Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ресейге жаңа ережелер бойынша сапарлау қазақстандықтар үшін не өзгерді

Ресейге жаңа ережелер бойынша сапарлау қазақстандықтар үшін не өзгерді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейде Қазақстан азаматтарына да қатысты жаңа көші-қон ережелері күшіне енді. Өзгерістердің бір бөлігі жұмысқа немесе оқуға келетіндерге қатысты болса, қалғандары мемлекеттік баж салығына, болу мерзіміне және көші-қон процедураларының келесі кезеңдеріне байланысты. Жаңа нормалар туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) хабарлады, деп жазады Tengri Travel.

Жұмыс істейтіндер мен студенттер үшін ruID қолдану ережелері өзгерді

Негізгі өзгерістердің бірі Ресейге жұмыс істеу немесе оқу үшін кіретіндерге қатысты.

Егер бұрын ruID мобильді қосымшасын пайдалану эксперимент аясында ерікті болса, 1 шілдеден бастап шетелдіктердің бұл санаты үшін ол міндетті болып саналады. Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі сапар алдында қосымшада профиль жасап, елге кіру туралы электронды өтініш беру қажет екенін хабарлады.

Бұл рәсімді шекарадан өтуге дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасау керек. Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада дербес QR-код жасалады.

"Аталған QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады", - деп хабарлады ҚР СІМ.

ЕЭК-те түсіндіруінше, енді көші-қон саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде елге кіру мақсаты туралы мәліметтер шетел азаматының қосымша арқылы берген өтінішінде көрсетілген ақпаратпен расталады.

Сонымен қатар Ресейге туристік, жеке немесе басқа да мақсаттармен баратын қазақстандықтар үшін визасыз режим сақталады.

Цифрлық кіру бойынша эксперимент мерзімі ұзартылды

Сонымен қатар, Ресей визасыз елдерден келген шетелдік азаматтарға ruID қосымшасын пайдаланып елге кіруге рұқсат беру экспериментін кеңейтті.

Оның көмегімен пайдаланушылар цифрлық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алады, ресейлік сервистер арқылы қаржылық операциялар жүргізіп, жергілікті байланыс операторларына қосыла алады. Қосымшаны App Store, Google Play және AppGallery дүкендерінен жүктеп алуға болады.

ЕЭК мәліметінше, эксперимент 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

"Шетел азаматтарының Ресей Федерациясына "ruID" мобильді қосымшасы арқылы визасыз тәртіппен кіруінің жаңа ережелері мен шарттарын апробациялау бойынша эксперимент 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады", - делінген комиссия хабарламасында.

Бұған дейін эксперименттің өзі Қазақстан мен Ресей арасындағы визасыз режимді жоймайтыны хабарланды. Жаңа міндетті талаптар қолданылмайтын тұлғалар үшін қосымшада өтініштің болмауы елге кіруден бас тартуға негіз болмайды.

Халықаралық тасымал жүргізушілері үшін өтініш беру тәртібі жеңілдетілді

Тағы бір өзгеріс халықаралық тасымалдарды орындайтын жүргізушілерге қатысты.

Енді олар Ресейде уақытша болу мерзімін күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 180 күнге дейін ұзарту туралы өтінішті ruID қосымшасы арқылы бере алады.

Бұл үшін Ресей үкіметінің қаулысында қарастырылған құжаттарды қоса беру қажет.

Мемлекеттік баж мөлшері өсті

1 шілдеден бастап көші-қон саласындағы мемлекеттік баждардың жаңа мөлшерлемелері де күшіне енді.

ЕЭК деректері бойынша:

Ресей азаматтығын алу үшін мемлекеттік баж 4,2 мыңнан (шамамен 25 мың теңге) 50 мың рубльге дейін (шамамен 308,5 мың теңге) өсті; тұруға ықтиярхат (ВНЖ) беру үшін - 6 мыңнан (шамамен 37 мың теңге) 30 мың рубльге дейін (шамамен 185 мың теңге); уақытша тұруға рұқсат (РВП) алу үшін - 1,9 мыңнан (шамамен 11 мың теңге) 15 мың рубльге дейін (шамамен 92,5 мың теңге).

Бұл өзгерістер Ресейде тиісті құжаттарды рәсімдейтін шетел азаматтарына қатысты.

Күзде медициналық тексеру мерзімдері өзгереді

Тағы бір жаңалық сәл кейінірек күшіне енеді.

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап шетел азаматтарының жекелеген санаттары үшін медициналық тексеруден өтудің жаңа ережелері енгізіледі.

ЕЭК хабарлағандай, бұл процедурадан өту мерзімі 30 күнге дейін қысқартылады.

Комиссия Ресей ведомстволарымен бірлесіп қосымша ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындалып жатқанын, олар ЕЭК ресми сайтында жарияланатынын атап өтті.

Қазақстандықтар нені білуі маңызды?

Өзгерістерге қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы визасыз режим сақталады.

Қазақстан азаматтары бұрынғысынша Ресейге визасыз кіріп, әр 180 күн ішінде 90 күнге дейін елде бола алады, егер келу мақсаты мен қолданыстағы көші-қон ережелерінде өзгеше көзделмесе.

Сапарға шығу үшін шетелдік паспортты да, жеке куәлікті де пайдалануға болады. Егер елге кіру паспорт арқылы жүзеге асырылса, оның қолданылу мерзімі сапар кезеңін толық қамтуы тиіс.

Елде 30 күнтізбелік күнге дейін болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркелу талап етілмейді. Егер мерзім 30 күннен асса (бірақ 90 күннен аспауы тиіс), Ресей ІІМ-нің аумақтық органдарында көші-қон есебіне тұру қажет.

Сонымен қатар 2025 жылдың желтоқсанынан бастап қазақстандықтар үшін Ресейге кіру кезінде биометриядан өту міндетті болды, ал бұған дейін келушінің цифрлық профилі және ruID қосымшасын пайдаланумен байланысты басқа да рәсімдер енгізілген болатын.

Тағы оқыңыз: 2026 жылы қазақстандықтар паспортсыз қайда бара алады?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 15:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары