Кешьюде 1 2 жылдан кейін жоғаласың : әнші Мейрамбек Бесбаевтың сөзі қызу талқыға түсті
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әнші Мейрамбек Бесбаев отандық телеарнадағы бағдарламада әділқазы алқасының мүшесі болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнерімен таңғалдырған жас таланттарды іріктейтін шоуда Мейрамбек Бесбаев өнерпазды Баян және Бағым Мұхитденовамен емес, өзімен бірге жұмыс істеуге шақырған.
"Мына екі кісіні таңдасаң, әрі кетсе "Кешьюге" барасың. Саған қамқоршы болатын, қорғап, қолдап жүретін адам керек. Сен соны ойла. "Кешьюде" 1-2 жыл жұмыс істейсің, содан кейін жоғаласың. Бұл қыз сахнада көп жүру керек. Жақсы әрі мықты адамдармен жұмыс істеуі керек", - деді ол.
Әншінің бұл сөзіне Бағым Мұхитденова таңданысын жасырмады.
"Кешьюден кім жоғалды? Біз жеке жобалармен де жұмыс істейміз. Олар көп", - дейді продюсер.
Желі қолданушылары бұл көрініске түрлі пікір білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.


