Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Сенат жаңа Цифрлық кодексті мақұлдап, ілеспе құжатты Мәжіліске қайтарды

Сенат жаңа Цифрлық кодексті мақұлдап, ілеспе құжатты Мәжіліске қайтарды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Кодекс цифрлық деректер мен цифрлық объектілерді құру, олардың айналымы, сақтау, беру және пайдалану кезінде туындайтын цифрлық ортадағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

— Кодекстің міндеттерінде цифрлық ортадағы құқықтық реттеудің негізгі ұғымдарын, қағидаттары мен тетіктерін айқындау, цифрлық ортаның орнықты дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету, цифрлық ортадағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың барлық салаларының цифрлық трансформациясын құқықтық қамтамасыз ету ескерілген. Кодекс 19 тарауды қамтитын 6 бөлімнен тұрады, — делінген Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметінде.

Кодексте мынадай негізгі жаңашылдықтар көзделеді:

— жеке деректерді алып тастауды, анонимдеуді және өңдеуді шектеу құқығын қоса алғанда, адамның цифрлық құқықтарын заңнамалық бекіту;

— уәкілетті маманның (мамандардың) қатысуымен цифрлық орта субъектісінің алгоритмдік жүйелерді пайдалана отырып қабылданған шешімдерді қайта қарау құқығын белгілеу;

— биометриялық деректерді қолдануды және биометриялық аутентификацияны құқықтық реттеу, оған сәйкес биометриялық деректерді міндетті түрде өңдеуге және биометриялық аутентификацияны жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі;

— технологиялық бейтараптық, цифрлық этика және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын бекіту;

— мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін цифрлық технологиялардың, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілеу.

Сонымен қатар, Кодекс цифрлық жазбаларды, цифрлық активтерді, цифрлық ресурстарды, цифрлық платформаларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, цифрлық жүйелерді, цифрлық инфрақұрылым объектілерін, цифрлық деректер өнімдерін қоса алғанда, цифрлық объектілердің құқықтық мәртебесін нақтылайды және бекітеді.

Бұдан бөлек, Кодексте электрондық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттардың және қағаз құжаттардың заңдық баламалылығы көзделеді.

Кодекстің жеке тарауы жоспарлау, құру, тәжірибелік пайдалану, киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу, дамыту, түрлендіру, архивтеу және пайдаланудан шығару кезеңдерін қамтитын цифрлық үкіметтің цифрлық объектілерінің циклін реттейді.

Мұнымен қоса, Кодекс электрондық үкімет моделінен цифрлық үкімет моделіне көшуді бекітеді, бұл жария басқару жүйесіне көзқарастардың сапалы өзгеруін — электрондық қызметтерді ұсынудан деректерге және кешенді цифрлық архитектураға негізделген басқаруға өзгергенін көрсетеді.

Атап айтқанда, Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заңға өзгеріс енгізді.

Заңды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қарау барысында мынадай түзетулер енгізілді:

— «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңда 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін ұжымдық құқықтарды басқару жөніндегі ұйымның іс жүзіндегі шығыстары бойынша әкімшілік шығыстарды 30-дан 20 пайызға дейін төмендету бөлігінде құқықтық коллизия жойылды;

— «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда мемлекеттік мүлік тізілімінде пилоттық жобаны іске асыру бөлігінде уәкілетті органның құзыреті нақтыланды;

— «Автомобиль көлігі туралы» Заңда 14-1-бапқа енгізілетін түзету алынып тасталды, өйткені бұл бап бұрын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен алып тасталған болатын;

— «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңда 10-6-баптың 4 және 5-тармақтары тұрғын үй қатынастары саласына жатпайтын авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілерге сыйақы беру құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың жинау, бөлу, төлеу және сақтау тетігін жетілдіру бөлігінде алып тасталады;

— Үкіметтің орталық атқарушы органдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті алып тасталды;

— бірқатар түзетулер заңнаманы Цифрлық кодексте көзделген терминологияға сәйкес келтіруге бағытталған.

Еске салсақ, биыл желтоқсан айының басында Парламент Мәжілісі Цифрлық кодексті қабылдағанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары