Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Сайлау алдындағы уәде мен нақты міндеттің айырмашылығы қандай?

Сайлау алдындағы уәде мен нақты міндеттің айырмашылығы қандай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Сайлауалды бағдарлама – партия мен кандидаттың қоғам алдындағы саяси міндеттемесі. Осы арқылы кандидаттар елді дамыту жөніндегі өз көзқарасын, басымдықтары мен нақты жоспарларын ұсынады. Сондықтан оның орындалуы ең алдымен саяси жауапкершілікпен өлшенеді. Кандидат пен саяси партияның орындалмаған уәдесі үшін елімізде заң шеңберінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

Сайлауалды бағдарламалардың орындалуын кім бақылайды?

Саясаттағы ең үлкен баға – сайлаушының сенімі десек, бағдарламалардың да орындалуындағы бас төреші – халықтың өзі. Партиялар жұмысын саралауда бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшылар да мониторинг жүргізіп, түрлі рейтингтер мен есептер арқылы саясаткерлердің жұмысына қоғамдық бақылау жасайды. Дауыс беру алдында сайлаушылар осы критерийлерге қарап сайланбалы орган өкілдеріне баға береді. Сондай-ақ партиялардың өз ішінде де ішкі бақылау тетіктері жұмыс істейді. Ұйымдар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының орындалуын қадағалап, депутаттарының қызметіне талдау жүргізіп отырады.

Құрылтай ең алдымен қандай мәселелерге назар аударуы тиіс?

Уәдесін орындамаған депутатты мандатынан айыру мүмкін бе?

Конституциялық реформадан кейін Қазақстанның заң шығарушы органы жаңа модельге көшті. Құрылтай депутаттары енді бірмандатты (мажоритарлық) округтер арқылы емес, партиялық тізім бойынша сайланады.

Бұған дейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 13-2-тарауында бірмандатты округтен сайланған депутатты сайлаушылардың сенімінен айырылған жағдайда, оның ішінде сайлауалды бағдарламасын орындамағаны үшін мандатын кері қайтару рәсімі көзделген еді. Алайда бұл норма тек мажоритарлық жүйеде сайланған депутаттарға қатысты болды. Қазіргі жағдайда депутаттар партиялық тізім арқылы сайланатындықтан, сайлаушылардың жеке депутаттың мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

Дегенмен бұл депутаттар мен партиялардың жауапкершілігі жойылды деген сөз емес. Азаматтар жоғарыда аталған сараптамалық талдауларға сүйене отырып, өз таңдауы арқылы баға береді.

Абзал Құспан: Сайлаудың сапасы партиялардың кадрлық әлеуетіне байланысты болады

Әлемдік тәжірибеде қалай?

Көптеген демократиялық елдерде де сайлауалды уәделердің құқықтық форматынан саяси сипаты басым. Соған қарамастан әлемнің бірқатар елдерінде саясаткерлердің сайлауалды уәделерін қоғамдық бақылауға арналған арнайы платформалар жұмыс істейді. Мәселен АҚШ-тағы PolitiFact, Канададағы PolitiMeter пен Украинадағы «Слово и дело» жобалары кандидаттардың сайлау кезінде берген уәделерін тіркеп, олардың орындалу барысын ашық түрде жариялап, қоғамға тұрақты есеп ұсынып келеді.

Талдау жұмыстары кезеңінде сайлауалды бағдарламалардың толық орындалмауына әсер ететін факторлар да ескеріледі. Олардың қатарында экономикалық дағдарыс, бюджет тапшылығы, инфляция мен сыртқы геосаяси ахуал да бар. Сондай-ақ коалициялық басқару жағдайында партиялар серіктестерімен келісімге келіп, бастапқы бағдарламаларына өзгерістер енгізуге мәжбүр болуы да мүмкін.

Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 15:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары