Наурызбай қажы Тағанұлы: Құрбан айт жақсылықта жарысатын мереке
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
«Шын мәнінде, Құрбан айт – жалаң құрбандық емес, ол – ішкі жан-дүниеңді тазарту мен рухани тұрғыдан жаңғыру деген сөз. Сұлтанмахмұт Торайғыров бабамыз бір сөзінде дін шын ақыл, ғылыммен бірлік етсе ғана шын дін болатынын, құр көңілге сеніп, құлшылық ету дұрыс емес екенін айтқан. Расында «құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр» дейді Бас мүфти.
Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде, материалдық мүмкіндігі бар əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет екенін айтады. Сондай-ақ шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемегенін айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс екенін жеткізді.
«Құрбан айт тек құрбан шалумен шектелмейді. Бұл – ағайын арасын жақындата түсетін күн. Араздасқан адамдар татуласып, өзара кешірім жолын ұстанады. Айт күндері туысқанның басын қосып, қарым-қатынасты күшейткен абзал. Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мереке. Ата-анамызға, бала-шағамызға сыйлық беріп, оларға арнайы көңіл бөліп, барынша қуантайық» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сондай-ақ осы амалдан кейін өскелең ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке ұмтылып, мерекені асыға күтетінін айтты.
«Қожа Ахмет Ясауи бабамыз бір даналық сөзінде Хаққа қызмет халыққа қызмет етуден басталатынын айтқан. Бұл – халықтың разылығы – Хақтың разылығында деген сөз. Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын мал құнын қолдан көтермей, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын» деді Бас мүфти.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы ел тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Мамыр 2026 09:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















