Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сауда серіктестігіне серпін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Қазақстан СІМ Непал мен Тибетте жоғалған туристерге қатысты мәлімдеме жасады

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Сандық алгоритм сананы шектейді

Сандық алгоритм сананы шектейді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәселен, Аустралия 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салу туралы заңды бекітсе, Еуропаның бірқатар елінде 15-16 жасқа дейін шектеу енгізу бастамалары талқылануда. Түркия, Испания, Словения, Франция секілді мемлекеттер де осы бағытта заңнамалық қадамдарды қарастырды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұған дейін балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеуге бағытталған заң жобасы 2026 жылдың соңына дейін Парламент талқылауына шығарылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Қазір негізгі назар 16 жасқа толмаған қолданушы­ларға жаңа аккаунт ашуға шектеу қою мәсе­лесіне аударылып отыр. Бұл ретте жас мөл­шерін растау тетігі енгізілуі ықтимал. 

Әлеуметтік желінің басты валютасы – адам эмоциясы. Мұнда назар қайда болса, жарнама да сонда ұмтылады. Сондықтан экранға шыққан ақпарат кездейсоқ емес. Өйткені қай дүниеге көбірек көңіліңіз ауса, таспаңызда сол жайындағы контент жайлайды. Мұндағы контенттің көбі сезімге құрылған. Қысқа, жылдам видеолар ойлануға уақыт бермейді. Оның кері әсері көп қаралым жинаған дүниенің оқырманға да «дұрыс» болып көріне бастауында. Себебі тобыр көбіне тексермей, трендке еріп кетеді. Ал бұл – ақпаратты сұрыптай алмайтын жас аудитория үшін манипуляцияға ең қолайлы орта.  

Басында мұндай тәсілдер тек жарнама үшін қолданылды. Адамның назарын аудару, көбірек қаралым жинау  басты мақсат болды. Бірақ уақыт өте келе осы әдіс саясатта да, қоғам­дағы түрлі пікірталаста да, тіпті мәдени ортада да кеңінен пайдаланыла бастады. 

Тәуелсіз сарапшы Данияр Әшімбаев бұл тенденцияның экономикалық құбылыстарға да кері әсер етіп жатқанын айтты. Сарапшы бұл тұрғыдан алғанда өткен ғасырдың футу­ро­логтары жаңылыс болжам жасағанына назар аудартып отыр. Оның долбарына сүйенсек, адамзат XXI ғасырдың екінші ширегіне аяқ басқанымен, өткен 25 жыл уақытта «бәрі үйлесім тауып, ақыл мен гуманизм үстем болады» деген болжамдардың бос сөз болып шыққанын анық көрсетті.

«Технология көбіне қызмет көрсету мен көңіл көтеруге жұмыс істейді. Бірақ ол сала­лардың өзінде де баяғы азық-түлік пен тірі адам керек. Қазіргі технология адамға орасан көп ақпарат береді. Шын мәнінде, оның басым бөлігі қажет те емес. Енді сол ақпаратты өңдейтін тағы бір технология пайда болды», – дейді ол.

Маман пікірінше, бір ірі қаланы бір жыл асырауға жететін қор бүгінде қысқа видеолар түсіруге немесе мектеп шығармасын жазуға жұмсалуда. Адамзат біртіндеп есептеу, оқу, жазу, ақпаратты саралау және қарапайым қарым-қатынас дағдыларынан айырылып барады.

Мұндай контенттің зиянды әсерімен күресудің тиімді жолы – медиасауаттылықты арттыру. Ноам Хомскийдің теориясы бойынша, адамдардың сыни ойлау қабілетін дамыту арқылы шок-контенттің кері әсерін азайтуға болады. «Адамдар шындықты түсінбесе, олар өз мүддесіне қарсы әрекет етеді», – дейді ол. Ғалымның бұл сөзі ақпаратты тек тұтынбай, оның астарын ұғуға шақырады. Яғни, әрбір азамат медианы бақылап қана қоймай, оны сүзгіден өткізе алуы керек.

Демек, мәселені тек тыйым салумен түйіндеу жеткіліксіз. Бұл түбегейлі шешім емес, тек мәселені уақытша шегеру сияқты. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі цифрлық қо­ғам­ның белсенді мүшесі. Егер оған ақ­паратты ажыратып, саралап, дұрыс қабылдауды үйретпесек, кейін ол ақпарат тасқынына дайындықсыз кіріп кетеді.

Отандық ғалымдардың пікірі де Хомский теориясының төңірегіне ойысады. Мысалы, Гүлмира Әшірбекова санасыз тобыр қалып­таспасын десек, қоғамның медиасауаттылығын арттыру бірінші талап екенін айтып отыр.

«Медиасауат дегеніміз – ақпараттың шынайылығын тексеру және өзіңізге қажет ақпаратты ғана тұтыну. Қазір жасанды ин­тел­лектіні кез келген салада қолданудың салдары жалған ақпараттың таралуына әкеп соғуда. Қарапайым түсінікке саяр болсақ, ақпараттың шынайылығын тексерудің жол­дары немесе әдістерін меңгеруді білдіреді», – дей келе ғалым, медиасауатты арттыру үшін мектептен бастап, барлық білім беру орнында пәнді оқыту маңызды екенін айтты.

Демек, тобырлық сана қаупіне қарсы дағдыларды баланың бойына сіңірмесек, заңдық шектеулердің әсері уақытша болуы ықтимал.

Гүлнаурыз СОЯН,

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 

4-курс студенті

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 04:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see146

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see138

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see138

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see137

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see136

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see136

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see135

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see135

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see134

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see134

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see134

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see133

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see133

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see132

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

08 Қазан 2026 20:53see122

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see121

Қазақстан СІМ Непал мен Тибетте жоғалған туристерге қатысты мәлімдеме жасады

08 Қазан 2026 18:56see118

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see115

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see115

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары