Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Сенат бұралқы иттер мәселесіне арналған құжатты Мәжіліске қайтарды

Сенат бұралқы иттер мәселесіне арналған құжатты Мәжіліске қайтарды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Заң жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы жетілдіру, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және жануарларға ізгілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Сенат жануарлар санын реттеу кезінде «эвтаназия» терминін қолданудан бас тартты

Жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заңға енгізілген қоғамда үлкен резонанс тудырған түзетулерді қарау барысында сенаторлар құжаттың ең сезімтал нормаларын жан-жақты қайта қарап, неғұрлым теңгерімді әрі ізгілікке негізделген тәсілді қалыптастыруға бағытталған бірқатар принципті өзгерістер ұсынды.

Жұмыс тобының құрамына зооқорғаушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, экологтар, ғалымдар мен сарапшылар кірді. Сонымен қатар, өңірлерден де ұсыныстар жолданды.

Жұмыс тобы заңды қарау қорытындысы бойынша, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында сөйлеген сөзінде жүктеген міндеттеріне сүйене отырып, ұсынылған нормалар белгілі бір түзетулерді қажет етеді деген шешімге келді. Осыған байланысты Сенат заңға өз түзетулерін енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды.

Негізгі өзгерістер қатарында:

Сенат қоғамда кең резонанс тудырған Заңның 15-бабында жануарлар санын реттеу кезінде «эвтаназия» терминін қолданудан бас тартты.

Мәжіліс қабылдаған Заңның 15-бабында иесіз жануарлар панажайға немесе уақытша ұстау пунктіне жеткізілгеннен кейін бес тәулік өткен соң, сондай-ақ ауру, негізсіз агрессия танытатын, қараусыз және иесі табылмаған жануарларға қатысты, Азаматтық кодексте көзделген мерзімдер өткеннен кейін эвтаназия қолдану көзделген еді.

Аталған бапта Сенат иесіз жануарлар санын реттеу кезінде «эвтаназия» терминін қолданудан бас тартуды ұсынды.

Сонымен қатар, кең қоғамдық талқылауға түскен 5 тәулік мерзімін қолданудан да бас тарту ұсынылды. Иесіз жануарлар санын реттеудің нақты тәртібі мен мерзімдерін әр өңірдің мәслихаттарына дербес айқындау ұсынылды

Сенаторлар ұсынылған бес күн ішінде жануардың иесін табу әрдайым мүмкін болмайтынын түсінеді. Сонымен бірге, иесіз жануарлар санын реттеу қажеттілігі де күмән туғызбайды. Бұл мәселе еліміздің бірқатар өңірі үшін өзекті. Осыған байланысты жергілікті мәслихаттардың шешімдері әр қала мен облыстағы нақты жағдайды ескеруге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ иесіз жануарлар санының бақылаусыз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Чиптің болмауы жануардың иесіз екенін білдірмейді

Сенаторлар «иесіз жануарлар» ұғымына қатысты даулы тұжырымға да назар аударды. Қабылданған заңда арнайы чипі жоқ иттер мен мысықтарды иесіз жануарларға жатқызу ұсынылған болатын.

Сенаторлардың пікірінше, чиптің болмауы әрдайым жануардың иесі жоқ дегенді білдірмейді. Бұл іс жүзінде үй жануарларының қате түрде иесіз деп танылуына әкелуі мүмкін және оның жағымсыз салдары болуы ықтимал.

Осыған байланысты қолданыстағы заңнама нормасын сақтау ұсынылады: иесіз жануардың негізгі белгісі ретінде чип сияқты есепке алу құралының болуы емес, оның иесінің болмауы қарастырылуы тиіс.

Сенаторлар бүгінгі таңда барлық үй жануарлары чиптелмегенін ескере отырып, бұл түзету құқық қолдану тәжірибесіндегі тәуекелдер мен теңгерімсіздіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Сенат заңды қарау барысында ең даулы нормаларды терең әрі жан-жақты пысықтап, қоғамда үлкен резонанс тудырған негізгі мәселелер бойынша нақты шешімдер ұсынды. Сонымен қатар, бірқатар мазмұндық және техникалық өзгерістер енгізілді.

— Сенаторлар азаматтардың қауіпсіздігі, жануар иелерінің жауапкершілігі және жануарларға ізгілікпен қарау қағидаттарын қатар ескеретін теңгерімді ұстанымды дәйекті түрде қорғап келеді. Мұндай жұмыс форматы жан-жақты талдауға негізделген және қоғам сұранысына сай келетін шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, — деп аталып өткен Сенат мәліметінде.

Еске салайық, қолданыстағы заңнама жануарларды қорғау мәселелерін реттейді, оларға қатыгездік көрсетуге (ұрып-соғу, азаптау және т. б.) және оларды күтіп-бағу міндетінен бас тартуға, жануарлар төбелесін ұйымдастыруға тыйым салады, сондай-ақ құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі шараларды көздейді.

Мәжілісте ұсынылған жаңа түзетулер аясында:

— үй жануарларын өсіру мен айналымына бақылауды күшейту ұсынылды. Енді үй жануарларын сату және беру тек оларды есепке алған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл тетік селекционерлер мен кинологиялық клубтардың ғана емес, жануар өсірумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметін реттеуге мүмкіндік береді;

— жануар иелерінің жауапкершілігін күшейту мақсатында уәкілетті органға ұстауға, өсіруге және айналымға тыйым салынатын жануарлардың тізбесін белгілеу құзыретін беру ұсынылды;

— азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған норма енгізілді. Енді үй жануарының иесі оны серуендету талаптарын бұзып, соның салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, басқа жануарларға немесе мүлкіне зиян келтірсе, келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Сонымен қатар, егер адамның денсаулығына ауыр немесе орташа зиян келтірілсе, иесі мұндай жануарға эвтаназия жүргізуге міндетті;

— жануарларды ұстау, серуендету, аулау, уақытша ұстау және жою қағидаларын әзірлеу бойынша әкімдіктердің, ал оларды бекіту бойынша мәслихаттардың өкілеттіктерін нақтылау ұсынылды;

— жануарларды аулау, уақытша ұстау және жоюдың үлгілік қағидаларына сәйкес жедел әрекет ету шараларын ұйымдастыру өкілеттіктерін бекіту ұсынылды.

Еске салсақ, биыл сәуір айының басында Парламент Мәжілісі иттер мен мысықтарды міндетті чиптеуді енгізетін заңды қабылдады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 11:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see164

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

28 Шілде 2026 10:35see149

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see143

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see143

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see142

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see136

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see131

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see127

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see126

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see124

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see118

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see114

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see114

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see114

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see112

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see112

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see110

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see110

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see109

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары