Ресейдегі Рязань МӨЗ іне түнде дрон шабуылы жасалды: зауытта өрт шықты
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Рязань мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) аумағына ҰҰА түсуі салдарынан өрт басталды, деп хабарлады өңір басшысы Павел Малков.
Губернатордың айтуынша, шабуыл түнде басталып, таңға дейін жалғасқан. Мұнай өңдеу кәсіпорнынан бөлек, облыс орталығындағы нысандар да зақымданған.
«Мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты. Сондай-ақ Рязаньдағы басқа кәсіпорын аумағындағы қойма мен автокөліктер зақымданды», — деп хабарлады Павел Малков.
Төтенше жағдайлар қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру есептері мен жедел қызмет құтқарушылары жұмысын жалғастырып жатыр, мамандар келтірілген материалдық шығынды бағалап жатыр.
Өңір басшысы сонымен қатар әуе шабуылына тойтарыс берген ӘШҚ (ПВО) есептері мен мобильді өрт сөндіру топтарына алғыс білдірді.
15 қазан, 13:42
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 13:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















