Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Сандық жүйеге серпін қажет

Сандық жүйеге серпін қажет

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент қойған міндет-мақсаттарға ел мен Үкімет дайын ба? Бүгінге дейін жауапты тұлғалар тарапынан не жасалды, қандай олқылықтар бар? Бұл жұмысты ұйымдастыру енді салмақты көңіл бөлуді, мұқият мән беруді талап етеді.

Президент өз Жолдауында мәліметтерді тиіс­ті деңгейде есепке алып, талдау жасау жол­ға қойыл­ма­ғанын қатаң сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев­тың пайымдауынша, бұл жағдай еңбек на­рығының сұранысын болжау, инфрақұрылымды да­мыту жұмысын жоспарлау және басқа да мін­деттерді орындау жолында қиындық туғызады. Қа­зіргі заманда үлкен деректер (Big Data) үлкен стратегиялық ресурсқа айналды. Мамандар оны «екінші мұнай» атайды. 

Алайда талдау көрсеткендей, қазіргі кезде мем­лекеттік органдар халыққа, бизнеске, мем­лекетке қатысты деректердің 50%-дан сәл аста­мын ғана цифрландырған. 2025 жылғы қа­зандағы жағдай бойынша Деректердің кон­цептуалды моделінде 7 606 дерекқор бел­гі­лен­ді. Соның 52%-ы немесе 4 008-і ғана 17 до­мен­де цифрлық түрде ұсынылған. 

Қалған мәлімет архивтерде сарғайып, то­зып, көк­теп, жемірілген қағаз күйінде жатыр. Со­нымен қатар цифрландыру деңгейінің бір­кел­кі емес, бы­тыраңқы екені де анықталды: мы­салы, қаржы, әді­лет органдары салаларын­да бұл процесс 90 пайыз және одан жоғары дең­­гейге жетсе, ауыл шаруа­шылығы, сауда, энер­­гетика, экология және білім беру сала­ла­рын­да 30-40 пайыздан аспайтыны әш­керелен­ді. 

Сарапшылардың айтуынша, кей жағ­дайда бұл сыбайлас жемқорлыққа жол ашу, оның іздерін жасыру үшін жасалады. Жо­ғары аудиторлық палатаның «ревизорлары» мектептерге тексеруге барғанда, иісі та­нау­ды жаратын құжаттарды жертөледен алып шығады екен. Білім ордаларының бірі 50 қорапқа толтырылған құжатты әкеліп, тек­серушілердің алдына үйіп тастаған. Оның бәрін қопарып отыруға шыдамы жет­пейді деп үміттенетін болса керек. 

Қағаз құжаттардың толыққанды цифр­ландырылмауы бақылау-қадағалау орган­дарына қашықтан, ақпараттық жүйелер ар­қылы тұрақты тексеріс жүргізуіне мүм­кін­дік бермейді. Мұның сыртында қа­лып­тасқан жағдай жасанды интеллект тех­но­логияларын енгізуді қатты қи­ындатады. Се­бебі Қазақстандағы көптеген салада ЖИ-дің үйренуіне, талдауына, пайда­лан­уы­на қажетті құжаттар, үлкен мәліметтер мен өзекті ақпараттар жетіспейді. 

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партия­сы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева цифрландырылды дегеннің өзі кейде көзбояушылық болып шыға­ты­нын қаперге салды. Біріншіден, деректерде біріз­ділік жоқ. Мысалы, Президенттің жә­не одан төмен тұрған биік лауазымды бас­­­­шылардың берген тапсырмасы, қойған мін­деттемелері бар да, олардың қалай орын­далғанын талдау үшін керекті дерек­тер, құжаттар тапшы.  

– Әрбір ведомство өзгеден тәуелсіз, төл ба­засын құрып, қордалауға тырысады және оны ешкіммен бөліспейді. Одан өзге ве­домство мәлімет алғызғысы келсе, қапта­ған келісім мен рұқсат жинауға мәжбүр­ле­не­ді. Мемлекеттік органдардың өз мағ­лұ­мат­тарын бір-бірінен қорғауға жұмсайтын ға­ламат энергиясын сол деректерді хакер­лер­ден қорғауға бағыттаса, оның сыртқа ағып кетуі сияқты сорақылық болмас еді. Ве­домстволарымызда «дата-феодализм» ары қарай белең ала берсе, Президент тап­сырған дерекқорларды тәртіпке келтіру міндеті жуық арада орындалмайды. Соның сал­дарынан азаматтар мен бизнеске бір ақ­парат пен есепті ондаған жүйеге он рет теруге тура келеді, – деді депутат.

Делдалдар дәуірлеген заман

Масқарасы сол, Ата заң бойынша мем­ле­кеттегі бар байлықтың иесі саналатын ха­лық дерекқорларға қол жеткізе алма­ған­дықтан, ал шенеуніктер оны жайдан-жай бер­гісі келмегендіктен, екі ортада «по­мо­гай­ки» аталатын делдалдар бизнесінің тасы өр­ге домалады. Депутаттар делдалдардың мә­ліметтерді ресми ұйымдар мен мекеме­лер­ге қарағанда жылдам алатынына таң­да­нады. 

Алысқа бармай-ақ, мысалға, Парла­мент қабылдаған заңдар, Үкімет басшысы қол қойған қаулылар, министрліктер мен әкім­дердің шешімдері бірінші болып, мем­лекеттік ресми сайттарда емес, ақылы пор­­талдарда, агрегаторлар, боттар мен сер­­­­вистерде пайда болады. Олар мем­ле­кет­тік құжатты 700 теңге және одан қым­бат­қа сатады немесе ақылы жазы­лу­шы­лары­на ғана ұсынады. Ресми органдардың интер­нет-ресурсынан тиісті құжатты таба ал­ма­ған қазақстандықтар солардың көмегіне жү­­гінеді, амалсыз тегін нәрсені сатып ала­ды.   

Екіншіден, Е.Смышляеваның мәліметі бойынша, Қазақстанда цифрландырылған деректердің сапасы төмен. Базаларда бі­рін-бірі қайталайтын немесе күші жойыл­ған құжаттар мен ескірген мәліметтер көп, өйткені қорлар тұрақты жаңартылмайды. Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерінде бір сырқаттың бірнеше элек­трон­ды картасы қатар жүреді. Ауыл шаруа­шылығында баяғыда сойылып, жеп қойыл­ған сиырдың виртуалды тарихы жалғасын табады, иесіне субсидия алады және сол сияқты оғаштықтар қаптады. 

Үшіншіден, Парламенттің электронды құжаттарды қағаз құжатпен теңестіргеніне көп болды. Тәжірибеде билік органдары әлі күнге қағаз анықтама сұратады. Мұнда мем­лекеттің өз кінәсі бар: Қазақстанда мың­даған ауылда интернет жоқ, содан жер­гілікті әкімдіктер, аумақтық меморган­дар қағаз құжатпен жұмыс істеуге мәжбүр. 

Бұған қоса, Үкімет басшысына жүгін­ген Мәжіліс депутаттарының жазуынша, қа­ғаз құжат пен оның электронды нұс­қа­сының ұқсастығын, аутенттілігін бұзу тә­жірибесі жиілеген. Бұл бір жағынан аза­мат­тардың өмірін күрделендіріп, сергел­деңге салады. Екінші жағынан, мемлекеттік органдардың өзі құжаттың электронды нұс­қасына сене бермейді. Мұндай жағдай Президент жүктегендей, барлық салаға ЖИ жаппай енгізілгенде үлкен проблемаға соқ­тырады: жасанды зерде жаңсақ, бұр­ма­ланған электронды нұсқаға ғана жүгінеді, жертөлеге түсіп, архивте шаң басып жат­қан түпнұсқа құжатпен салыстырмайды.   

Цифрландырудың басқа да түйткілдері толып жатыр. Атап өтсек, Қазақстанда ақ­параттық жүйе саны ай сайын өседі, олар­дың бюджеті де артып барады. Ауди­тор­лар жүздеген миллиард теңгенің босқа жұмсалғанын әшкереледі. Сонымен, бір мезгілде деректерді жинауға арналған инф­рақұрылым дамып жатқан жоқ. Датчик­тер­дің саны жеткілікті емес, телеметрия жүйелері кенжелеп қалды. 

«Бұл мемлекеттің экологияда, ауыл шаруашылығында, көлік пен логистикада, кеденде және басқа бағыттарда іс жүзінде «соқыр» болуына соқтырды. Сондай-ақ ми­нистрліктер, әкімдіктер ақпараттың үл­кен ауқымын жинап, одан дария түзеді, оны жинауға, сақтауға және қорғауға бюд­жеттен мол қаржы шығындайды. Алайда сол үлкен деректердің шын мәнінде қалай пай­даланылатынын, іске жарайтын-жара­майтынын ешкім білмейді», – дейді депу­таттар.

Елде ЖИ қаласы пайда болады

Қордаланған мәселелер шешімін табуы үшін не істеу керек? Сарапшылардың тұ­жырымдауынша, біріншіден, мемлекеттік органдарды деректермен өзара алмасуға мін­деттейтін қолданыста бар нормаларды іске қосу, жетілдіру қажет. Екіншіден, ха­лық­пен диалогты қайта жандандыру үшін бұрын белсенді істеген, бүгінде қосымша шектеулер кесірінен деградацияға ұшы­ра­ған «Ашық НҚА», «Ашық бюджет», «Ашық диалог», «e-Petition» (электронды петиция­лар) және басқа мемлекеттік, ресми пор­талдарды жандандырған маңызды.  

Үшіншіден, Әкімшілік-процестік ко­декс талабына сәйкес, бір ақпарат пен аны­қ­­таманы әртүрлі мекеменің қайта-қайта сұрата беру тәжірибесіне тоқтау сал­ған жөн. Төртіншіден, билік құры­лым­дарының деректерді пайдалану тиімділігін бағалау жүйесін енгізген абзал. Соның ішінде, дерек­терінің ашықтығы, эконо­ми­калық қай­тарымы, азаматтар мен бизнес үшін әкім­шілік жүктемені қысқартуы сияқ­ты көр­сеткіштер ескеріліп, ол әкімнің, ми­нистр­дің, бірінші басшылардың рей­тингіне әсер етуі, яғни биік лауазымды тұл­ғалар мен мекеменің жұмысын баға­лаудың өл­шем­шарт-критерийіне айналуы керек.

Бесіншіден, деректер жинау инфра­құрылымымен, датчиктер желісімен, IoT, телеметриямен қамтамасыз ету маңызға ие. Алтыншыдан, жиналатын деректердің сапасын көтеру үшін ұйымдардағы дата-офицерлердің, стюардтардың, дата-бақы­лаушылардың жұмысы жандандырылуға тиіс. 

Өз кезегінде депутаттар «әрбір азамат­тың цифрлық ізін жинау» үшін Азаматтың цифрлық әмиянын енгізу бастамасын көтеріп жатыр. Олардың пікірінше, бұл әрбір қазақстандық туралы дерек-досьені тек ақпараттық жүйелерде ғана емес, сон­дай-ақ жеке қоймасында да қордалауға мүм­кіндік береді. Ал Үкімет басшысы да­та-феодализммен күрес аясында бір­қа­тар шара көзделгенін жеткізді. 

«Бүгінде мемлекеттік органдардың ақ­параттық жүйелерінің 224 интеграциясы жос­парланған. Соның ішінде, 106-сы аяқ­талды. Қалған 118-і жүзеге асыру саты­сын­да тұр. Барлық интеграцияларды 2025 жыл­ғы 1 желтоқсанға дейін аяқтау жос­парда бар», – деді Олжас Бектенов. 

Ол қағаз көшірмелерді талап етуге тоқ­тау сала алмайтынын мойындады. Әрине, қол­даныстағы заңнама бойынша өтініш беру­шіден ақпараттық жүйелерде бар құ­жаттарды талап етуге мемлекеттік орган­дар­дың құқығы жоқ. Бірақ заң қабыл­да­ғанда депутаттардың өзі бұл талапты әл­сірететін жеңілдік қарастырып қойыпты. 

– Тыйымға қарамастан, заңнама кей жағ­дайда құжаттардың қағаз көшірмесін та­лап етуге рұқсат етеді. Оның қандай жағ­дайлар екені заңда көрсетілген. Сондай-ақ сот процестері аясында нотариалды рә­сім­делген құжат көшірмесін сұрата алады. Про­куратура, ҰҚК, Ұлттық банк, басқа ба­қылаушы-қадағалаушы органдардың сұрауы бойынша азамат құжаттардың қағаз көшірмесін ұсынуы керек. Меморганда не­месе контрагентте интернет, электронды жүйе­ге қолжетімділік жоқ болса да соны та­лап ете алады, – деді Премьер-министр.  

Айта кету керек, Жолдауда Қ.Тоқаев ел тари­хында бұрын-соңды болмаған құжатты қабылдауды жеделдетуді жүктеді. 

– Біз жаппай цифрландыру және ЖИ тех­нологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін ең алдымен, Цифрлық кодексті те­зірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрлан­дыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайда­лану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс, – деді Президент. 

Жасанды интеллект және цифрлық да­му министрі Жаслан Мәдиевтің дере­гін­ше, Цифрлық кодекс дайын, депутаттардың қарауына берілді. «Цифрлық кодексті Пар­ламент Мәжілісі қарап жатыр. Оны пы­сықтау Мәжіліс жанынан құрылған құ­зыреттер орталығының негізінде жүргі­зі­ле­ді. Кодекс жобасы қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерінде GitHub сайтында жария­ланады. Құжат Мемлекет басшысы бел­гілеген мерзімде қабылданады», – деп қыс­қа қайырды министр.

Жалпы, биылғы Жолдауда сондай-ақ Президент Alatau City цифрландырылған қаланы құруды тапсырды. Оны басқаруда ЖИ қолданылмақ. Жаңа шаһарда теңгемен қатар, биткойн және басқа криптовалюта қатар жүретін көрінеді. Министр Ж.Мә­диевтің айтуынша, ЖИ технологияларын қолдана отырып, Smart City архитектурасы әзірленеді, сондай-ақ оның экожүйесінде криптовалютаны пайдалану үшін қажетті актілер дайындалады. ЖИ арқылы реттеу орталығының қызметін жүргізу үшін суперкомпьютердің қуаты жұмсалады жә­не ұлттық ЖИ платформасы қолжетімді бо­лады. Мұның бәрі іске асып, Қазақ­стан­ның бет-бейнесін өзгерте ме, әлде бәрі әдет­тегідей қағаз жүзінде ғана әдемі болып қа­ла ма, уақыт көрсетеді.

Айхан ШӘРІП

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 07:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see155

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see147

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see145

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see143

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see141

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see128

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see125

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see125

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see125

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see124

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see123

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see122

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see117

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see117

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see115

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see115

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see114

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see113

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары