Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Шерхан Мұртазаның 6 мың беттік мұрасы Ұлттық архив қорына табысталды

Шерхан Мұртазаның 6 мың беттік мұрасы Ұлттық архив қорына табысталды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Іс-шараға белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, жазушының туыстары мен әдебиеттанушылар қатысты.

Құнды қор ретінде тапсырылған материалдардың қатарында жазушының әйгілі «Қызыл жебе» романының түпнұсқа қолжазбалары, Тұрар Рысқұлов туралы зерттеу жазбалары, сондай-ақ кеңестік билікке қарсы шыққан қазақ зиялыларының күресін суреттейтін «Бесеудің хаты» атты екі бөлімді драмасының және басқа да шығармаларының қолжазбалары бар.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

– Бұл қолжазбалар Шерағаңның студент кезінен бастау алады. Ішінде өзінің көркем шығармалары мен естеліктері бар. Менің өзіме ерекше әсер еткені – студент кезінде жазған, сызған қойын дәптері. Бұл шығармашылық зертханасынан хабар беретін құнды қолжазбалар. Сондай-ақ баспаға дайындаған кезінде түзетіп, кей жерлеріне түсініктеме берген жазбалары бар. Бұл әдебиеттанушы ғалымдар үшін аса маңызды деп ойлаймын. Сонымен бірге мақалалары және көптеген көне, құнды фотосуреттер сақталған, – дейді «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Архив қорына жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты бұрын еш жерде жарияланбаған сирек фотосуреттері, жеке хаттары, жазба дәптерлері және тарихи-мәдени маңызы зор өзге де құжаттар өткізілді.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова бұл мұраларды көздің қарашығындай сақтап, келесі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

– Бүгін тарихи әрі тағылымды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Өйткені біздің Ұлттық архивтің қоры қазақ әдебиетінің алыбы Шерхан Мұртазаның жеке қорымен толығып жатыр. Архив тек құжаттарды сақтайтын орын емес. Бұл – ұлттың жадын, елдің рухын, тұлғаларымыздың тағдырын сақтайтын киелі мекен. ҚР Ұлттық архиві еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап ел тағдырына қатысты маңызды құжаттарды сақтап келеді. Біздің мақсатымыз – осындай құнды мұраларды сақтау ғана емес, оны болашақ ұрпаққа аманаттау. Мемлекет тарихы – елдің ел болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан тұлғаларымыздың еңбегінен құралады. Сондықтан осы тұлғаларымыздың еңбегі мен мұрасын көздің қарашығындай сақтау – біздің борышымыз. Бұл мұралар Ұлттық архивтің сөресінде ғана емес, әрбір қазақтың жүрегінде сақталса екен, – деді Сағила Нұрланова.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ҚР Ұлттық архивінің жариялау-баспа бөлімінің басшысы Әбу-Асқар Мекешұлының айтуынша, қазіргі уақытта бұл құжаттарды зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– «Egemen Qazaqstan» бізге Шерхан Мұртазаның 6000 парақтық мұрасын тапсырды. Құжаттарды сақтаудың өз заңдылығы бар: температура режимі дұрыс сақталмаса, қағаз бүлінеді. Бұл мұралардың ішінде бүлінгендері де бар. Біздің мамандар барлығын ортаға бейімдеу, тазарту және бүлінгендерін қалпына келтіру, яғни «емдеу» жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді ол.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада жаңа балалар кітапханасы ашылғанын хабарлаған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 18:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары