Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?

Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жыл басынан бері Қазақстан мектептерінде директорларды жаңа «2+2» жүйесі негізінде тағайындау туралы  ұсыныс қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі қалалық мектептердің басшыларын алдымен 2 жыл мерзімге тағайындап, директор діттеген межені орындаса қызметін тағы екі жыл орындауға мүмкіндік берілетінін түсіндірді. Ал ауылдық жерлердегі мектеп басшылары үшін «3+3» мерзімі ұсынылған. Білім беру ұйымдарындағы бұл бастама «мерзімсіз басшылық» тәжірибесінен арылып, мектепті басқару моделінің ашықтығын арттыруды көздейді. Сондай-ақ ұсыныс кәсіби бәсекелестікті дамытып, жас кадрларға да жол ашады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Министрлік ұсынысындағы мерзімге қатысты қоғам пікірі бір арнада қабыспайды. Себебі елдің әр азаматын қамтитын салада – сапалы білім беруді қалыптастыруға «2+2» уақыт аралығы жеткілікті ме, басқарудағы тұрақсыздық білім сапасын тұралатпай ма деген сауал туындауы заңды.

Реформа реті: Өзгеріс не үшін қажет?

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы аттестацияда директор лауазымына үміткерлердің 79%-ы тестілеуден өте алмай, дайындық деңгейінің төмендігін көрсеткен. Ал 8 048 мектептің 490-ында директор орны бос болса, 810 мектепті уақытша атқарушылар басқарып отыр. Сондай-ақ мектеп тізгіндегін тұлғалардың айтарлықтай бөлігі білім ордасында 10-20 жылдан аса тұрақтап қалған. Мұндай үрдіс білім беру саласындағы жаңашылдықтарға педагогтердің енжар қарауына түрткі болуы да ықтимал. Әрі министр Жұлдыз Сүлейменова «Мектеп директорлығы – өмір бойы атқаратын лауазым емес, белгілі мерзімге берілген басқару миссиясы. Ал білікті басқарушы тәжірибесін келесі мектепте де сынап көруі тиіс», деп атап өтті.

Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының ақпараттық-талдау офисінің жетекшісі, білім беру ісінің сарапшысы Қайсар Тұрсынғожа реформаның мақсаты – есеп беруді жүйелеу, басқару корпусын жаңарту, талантты ұстаздарға мансаптық жол ашу екені айқын,  бағыт дұрыс болғанмен, мәселе мерзімде екенін алға тартты. Сарапшы халықаралық ғылыми тәжірибе мен беделді зерттеулер 4 жыл мектепті трансформациялау үшін тым қысқа мерзім екенін меңзейтінін жеткізді. Қайсар Болатбайұлы пайымын 4 талап негізінде талдап берді.

Ғылым, білім және Конституция: Қазақстанның жаңа бағытының үш тірегі

«Халықаралық сарапшылар мектептің ішкі мәдениеті мен білім сапасын түбегейлі өзгерту үшін кемінде 5-7 жыл қажет екеніне назар аудартады.

«Кіру-шығу» шығыны: Миллердің Солтүстік Каролина деректерін талдаған зерттеуіне сай, жаңа басшы келген алғашқы 2 жылда оқушылардың үлгерімі төмендеп, тек 5-ші жылдың аяғында ғана бастапқы деңгейіне қайта оралады. Яғни, 4 жылдың жартысы тек «қалпына келтірумен» өтеді.

Мета-анализ: Реддинг пен Нгуэннің 35 зерттеуге негізделген мета-анализі мектеп трансформациясының алғашқы нышандары тек 2-4 жыл аралығында ғана байқала бастайтынын көрсетті. Демек, директорды екі жылдан соң бағалау – жаңа туған сәбидің жүріп кетуін күткенмен бірдей асығыстық. Ғалымдар шешім қабылдаушы тұлғаларды (саясаткерлерді) нәтиже күту мәселесінде сабырлылық танытуға шақырады.

ЭЫДҰ стандарты: TALIS 2018 зерттеуіне сәйкес, дамыған елдерде директордың бір мектептегі орташа мерзімі – 6,7 жыл, жалпы директорлық тәжірибесі – 9,7 жыл. Ұсынылып отырған «2+2» формуласы бұл көрсеткіштен 40%-ға қысқа. Харгривз бен Финктің «Sustainable Leadership» еңбегі бұл ойды дөп басты: «Мықты директорды нашар мектепке жіберіп, 3 жылдан соң ауыстыру – тұрақты жетістікке апармайды».

«Директордың кетуін күту» феномені: Егер мұғалімдер ұжымы басшының 2-4 жылда кететінін білсе, олар реформаларға үнсіз қарсылық танытып, «бұл да кетер, бастамасы да өлер» деген енжар күйге түседі. Бұл – «waiting out the principal» деп аталатын феномен. Директорлардың жиі ауысуы мұғалімдердің де кетуін үдетіп, ұзақ мерзімді кезеңде оқушылар үлгеріміне кері әсерін тигізбей қоймайды», дейді ол.

Директорлар ротациясы: Әлем елдеріндегі мерзім қандай?

Білім саласындағы нәтижелі реформаларын селкеусіз санайтын Сингапурда мектеп директорларын ротациялау мерзімі – 5-7 жыл. Ескерері, аталған елде білім ұясының басшыларын тағайындамас бұрын 6 айлық LEP дайындық бағдарламасы жүргізіледі. Ал PISA нәтижелері тұрақты түрде жоғары деңгейдегі Финляндияда міндетті ротация мерзімі белгіленбеген. Білім мен тәрбие тоғысқан Жапония мемлекеттік мектептер арасындағы теңдікті сақтау үшін 3-5 жылдық мерзімді айқындаған. Оңтүстік Корея мықты директорлардың элиталық мектептерде шоғырлануын шектеу үшін 4+4 жылды нақтылаған. Алып АҚШ-та мерзім шектелмеген. Десе де, мұндағы үрдіс директорлардың бір мектептегі орташа мерзімдік қызметі – 4 жылға ұласатынын көрсетіп отыр.

Білім саласындағы серпіліс

Білім саласындағы көшбасшы жүйелер білім беру ұйымдарын басқаруда нақты мерзім мен нәтижедегі оңтайлы уақыт – 5-7 жыл екенін аңғартып отыр.

Осы тұста Қайсар Болатбайұлы реформаның ең қауіпті тұсы – нәтиже көрсетіп жатқан тәжірибелі басшыларды «мерзімі толды» деген сылтаумен мәжбүрлі түрде орнынан қозғау екеніне тоқталды.

«Жоғарыда мысал еткен Гриссом, Бартанен және Митанидің зерттеулері көрсеткендей, тиімді директорларға таңдау берілсе, олар әдетте беделі жоғары, жағдайы жақсы мектептерге кетуге бейім болады. Олай болса, мықты маманды «қиын» мектептен ротация арқылы алып тастағанда, оның орнына келетін кадрдың деңгейі қандай болмақ? Бренч, Ханушек пен Ривкиннің Техас мектептеріне жасаған талдауы басқару сапасының маңыздылығын нақты сандармен сөйлетті: тиімді директор бір оқу жылында оқушының нәтижесін 2-7 айға дейін ілгерілете алатынын, ал тиімсіз директор дәл солай артқа тартатынын дәлелдеді. Ең маңыздысы – директордың тиімділігі жұмыс істеген алғашқы 3 жылда тұрақты түрде өсіп отырады. Демек, басшы өз әлеуетінің шыңына енді шыққанда, яғни 4-ші жылы оны ауыстыру – мектептің ең жемісті кезеңін балталаумен бірдей», дейді сарапшы.

«Таяқтың екі ұшы болатыны» секілді – ұсынысқа көзқарас та сан алуан. «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында іріктеліп, Астанадағы Барлыбек Сырттанов атындағы №34 орта мектепті тізгіндеген Амангелді Боданов білгір басшы мерзімге байланбайды, нәтиже нақты әлеуетке байланысты тіркелетінін атап өтті.

«Кең пайымдасақ, өзгерістерден қашуға болмайды. Өзгеріссіз өрлеу де жоқ. Басшы тек менеджер, бағыт нақты айқындалса, қай басшы болса да сол бағытты ұстанады. Білім мен тәртіпті жүйелеуді білім беруді ұйымдастыру және тәрбиелік іс-шаралар кешенін қабылдау деп қабылдаған дұрыс. Оны педагогикалық ұжымның ортақ мақсаты ретінде білім беру ұйымының даму бағдарламасына енгізу қажет. Даму бағдарламасы 5 жылға жасалатын болса, басшының лауазымға тағайындалуы осы кезеңнің жартысын құрап, жартысын келесі басшы жүзеге асырғаны тың жаңалық болар еді», дейді Амангелді Боданов.

Гарвардты бағындырған қаракөз немесе Қазақстан білімінің жаңа кезеңі

Оқу-ағарту министрлігінің жобасы кең талқыланып жатқан тұста, сарапшы Қайсар Тұрсынғожа формуланы «3+3» немесе «4+3» форматына (жалпы 6-7 жыл) көшіруді жөн санайтынын жеткізді.

«Сондай-ақ Сингапурдың LEP тәжірибесіндей, жаңа мектепке баратын директорларға кемінде 3-6 айлық арнайы дайындық курсын енгізу қажет. Егер 4 жылда нақты ілгерілеу болса, мерзімді автоматты ұзарту тетігін қарастыру да тиімді болмақ. 5 200-ден астам ауылдық мектептің басым көпшілігінде ротация жасау физикалық тұрғыдан мүмкін еместігін ескеру де маңызды. Финляндия моделіндегі автономия мен сенімге негізделген жүйе тиімдірек. Ротация жылдамдығын арттырмастан бұрын, аттестациядан өте алмай жатқан 79% үміткердің сапасын көтеруге де көңіл бөлу – құптарлық іс», деп сөзін түйіндеді Қайсар Тұрсынғожа.

Қорыта айтсақ, мектеп директорларын «2+2» (3+3) қағидаты бойынша тағайындау – білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған батыл қадам. Бұл бастама басқарудағы ашықтықты арттырып, кадрлық тоқырауды жоюға, жаңа буын басшыларға жол ашуға мүмкіндік береді. Алайда білім беру – жедел нәтиже күтетін емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімді еңбекті талап ететін сала. Сондықтан басқару тиімділігін тек қысқа уақыт аралығымен өлшеу – реформаның түпкі мақсатына қайшы келуі мүмкін.

Сарапшылар атап өткендей, мектепті сапалы трансформациялау үшін уақыт, тұрақтылық және сабақтастық қажет. Егер ұсынылған модель осы үш факторды ескермесе, жиі ауысатын басшылық білім сапасына кері әсер ету қаупін де жоққа шығармайды. Демек, бүгінгі талқылау тек мерзім мәселесі емес, білім беру жүйесінің болашағын айқындайтын стратегиялық шешімнің бастауы. Ең маңыздысы – реформаны енгізуде асығыстыққа жол бермей, халықаралық тәжірибе мен ұлттық ерекшелікті ұштастыра отырып, тиімді әрі тұрақты басқару моделін қалыптастыру. Себебі мектеп тағдыры – ел болашағының айнасы.

Соңғы жаңалықтар

Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 12:28

Далида Ділмұратқызы: Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмауы керек

Қоғам • Бүгін, 12:27

«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты

Парламент • Бүгін, 12:10

Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады

Қоғам • Бүгін, 11:49

Қырымда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады: 29 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 11:48

Америкалық журналисті ұрлағандардың бірі ұсталды: Күдікті қауіпсіздік қызметінің өкілі болуы мүмкін

Әлем • Бүгін, 11:30

Президент Әкімшілігі инвестиция бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 11:12

Қырғызстанда ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпиттер таратқан

Оқиға • Бүгін, 11:03

Қарағанды облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

Білім • Бүгін, 10:52

АҚШ әскері Ираннан кете ме? Трамп маңызды үндеу жасайды

Әлем • Бүгін, 10:42

Жалған құжат көрсетіп, ақша талап еткен: Астанада кәсіпкерлерді алдаған күдікті ұсталды

Қоғам • Бүгін, 10:23

30 градусқа дейін ыстық: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:15

Таразда 11-сынып оқушысы әкесінен алимент өндіріп алды

Оқиға • Бүгін, 10:08

Түркістандағы кісі өлімі: Сот айыпталушыларға 20 жылға дейін жаза тағайындады

Қылмыс • Бүгін, 09:50

«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасы: 15 миллион теңге Жүсіпбек Қорғасбекке бұйырды

Әдебиет • Бүгін, 09:44

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 13:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары