Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Семейде Sarap клубы өңірлердің сайлау алдындағы рөлін талқыға салды

Семейде Sarap клубы өңірлердің сайлау алдындағы рөлін талқыға салды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгін Семей қаласында Қазақстандық қоғамдық даму институты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Өңірлердің сайлау алдындағы күн тәртібін қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында  Sarap  сарапшылар клубының аймақтық отырысын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға Астана, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының сарапшылық және академиялық қоғамдастығының өкілдері, азаматтық сектордың өңірлік көшбасшылары, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Отырыс барысында сарапшылар өңірлердің сайлау процесіндегі рөлін, қоғамдық-саяси трендтердің қалыптасу ерекшеліктерін, саяси партиялардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын, сондай-ақ жастардың сайлауға қатысуын талқылады. Орталық және өңірлік деңгейдегі азаматтардың электоралдық көңіл күйлері мен қоғамдық-саяси белсенділігінің деңгейін көрсететін ҚҚДИ әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелеріне бөлек назар аударылды. Сондай-ақ сарапшылар саяси партиялардың өкілдері арасында өткен теледебат пен олардың сайлау науқанының барысына ықпалын талқылады.

Отырысты ашқан ҚҚДИ Институционалдық талдау және реформалар орталығының директоры Риззат Тасым:

«Қазіргі сайлау науқаны өңірлердің қоғамдық-саяси процестерге белсенді араласуы жағдайында өтіп жатыр. Бір палаталы Құрылтайға көшу жағдайында партиялар аумақтық қамтуды кеңейтіп, өңірлік теңгерімді қамтамасыз етуге ұмтылуда. Осылайша, өңірлер негізгі электоралдық алаңға және Құрылтай құрамын қалыптастыруға тікелей қатысушы маңызды күшке айналып отыр», – деп атап өтті.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы Әлия Масалимова қоғамның сайлаудан не күтетінін, электоралдық көңіл күйлер мен азаматтардың сайлау процесіне қатысу деңгейін көрсететін ҚҚДИ-дің соңғы әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін таныстырды.

«Зерттеу нәтижелері қоғамда елдің дамуына қатысты оң көзқарастың басым екенін көрсетеді. Азаматтар реформаларды қолдайды, өйткені олар жақын болашақта халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасына тікелей әсер етеді. Бұл ретте өзгерістерді оң қабылдау саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету қабілетімен тығыз байланысты. Осы орайда бүгінде партиялар үшін өңірлерге салыстырмалы талдау жүргізу, электораттық мінез-құлық сипатын айқындау және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары үшін нақты шараларды тұжырымдау маңызды міндет болып саналады», – деп атап өтті спикер.

Абай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, тарихшы Мадияр Насыров сайлау риторикасына жас буын өкілдерінің қатысу мәселесіне тоқталды.

«Жастармен тікелей жұмыс істей отырып, мазмұнды күн тәртібіне және шынымен де маңызды мәселелерді талқылауға қатысуға деген жоғары сұранысты көріп отырмын. Бұл ретте жастар мен қоғамның сұранысы өңірге байланысты ерекшеленеді. Мысалы, Абай облысының тұрғындары үшін басты тақырыптардың бірі денсаулық сақтау саласы болып қала береді. Дәл осы себепті халықтың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға бағытталған партиялық бастамалар ерекше маңызға ие», – деді ол.

«Интеллектуалды жастар қоғамының» жетекшісі Қуаныш Молдақашев жастардың әлеуетін тиімді қолдануға шақырды.

«Партиялар жастарды тек цифрлық жобаларға тартумен шектемеуге тиіс. Оларды бағдарламаларды әзірлеуге, қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға және саяси шешімдер қабылдауға толыққанды тарту маңызды», – дейді сарапшы.

Шығыс Қазақстан облысының Талдау және болжау институтының директоры Аяужан Әшімова азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар мен саяси партиялар арасындағы диалог алаңы болып табылатын қоғамдық кеңестердің сайлау процестеріндегі маңызды рөлін атап өтті:

«Сайлау науқаны кезеңінде қоғамдық кеңестердің партиялармен сындарлы өзара іс-қимылы әлеуметтік сұраныстарды ескеруге, өңірлердің өзекті мәселелерін талқылауға және азаматтардың саяси институттар мен сайлау процесіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді А.Әшімова.

«Эрудит» білім беру және ғылым орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы Айдын Қайырбекұлы үгіт-насихат науқанында құндылыққа негізделген тәсілге баса назар аударуға шақырды.

«Азаматтар құндылықтар төңірегінде бірігеді. Бұл қағидат сайлау процестерінде де толық жұмыс істейді. Сайлаушылардың өңірлік ерекшеліктері туралы сөз болғанда, біз тек күнделікті мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен бірге түсінікті құндылық бағдарларына да айқын сұраныстың бар екенін көреміз. Сондықтан саяси партиялар үшін халыққа жақын құндылықтарды дәріптеу, әрбір өңірдің мәдени әрі әлеуметтік ерекшелігін ескеру және мазмұнды диалог орнату маңызды. Дәл осы ортақ құндылықтар мен өңірлік күн тәртібін түсінуге негізделген сенім электораттық қолдаудың басты факторларының біріне айналады»,  – деді.

Профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Зейнолла Тоқаев мемлекеттік реформаларды ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудің мәнін және электораттық диалогтағы сенімнің маңыздылығын қарастырды:

«Саяси партиялардың сайлау науқанына табысты қатысуының басты факторы өңір тұрғындарының сенімі екені белгілі. Дәл осы себепті өңірлік ерекшеліктерді, жергілікті қоғамдық сұраныстарды ескеру және халықпен тұрақты диалог орнату бірінші кезекті маңызға ие. Мұндай тәсіл саяси партияларға азаматтардың шынайы қажеттіліктеріне жауап беретін шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді әрі сайлау процесіне деген сенімді нығайта түсуге ықпал етеді», – деді ол.

Shakarim University Әлеуметтанулық талдау орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы Мұхтар Әбдікәрімов қатысушыларды өңірдегі басты қоғамдық трендтермен және әлеуметтік көңіл күймен таныстырды:

«Қазіргі жағдайда өңірлік басқарудың тиімділігі қоғамдық сенім мен электораттық белсенділіктің негізгі шарттарының біріне айналып отыр. Негізгі индикаторлардың қатарында, сондай-ақ жергілікті күн тәртібін ескеру және бағдарламаларды өңірлендіру, коммуникацияларды цифрландыру, партиялық тізімдерде білікті кәсіби кадрлардың болуы бар», – дейді.

Жиын қорытындысында қатысушылар өңірлердің электоралдық күн тәртібін қалыптастырудағы маңызы артып келе жатқанын атап өтіп, сарапшылық қауымдастық, азаматтық сектор және мемлекеттік институттар арасындағы тұрақты диалогты нығайтудың өзектілігін айтты. Сонымен қатар азаматтардың электоралдық үдерістерге қатысу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 19:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары