Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Шерзод Пулатов: Қоғамдық сенім жаңа институттың нәтижесі арқылы нығаяды

Шерзод Пулатов: Қоғамдық сенім жаңа институттың нәтижесі арқылы нығаяды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл күні әрбір азамат өз таңдауын жасап, мемлекеттің болашағына қатысты шешім қабылдауға үлес қосады. Осыған орай Астана қаласындағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Шерзод Пулатов өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл сайлаудың басты ерекшелігі неде?

Айта кетейік, жинақтаған тәжірибесі мен тарихи рөлі бар қос палаталы Парламент құқықтық жүйені қалыптастыруға, мемлекеттік институттарды нығайтуға, заң шығару мәдениетін орнықтыруға маңызды үлес қосты. Қоғам өзгерген сайын саяси институттар да жаңа талаптарға бейімделетіні мәлім. Ал бір палаталы Құрылтайға көшу –  қалыптасқан тәжірибеден бас тарту емес, заң шығару билігін заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған қадам.

Шерзод Пулатовтың айтуынша, бір палаталы құрылымның басты артықшылығы – заң жобаларының бірнеше сатыдан өту қажеттілігі азайып, өзекті мәселелерге дер кезінде әрі тиімді жауап беру мүмкіндігі артады. Сонымен қатар қабылданған заңдар үшін саяси жауапкершілік те бір орталыққа шоғырланады.

«Парламент жұмысының нәтижелілігі оның екі немесе бір палаталы болуына ғана байланысты емес. Ең маңыздысы – депутаттардың кәсіби деңгейі, сарапшылар мен қоғам пікірінің ескерілуі және ашық саяси пікірталас мәдениетінің қалыптасуы әрі заң жобаларының сапалы әзірленуі», – деді Ш.Пулатов.

Оның пікірінше, бұл сайлаудың басты ерекшелігі – жаңа Конституцияның шеңберінде құрылатын бір палаталы Құрылтайдың алғашқы құрамы айқындалады.

«Сондықтан бұл – кезекті электоралдық науқан емес, бұл – Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесінің жаңа институционалдық кезеңге қадам басуы. Сайлау бірыңғай жалпыұлттық округ бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша өтеді. Мұндай модель саяси партияларға ел көлеміндегі қоғамдық сұранысты жинақтауға, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін тұтас бағдарламалық ұстанымдарға біріктіруге және парламенттік қызмет үшін ұжымдық саяси жауапкершілік алуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Жаңа Құрылтай беделді институтқа айналады

Шерзод Пулатовтың сөзінше, кез келген саяси партияның басқа саяси күшпен бірігуі – оның жарғылық органдары қабылдайтын саяси-құқықтық шешім. Ол «AMANAT» партиясының қалыптасқан кадрлық әлеуеті мен жинақтаған тәжірибесі бар, мемлекеттік және қоғамдық институттардың қалыптасуына елеулі үлес қосқан ірі саяси ұйым екенін атап өтті.

«Аталған фракцияның «Әділет» партиясының құрамына қосылу шешімі, бұл – саяси күштердің жаңарған құндылықтар мен ортақ стратегиялық мақсаттар төңірегінде топтасуға ұмтылысы.  Әйтсе де, кез келген бірігудің құндылығы оның атауынан немесе ұйымдастыру тәртібінен емес, нақты нәтижесінен көрінеді», – деді ол.

Оның пікірінше, нақты нәтиже – саяси мәдениеттің жаңаруынан, ашықтықтың қамтамасыз етілуінен, азаматтардың пікірінің ескерілуінен және қоғам алдындағы жауапкершіліктің іс жүзінде көрініс табуынан байқалуы тиіс. 

«Түптеп келгенде, саяси ұйымдарға берілетін шынайы бағаны олардың мәлімдемелері емес,  ұсынған идеяларының өміршеңдігі, кадрлық әлеуеті және нақты атқарған жұмысын айқындайды», – деді Ш.Пулатов.

Сарапшының пікірінше, қоғам мен билік арасындағы диалогтың сапасы сайлау күнімен ғана өлшенбейді.

«Қоғам мен билік арасындағы диалогтың неғұрлым сапалы болуы – партиялардың бағдарламалары мен депутаттық сауалдарда және парламенттік бақылау тетіктерінде – ел тұрғындарының ұсыныстары қаншалықты көрініс табуына байланысты болады. Сондықтан жаңа Құрылтай қоғамдық пікірді тек тыңдайтын емес, оны нақты заңнамалық шешімдерге айналдыратын институционалдық алаңға айналуы тиіс. Құрылтай ел үшін маңызды мәселелер еркін талқыланатын, салмақты шешімдерге негіз қалайтын, мемлекеттік саясаттың ұзақмерзімді бағытын айқындауға үлес қосатын беделді саяси әрі зияткерлік алаңға айналуы тиіс. Солай боларына сенемін», – деді сарапшы.

Реформаларға халықтың қызығушылығы жоғары

Шерзод Пулатов өзінің қоғамдық қызметі барысында қазіргі уақытта азаматтық қоғам өкілдерімен, сарапшылармен, жастармен, этномәдени бірлестіктермен, кәсіпкерлермен және түрлі сала мамандарымен тұрақты түрде пікір алмасып жүргенін айтты.

«Бұл кездесулердің мақсаты – қандай да бір кандидатқа немесе партияға қолдау көрсетуге үндеу емес. Жаңа Конституцияның мазмұнын, бір палаталы Құрылтайдың қызметін, заң үстемдігін, қоғамдық келісім мен азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы сияқты ел үшін маңызды мәселелерді талқылау. Байқағаным, қоғамда жүргізіліп жатқан реформаларға қызығушылық жоғары», – деді ол.

Оның пікірінше, азаматтарды толғандыратын заңды сауалдар аз емес. Олар жаңа Құрылтайдың бұрынғы Парламенттен ерекшелігін, депутаттардың жауапкершілігі қалай күшейтілетінін және қоғамдық ұсыныстардың заң шығару үдерісінде қалай ескерілетінін білгісі келеді.

«Мұндай сұрақтардың алға тартылуы – қалыпты әрі пайдалы құбылыс. Өйткені қоғамдық сенім – түсіндіру жұмыстарымен ғана қалыптаспайды. Қоғамдық сенім – жаңа институттың нәтижесі мен ашықтығы және қоғам алдындағы жауапкершілігі арқылы нығаяды»,  –  деді ол.

Оның пікірінше, жаңа Конституциялық модель жағдайында Құрылтай мен Халық кеңесі арасындағы байланысты күшейту маңызды.

«Құрылтай мен Халық кеңесі арасындағы байланысты күшейту – азаматтық қоғамның әлеуетін тиімді пайдалануға, қоғамдық бастамалардың заң шығару барысында жан-жақты қаралуына және азаматтардың үні мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісінде кеңінен естілуіне ықпал етеді»,  –  деді Ш.Пулатов.

Ол өзінің Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде партиялық тізімге енуі – зор жауапкершілік екенін атап, сайлау қорытындысы қандай болса да, өзінің қоғамдық және кәсіби қызметінде мемлекет пен қоғам мүддесіне адал қызмет ету қағидатынан айнымайтынын атап өтті.

Сондай-ақ ол Құрылтайда қандай мәселе қаралса да, оның түпкі мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әділеттілікті нығайтуға және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді күшейтуге бағытталуы тиіс екенін тілге тиек етті.

«Түпкі мақсат – жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттарды нақты заңнамалық және институционалдық тетіктер арқылы жүзеге асырып, құқық үстемдігіне негізделген, әділетті, қоғамдық келісімі берік және адам мүддесін басты орынға қоятын мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамыту», – деп сөзін түйіндеді Шерзод Пулатов.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 16:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары