Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Республика күні қарсаңында Таза бейсенбі акциясы еліміздің барлық өңірінде өтті

Республика күні қарсаңында Таза бейсенбі акциясы еліміздің барлық өңірінде өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын жүзеге асыру мақсатында елімізде табиғатқа қамқорлық жасау ісінде қоғамның күш-жігерін біріктіруге бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы қолға алынып жатыр. Осы бастама аясында «AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде игі дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізіп жатыр.

Акцияның басты мақсаты – қалалар мен ауылдарды тазалау ғана емес, экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайту, азаматтарды тазалық, тәртіп және қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтары төңірегінде топтастыру. Ортақ іске тек партияластар ғана емес, туған өлкенің табиғатын қорғауға үлес қосқысы келетін тұрғындар, жастар және волонтерлер қосылуда.

Республика күні қарсаңында «Таза бейсенбі» акциясы еліміздің барлық өңірінде өтті. Мәселен, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «AMANAT» партиясының мүшелері Сарыағаш қаласының «Самал» шағын ауданындағы «Ана мен бала» аллеясын тазалады. Ұйымдастырушылар экология және тазалық сақтау мәселелеріне тұрғындар назарын аударды. Акцияға бас-аяғы 80-нен астам адам қатысты. Олар аллея аумағын және оның айналасын қоқыстан тазартып, ағаш суарып, түбін қопсытты. Сондай-ақ орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктерді бояды. Аудан тұрғындары мұндай бастамалар тазалық сақтап қана қоймай, адамдардың бойында экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыратынын атап өтті.

«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Шермат Бегматұлының айтуынша, азаматтардың қоршаған ортаны қорғау ісіне араласуы ерекше маңызға ие.

«Тұмса табиғатымыз – баға жетпес байлық әрі келешектің кепілі. Экологиялық мәдениет тек тазалық жүргізу акцияларымен шектелмейді. Ол өмір салтына айналуы керек. «Таза бейсенбі» акциясы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндейді және тұрғындардың жауапкершілік сезімін нығайтады. Біз ауданды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу іс-шараларын үнемі қолға алып келеміз», – деді ол.

Жезқазған қаласында «Жастар Рухы» жастар қанаты Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ағаш отырғызды. Акцияға қатысушылар Алашахан даңғылы бойында 25 көшет отырғызды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да ағаштарды күтіп ұстау мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Республика күнін игі әрі пайдалы іспен де атап өткіміз келді. Әрбір көшет – ел болашағының нышаны. Оған қамқорлық жасау – баршамызға ортақ парыз», – деді «Жастар Рухы» жастар қанаты Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Нұргүл Талғатбекова.

Дәл осындай акция Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында өткізілді. Қатысушылар орталық алаң мен негізгі көшелерді қоқыстан тазартты. Іс-шараға партия мүшелері, белсенді жастар және қала тұрғындары қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында партияластар тұрғындармен бірге қоқыс жинап, аулаларды абаттандырды. Сондай-ақ шөп шауып, қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын бояды. Ал Атырау облысында акция Жылыой ауданы Тұрғызба ауылында өтті.

Бастауыш партия ұйымының бастамасы аясында қатысушылар санитарлық жұмыс жүргізіп, көшелер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазартты. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылында партия мүшелері мен жергілікті тұрғындар жалпы ауданы 4 гектарды құрайтын Летвинов көлінің айналасын тазалап, 8 тоннадан астам қоқыс жинады.

Осылайша, «Таза бейсенбі» акциясы азаматтарды тазалық орнату, туған жерге қамқорлық жасау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау идеясы төңірегінде топтастыратын қоғамдық қозғалыстың бір бөлігіне айналды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:229
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 18:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары