Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Нашақорларды жаңа талдау арқылы үйлерде, университеттерде және колледждерде анықтамақшы

Қазақстанда құрылыс арматурасының өндірісі екі есеге артады

Индер ауданында 1 млрд 445 млн теңгелік спорт кешені мерзімінде тапсырылмады

Несие несібе емес

Петропавл қаласында жағымсыз иіс тарап, ауа сапасы күрт нашарлады

Лондонда медиа кеңсені өртемек болған күдікпен үш адам ұсталды

Істі тоқтатамын : Ұлытау облысында адвокат алаяқтық жолмен 31 млн теңге пара алған

Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай күйі қандай?

Айқаптағы Мағжан өлеңдері

Атырауда үш күнге ыстық су тоқтатылады

Прогресс бар : қазақстандықтар үшін Еуропаға виза алу жеңілдейді

Жұмыс беруші қызметкердің жарақаты жөнінде цифрлық жүйеге хабарлауға міндетті

Ірі державалардан гөрі орта державалардың жауапкершілігі жоғары Тоқаев

Финляндия азаматтық алу үшін сынақ енгізуді жоспарлап отыр

Екі облыста көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

Бибисара Асаубаева әлем чемпионаты үшін ойнайтын матчқа бір қадам қалғанда тоқтады

Бакудегі қайырымдылық жәрмеңкесі Қазақстан мен Әзербайжанның мәдени байланысын нығайтты

Бибісараның тағы бір белесі

Шымкенттің мәдени туристік мүмкіндігі бағамдалды

Атырауда ескі балабақшаларды жаңғырту жұмыстары басталды

Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!

Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ, қараймын келбетіңе мен таңырқап», деп әйгілі ақын Қасым Аманжолов айтқандай, біз – бақытты ұрпақпыз. Екі ғасырдың тоғысында өмір сүріп жатырмыз. Кеңестік кезең­нің күрделі белестерінен өттік: бір жайтты естіп, бірін есті­мей, бірін біліп, бірін білмей жет­тік. Ал қазір – егемен елдің алғаш­қы онжылдықтарындағы даму­дың куәсіміз. Шекарамыз нақты­ланды, Астанамыз салынды.

Бүгінде еліміздің ғылымы мен білімі заман талабына сай жаңарып, қарқын ала түсті. Жас ұрпақ ең алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып, түрлі саланың дамуына үлес қосып келеді. Бұл – тәуелсіздіктің нақты нәтижесі, ел болашағына салынған берік негіз.

Бір жағынан, жылдар бойы қалыптасқан артық шү­кір­шілік, пен­дешілік әдет, ашкөздік сияқты қасиеттер, екінші жағынан, ноқтаға үйренген малдай жуастық, айналаға – көршілерімізге жал­тақтай қарау секілді мінездер әлі де түрлі себептермен еркін қимыл­дауымызға белгілі бір шек­теу болып отырғанын да мойындауы­мыз керек.

Кең-байтақ жеріміз бар, жер қойнауы қазынаға толы. Хал­қы­мыз да көп емес. Осындай мүм­кін­діктерді көріп, «Неге біз бұдан да жақсы өмір сүрмейміз? Неге кейбір араб елдеріндегідей деңгейге көтеріле алмадық?», деп сауал қоятындар табылады. Бұл – орынды сұрақ.

Жылдам дамып, байыған елдер ең бірінші өз өмірін қажетті заңдармен қамтамасыз етіп, сол заңға түгелдей бағынып өмір сүре алған халықтың арқасында өркен­деді. Екіншіден, мұндай елдер­дің басында геосаяси мүмкін­діктерді терең ескеріп, оны тиімді бағытта ұстай білген, өзге мемлекеттермен байланысты тек халық­тың жағдайын жақсарту үшін пай­даланған басшылары болды. Үшіншіден, өскелең ұрпақты жан-жақты білім алып, тілдерді меңгеріп, озық ғылымға қызығу­шылық танытатын, өз елінің шынайы патриоты болып қалып­тасуына ерекше көңіл бөлінген. Өткенге сын көзбен қараумен қатар, егемендік­тің ең қиын кезең­дерінен өтіп келе жатқаны­мызды да тереңірек түсінсек екен деймін.

Бізде қазір жоғарыдағы үш бағытқа мүмкіндік бар ма? Иә, бар. Қалғаны – өз қолымызда. Бірінші бағыт барлық мәселені қамтиды. Екінші бағыт бойынша әлемдік деңгейде мойындалған тәжірибелі саясаткер, елге жаңа серпін беріп отырған басшымыз бар. Үшінші бағыт – біздің болашағымыз.

Аз-кем жетістігімізге мақ­тан­бай, межемізді және талға­мы­мызды әрқашан биік ұстауға талпы­нуымыз қажет. Тіліміз­ді ғана емес, дінімізді де сыйлап, қас­терлей білуіміз керек. Алайда кейбір жағдайлар, ханафи мәз­һабында жоқ ағымдарға еліктеп, қыздарымыздың бет-бейнесін бүркеп қара жамылуы, ұлдары­мыз­­дың білім алудан гөрі жат қы­лық­­тарға бейім болуы көңіл қын­­жыл­­тады. Көп жыл бойы сол­түс­тік­тегі көрші елдерге елік­теп, мұсыл­ман­дық­тан алыстап қалға­нымыз рас, енді қайтадан қазаққа жат әсіреңкілікті, жаман әдеттерді қойсақ екен.

Жұма күндері өрімдей жас­тар­дың мешіттің маңына сыймай жүргенін көргенде олардың жұ­мысы мен сабағы қайда екен деп ой­лай­сың. Тіпті кейбірі мектеп оқу­шы­лары екенін де байқауға болады.

Дінге құрметпен қараймын. Мен – мұсылманша жоғары білім алған, мешіт ұстап, Құран үйренген молданың немересімін. Сонау 80-жылдары араб елдерінің бірінде біраз жыл қызмет істеп, аздап тілін де меңгергенмін. Сол елдің халқы негізінен бірегей, әдеттегідей киінеді. Ал біздің қыз-келіншектеріміз, керісінше, халқымызда бұрын-соңды бол­маған, көзге жат, бет жауып, бас орап, түрі де түсі де үй­лес­пейтін киімдерді жиі киетін болып барады. Бұл көрініс ойлантады, дәстүр мен қазіргі заман сәнінің арасында күрделі шекара барын түсінесің. Осыларды көргенде «Атың шықпаса жер өрте» деген мақал ойға орала береді. Жас­тарымызды дүмше дін­шіл­дік пен діни радикализмнен тек жан-жақты білім сақтап қала алады деп есептеймін.

Тіл жойылса, ұлт та жойылады. Ұлты жоқ мемлекетте терең тамырлы тарих та болмайды. Қай мемлекеттің де негізі – халқы мен мемлекеттік тілі. Көп этносты мемлекеттерде сол ұлттың тілі мен мәдениетіне қолдау көрсетілмесе, олар әлсірейді. Алдымен аты-жөндері сақталады, кейін тілі мен мәдениеті, діні әлсірейді, ал соңында ұлт тек атын ғана сақтап, ақырында жойылады.

Біз – өз дініміз бен тілімізге ғана емес, барлық отандастарымызға жағдай жасап отырған елміз. Қазір көптеген жастарымыз үш, тіпті одан да көп тілдерді игерген. Ана тілімізді, яғни мемлекеттік тілді толық меңгермеген жастарға ата-анасы мен ортасы қолдау көрсетсе, шетел тілін игерген адам үшін ортақ тілді меңгеру қиындық тудырмайды.

Бір кезде Ресейде кейбір адамдар француз тілінде сөйлегенді мақтан тұтатын. Қазір бізде де орыс тілінде сөйлегенді дәреже көретіндер бар. Қазақстан халқы­ның басым бөлігі орыс тілін біледі, бұл да – бір байлығымыз. Дегенмен алдымен өзіңді, ұлтың­ды, тіліңді сыйлай білуіміз керек. Қазақтар қазақпен өз тілінде сөй­лесетін уақыт болды.

Білімді, еңбекқор, отансүйгіш ұлт­жан­ды жастарды тәрбиелеу ел бола­шағы үшін аса маңызды. Жастар осы қасиеттерге ие болу үшін ғаламтордан алған білімінен бөлек, ғылыми, әдеби, тарихи және мәдени салалардағы кітаптарды да пайдалану керектігін түсінуге тиіс. Тек жан-жақты дамыған адам өзіне де, ортаға да, отанға да тиімді және пайдалы қызмет көрсете алады.

Бір қуанышты жайт – бүгін­гі жастар білімге құштар әрі белсенді. Көбі жаңа заман талаптарына сай ойлай біледі және «үкімет маған не береді?» деп қол қусырып отырған жоқ. Өске­лең ұрпақ жеке кәсіпкерлікке бейім, жаңа технологиялар мен техниканы тез меңгереді. Мамандық таңдауда да елеулі өзгеріс байқалады: жастар заманауи сұранысқа ие, болашағы зор мамандықтарға бет бұрып жатыр.

Президентіміз жариялаған «Жаңа Қазақстан» идеясы жас­тар­ға қоғам өмірінің барлық сала­сында бұрын-соңды болмаған мүм­­кін­діктер ашып отыр. Осы орай­да айта кетейін, Мемлекет бас­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың өткен айда жасаған маңыз­ды ха­лықаралық іссапар­лары Қазақ­станның сыртқы сая­сатындағы беделін айқындап берді. АҚШ басшысы Дональд Трамптың шақы­руымен Вашингтонға сапары барысында Қасым-Жомарт Кемелұлына көрсетілген жоғары құрмет Қазақстан Пре­­­зидентінің халықаралық аре­на­дағы рөлін айқындайды. Сол сапарда бір­неше миллиард доллар көлеміндегі стра­тегиялық келісімдерге қол қойы­лып, Қазақстан мен АҚШ арасын­дағы қатынастар жаңа страте­гиялық деңгейге көтерілді. Амери­кадан оралғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мем­ле­кет­тік сапар­мен барып қайтты. Құдай қосқан көршілеріміздің Қасым-Жомарт Кемелұлына көрсеткен достық жылы ықыласын ақпарат құрал­дары жарыса жазды, көр­сетті. Өзбек­стан, Қырғызстанға барған сапарларында да елдер арасында экономикалық интегра­цияны нығайтуға бағытталған маңызды меморандумдарға қол қойылды. Мемлекет басшысының сан қырлы ынтымақтастықты дамытуды көздейтін, парасатты және батыл саясатын жоғары бағалап, қолдауымыз қажет.

Ендігі мақсат – осы мүм­кін­діктерді ұтымды және тиімді пайдаланып, Жаңа Қазақс­тан­ның іргетасын қалауға бағыт­тал­ған жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру. «Біздің тарих – бұл да бір қалың тарих, оқулығы әлі жұп-жұқа бірақ тағы», деп әйгілі Қадыр Мырза Әлі ақын айтқандай, жазылмаған, жазылғаны оқылмаған, бұр­ма­ланған, тіпті құрдымға кетіп бара жатқан тарихымыздың терең екенін, тарихи ақиқатты өскелең ұрпақ білуі керек. «Біз қазақпыз» атты өлеңімдегі:

«Тарихымыз тереңнен басталатын,

Жалғасты, кезі бітіп бос қалатын.

Жетеміз әлі талай белестерге,

Біз қазақпыз, қазақпыз, саспа, халқым!»

деген жолдар осындай ойдан туған еді.

Жастарымыз әлем әдебиетінің озық үлгілерін оқып қана қоймай, өзіміздің әдебиетімізбен де сусындаса, өзіне және өмірге қажет рухани байлыққа қол жеткізер еді. Бұл жерде қаламгерлеріміздің айлар, тіпті жылдар бойы отырып жазған еңбектерін кейде жариялауға көмек іздеп, қысылып қалатыны да – ойландыратын жағдай. Мұндай қиындық мәдениет саласында да әлі аз емес, ал олардың шешімдері – уақыт еншісінде.

Аты бар да заты жоқ күйде болған Ғылым академиясының қайтадан өз орнына оралуы көңіл қуантады. Қазақтың біртуар азаматы Қаныш Имантайұлы құрған ғылымның қарашаңырағынан халықтың күтері көп.

Мұның бәрі менің жеке пікірім ғана. Сөз соңында айтарым, қазақта «Біреу келіп, біреудің қазанына ас салмайды» деген мағыналы сөз бар. Әр адам, әсіресе өскелең ұрпақ, өз бақытын алдымен өзі іздеуге тиіс. Өз елімізде, өз жерімізде өмір сүріп отырған, мүмкіндігі мол халықпыз. Біз бақыттымыз!

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері, Мәжіліс депутаты,
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 08:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Нашақорларды жаңа талдау арқылы үйлерде, университеттерде және колледждерде анықтамақшы

16 Сәуір 2026 18:18see125

Қазақстанда құрылыс арматурасының өндірісі екі есеге артады

16 Сәуір 2026 15:34see124

Индер ауданында 1 млрд 445 млн теңгелік спорт кешені мерзімінде тапсырылмады

16 Сәуір 2026 12:18see119

Несие несібе емес

17 Сәуір 2026 08:09see117

Петропавл қаласында жағымсыз иіс тарап, ауа сапасы күрт нашарлады

17 Сәуір 2026 13:06see116

Лондонда медиа кеңсені өртемек болған күдікпен үш адам ұсталды

16 Сәуір 2026 22:37see115

Істі тоқтатамын : Ұлытау облысында адвокат алаяқтық жолмен 31 млн теңге пара алған

16 Сәуір 2026 19:48see115

Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай күйі қандай?

16 Сәуір 2026 09:24see115

Айқаптағы Мағжан өлеңдері

17 Сәуір 2026 08:52see115

Атырауда үш күнге ыстық су тоқтатылады

16 Сәуір 2026 00:52see115

Прогресс бар : қазақстандықтар үшін Еуропаға виза алу жеңілдейді

16 Сәуір 2026 12:40see114

Жұмыс беруші қызметкердің жарақаты жөнінде цифрлық жүйеге хабарлауға міндетті

17 Сәуір 2026 18:25see114

Ірі державалардан гөрі орта державалардың жауапкершілігі жоғары Тоқаев

17 Сәуір 2026 20:49see112

Финляндия азаматтық алу үшін сынақ енгізуді жоспарлап отыр

17 Сәуір 2026 04:45see112

Екі облыста көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

16 Сәуір 2026 05:52see112

Бибисара Асаубаева әлем чемпионаты үшін ойнайтын матчқа бір қадам қалғанда тоқтады

16 Сәуір 2026 02:46see111

Бакудегі қайырымдылық жәрмеңкесі Қазақстан мен Әзербайжанның мәдени байланысын нығайтты

16 Сәуір 2026 16:52see111

Бибісараның тағы бір белесі

17 Сәуір 2026 09:31see111

Шымкенттің мәдени туристік мүмкіндігі бағамдалды

16 Сәуір 2026 08:17see110

Атырауда ескі балабақшаларды жаңғырту жұмыстары басталды

17 Сәуір 2026 18:21see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары