Роза Рымбаева, Alem және қонақтарға арналған сыйлықтар: MEGA ның 20 жылдығы несімен есте қалды?
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жексенбі, 4 қазанда, MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы MEGA желісінің 20 жылдығына арналған мерекелік шаралардың басты алаңына айналды. Мерейтойға Алматының әр буын өкілдері жиналып, айтулы күнді Роза Рымбаева мен Alem де қонақтармен бірге атап өтті. Мерекелік шара сыйлықтарсыз да өткен жоқ: сатып алушылар арасында танымал гаджеттер мен құны 3 млн теңге болатын саяхат сертификаты ойнатылды.
Бұл күн шын мәнінде отбасылық мерекеге айналды. Балалар үшін ойындар мен сабын көпіршіктері шоуы ұйымдастырылса, ересектер чектерін серіктес брендтердің сыйлықтарына айырбастады.
Сол күні мерекелік сахнада MEGA-ның мерейтойлық акциясының аралық қорытындысы шығарылды. Ұтыс ойынына жаздың басынан бері СОО желісінде жасалған саудалардың чектері қатысты. Алматы мен Астана қалаларынан қатысқан жеңімпаздар iPhone 17 Pro Max, Dyson Supersonic, MacBook Air және PlayStation 5 ұтып алды. Бұл кезеңнің бас жүлдесі - құны 3 млн теңге болатын саяхат сертификаты да өз иесін тапты. Мерекелік күн сауда орталығының амфитеатрында өткен Роза Рымбаева мен Alem-нің жарқын концертімен қорытындыланды.
MEGA-ның 20 жылдығына арналған аралық ұтыс ойынының жеңімпаздарының бірі
Дегенмен MEGA-ның мерейтойы бір күнмен шектелмейді: MEGA өзінің 20 жылдығын жыл бойы атап өтуде. Келушілер әлеуметтік желілерде MEGA сауда орталықтарымен байланысты естеліктерімен бөлісіп жатыр. Біреулер үшін бұл жерде алғашқы кездесу өткен болса, енді біреулер отбасымен өткізген демалыс күндерін немесе маңызды тауар сатып алғанын еске алады. Жалға алушылар да мерейтойлық шараларға қосылып, фудкортта арнайы ұсыныстар жасап, дүкендерінде жеңілдіктер ұсынды. Мансаптары мен жобалары MEGA-мен бірге дамып келе жатқан әртістер мен ретейл саласының сарапшылары да құттықтауға қосылды. Жиырма жылдар ішінде осындай естеліктер аз жиналған жоқ, олардың көпшілігі бүгінде брендтің ортақ тарихының бір бөлігіне айналды.
Осы жылдар ішінде MEGA-мен бірге оның серіктестері де өсті. Желінің сауда орталықтары арқылы Қазақстан нарығына ZARA және Inditex тобының басқа да брендтері, H&M және Starbucks сияқты ірі халықаралық брендтер келді. Ал осы мерейтойлық жылы MEGA Alma-Ata-да еліміздегі алғашқы ресми LEGO® Certified Store дүкені ашылды. Әлемдік брендтермен қатар қазақстандық брендтер де дамып, жаңа дүкендерін ашып, сатып алушыларды өздерінің топтамаларымен таныстырып келеді.
Көпшілік үшін MEGA-мен танысу алғашқы жұмыс орнынан басталады. Бүгінде желінің сауда орталықтарында жалға алушылардың қызметкерлерін қоса алғанда, шамамен 10 мың адам еңбек етеді. Олар қонақтарды қарсы алып, тауар таңдауға көмектеседі, сүйікті тағамдарды әзірлейді және келушілерге жайлы жағдай жасау үшін күн сайын еңбек етеді.
Осы жылдар ішінде MEGA келушілерінің әдеттері мен қызығушылықтарына сай өзгеріп, дамуын жалғастырып келеді. Сауда орталықтарының интерьерлері мен қоғамдық кеңістіктері жаңарып, жаңа форматтар пайда болып, сауда орталықтарының мазмұны да өзгеруде. Мұның бәрі MEGA-ның заманауи қалалық кеңістікке қойылатын талаптарға сай болып, өзектілігін сақтап қалуына мүмкіндік береді.
"Осыдан тура 20 жыл бұрын Алматыда алғашқы MEGA ашылып, негізінде, ол еліміздегі осындай деңгейдегі алғашқы сауда орталығы болды. Осы уақыт ішінде Astana Group жеті сауда орталығын салып үлгерді, ал қазір сегізіншісін - Астанадағы MEGA Garden-ді салып жатырмыз. Біз үшін келушілердің сауда орталықтарымызбен байланысты ең жақсы естеліктері мен жағымды эмоциялары болғаны аса маңызды. MEGA Management командасы жайлы атмосфера мен отбасымен уақытты жақсы өткізуге қолайлы жағдай жасауды жалғастыра береді", - деді желінің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов құттықтау сөзінде.
Мерейтойлық жыл әлі аяқталған жоқ. 15 қарашада мерейтойлық акцияның басты ұтыс ойыны өтеді. Бас жүлде - максималды жиынтықталымдағы Hyundai Santa Fe автокөлігі. Сонымен қатар сатып алушылар арасында LG Styler бу шкафы, MacBook Neo, iPad Air, De’Longhi кофемашинасы және Dyson ауа тазартқышы ойнатылады. Демек MEGA қонақтарының өз естеліктеріне тағы бір бақытты оқиғаны қосуына әлі де мүмкіндігі бар.
Мерейтойлық акцияның бас жүлдесі - Hyundai Santa Fe
Серіктестік материал
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:59
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 15:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















