Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Севоран: Баланы ұйықтатып тісін емдеудің қаупі мен тиімділігі қандай?

Севоран: Баланы ұйықтатып тісін емдеудің қаупі мен тиімділігі қандай?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Соңғы жылдары балалар тісін жалпы анестезиямен емдеу жиілеп, ата-аналарды севоранның қауіпсіздігі алаңдатып отыр. Мамандар бұл препарат баланың психикасын қорғайтынын және қорқыныш сезімін сейілтетінін айтады. Осы орайда Egemen.kz тілшісі білікті мамандардан севоранның қолданылуы, артықшылықтары мен мүмкін қауіптері жөнінде толық ақпарат алды.

Фото: istockphoto.com

Севоран қалай әсер етеді?

«Севоран немесе севофлуран – қазіргі таңда балалар стоматологиясында ең кең наркоздық аппарат. Біз оны әсіресе жас балаларға, көп тісі зақымданған немесе ем кезінде тыныш жата алмайтын балаларға қолданамыз», дейді тіс дәрігері Давронов Мардон Нусратович.

Дәрігердің айтуынша, препараттың ең үлкен артықшылықтарының бірі – әсерінің жылдамдығы.

Балаларға әсері:

1-2 минутта тез ұйықтатады; Жүрек пен тынысқа әсері өте төмен; Ем кезінде психологиялық жарақаттың алдын алады. Қауіпсіздік шаралары қалай сақталады?

Дәрігер севоран қолданар алдында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталатынын айтады:

Баланың толық медициналық тексерісі (жүрек-тамыр, тыныс жолы, неврологиялық ақаулары).  Мөлшерді жасына және салмағына қарай нақты есептеу. Пульс, дене қызуы, қан қысымы, сатурацияны тұрақты бақылау. Бала кемінде 6 сағат тамақ ішпеуі керек. Реанимациялық жабдықтың толық дайындықта болуы.

«Севоранның әсері тез басталып, тез аяқталады. Орташа наркоз 2-3 сағатқа созылады. Кейбір күрделі жағдайларда 4-5 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін, бірақ оны анестезиолог шешеді. Баланы ұзақ уақыт наркозда ұстамас үшін бір сеанста 6-8 тіс емдеген дұрыс. Егер 15-20 тіс зақымданса, емді екі бөліп жасаймыз», дейді Давронов.

Препараттың артықшылықтары қандай?

Ауырсыну мен қорқыныш жоқ; Бірнеше тісті бірден емдеуге мүмкіндік; Ояну кезеңі жеңіл; Аллергиялық реакциялар сирек кездеседі.

Тыйым салынатын  жағдайлар:

Астма, ларингоспазм сияқты тыныс жолдарының ауыр аурулары; Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі; Жүрек аурулары; Жергілікті анестетиктерге аллергия; Ауыр неврологиялық аурулар; Эпилепсияның бақыланбайтын түрі; Жақын арада инфекциялық аурулармен ауырса (мәселен, ЖРВИ-мен 1-2 апта бұрын ауырса) Балалар үшін қауіпсіз бе?

«Севоран арнайы наркоздық аппарат арқылы беріледі. Аппарат севофлуран газын дәл мөлшерде араластырып, маска арқылы балаға жібереді. Оның басты артықшылығы – тез ұйықтатып, ауырсынуды сездірмеу, баланың бұлшықеттерін аз мөлшерде босаңсыту және тез оятатындығы. Балалар үшін қауіпсіздігі жоғары», дейді анестезиолог-реаниматолог маман Темірғалиев Қанағат. 


Қандай жаста ерекше сақтық қажет?

1 жасқа дейінгі балалар – тыныс жолдары өте сезімтал; Шала туған балалар – қосымша тексеру қажет.

Анестезиологтың айтуынша, қауіпсіздіктің негізгі факторлары:

Мөлшерді жасына және салмағына қарай дәл есептеу; Сатурация, тыныс, жүрек жиілігін үздіксіз бақылау; Тіс саны көп болса, наркозды екі кезеңге бөлу.

Процедура кезінде үздіксіз бақылау жүргізіледі:

Сатурация – оттегінің деңгейі (пульсоксиметр). ЭКГ – жүрек ритмі мен жиілігі. Капнография – сыртқа шығатын CO₂ мөлшері, тыныстың сапасын көрсетеді. Қан қысымы, дене қызуы 5-10 минут сайын өлшенеді.

«Бала 6 сағат тамақ, 4 сағат су ішпеуі керек. Ұйықтау-ояну кезеңі қалай өтетіні, қандай тістер емделетіні алдын ала түсіндіріледі. Қысқа мерзімді бас айналу, мазасыздық болуы мүмкін. Үйге барған соң кешке таза ауада серуендеу пайдалы», дейді Темірғалиев.

Дәрігерлердің пікірінше, ата-ананың негізгі міндеті – баланы алдын ала тексеруден өткізіп, наркоз алдындағы талаптарды дұрыс орындау. Ал қалғаны арнайы дайындықтан өткен мамандардың бақылауында болады. Ең бастысы – процедураны кәсіби орталықта, тәжірибелі дәрігерлердің қатысуымен өткізу.

Бұған дейін министр Ақмарал Әлназарова Астанадағы стоматологиялық клиникада наркоздан кейін көз жұмған үш жасар қызға қатысты жағдай бойынша севофлуран (севоран) препаратының қолданылуына тыйым салу мәселесіне түсінік берген еді. Қазір бұл іске қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 

Елімізде балалардың бір сәтте бірнеше тісін жалпы наркозбен емдеу жағдайлары бойынша шағымдар жиілеп кеткен соң, Денсаулық сақтау министрлігі стоматалогиялық клиникаларға тексеріс жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 17:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары