Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

Ата заңның жаңаруы қоғамдық сенім мен әділеттіліктің кепілі

Ата заңның жаңаруы қоғамдық сенім мен әділеттіліктің кепілі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстан – демократиялық және әлеуметтік мемлекет. Демократиялық мемлекет дегеніміз – биліктің қайнар көзі – халық деген сөз. Яғни, елдегі ең маңызды шешімдер халықтың қатысуымен қабылданады. Бұл құқық екі негізгі жолмен, атап айтқанда, сайлау және референдум арқылы жүзеге асады. Сайлау арқылы азаматтар өз өкілдерін таңдаса, референдумда халық маңызды мәселелерді тікелей өзі шешеді. Бұл – әрбір азаматтың ел басқаруға қатысу құқығы бар екенін айқындайды.

Жаңа Конституция еліміздің мемлекеттік даму философиясына жаңа мазмұн енгізді

Қазақстан сонымен бірге әлеуметтік мемлекет, яғни білім алу, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау сияқты маңызды салаларға тікелей мемлекет жауап береді. Мәселен, 2026 жылға арналған Жетісу облысы бюджетінің жалпы шығыс көлемі 633,1 млрд теңгені құраса, оның басты басымдығы толықтай әлеуметтік салаға арналған. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік салаға 325,3 млрд теңге немесе жалпы бюджеттің 51,4 пайызы бағытталып отыр. Оның ішіндегі ең ірі бағыттардың бірі білім беру саласына 221,2 млрд теңге (34,9%) бөлінсе, денсаулық сақтау саласына – 22,9 млрд теңге (3,6%), әлеуметтік көмекке – 41,8 млрд теңге (6,6%), ал мәдениет және спорт бағытына 39,5 млрд теңге (6,2%) қарастырылған. Бұл мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары бәрінен жоғары тұратынының нақты өмірдегі көрінісі. Конституция бойынша, мемлекеттің діңгегі – сіз бен біз. Ал демократиялық құндылықтар мен әлеуметтік әділдік – бұл біздің бірлігіміз бен гүлденуіміздің берік негізі.

Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – оның толықтай адам құқықтарына бағдарлануы. Тұңғыш рет Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары конституциялық деңгейде шегеленді. Ел мен елді, адам мен адамды теңестіретін де, шендестіретін де – білім мен ғылым екені рас. Білім мен ғылым дәуірінде өркениетті елдердің алдыңғы қатарында болу үшін ғылымы дамыған, ғалымдары танылған, білімді ұрпақ қажет. Сондықтан білім, ғылым және инновация жаңа Конституцияның преамбуласында ерекше орын алып, мемлекеттің негізгі даму бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Себебі елдің құдіреті мен қуаты оның интеллектуалдық әлеуетіне тікелей байланысты. Конституцияда әр азаматтың білім алуға құқығына кепілдік берілетіні жазылған. Елімізде мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алу тегін әрі міндетті, ал жоғары білім алуға барлық қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар, әр адам ғылыми, техникалық және шығармашылық қызметпен еркін айналысуға құқылы. Бұл жаңа идеялар мен инновациялардың дамуына жол ашады.

Сондай-ақ 7 шілдеде жарияланған Конституциялық Соттың шешімі Ата заңның рухына да, әр бабына да толық сәйкес келеді. Барлық ел болып, халқымызбен қабылдаған Конституция жаңа құқықтық кеңістік қалыптастырды. Яғни, мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесі қайта жаңғыртылды деп нық сеніммен айтуға болады. Сондықтан бірқатар лауазымды тұлғаларды тағайындау немесе сайлау мерзімдерінің қайталануына қатысты норманы осылайша түсіндіру – толықтай дұрыс әрі қисынды, деп ойлаймын. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия мүшесі ретінде пікірім, Конституциялық Соттың түсіндірмесі – жаңа Конституция нормаларын еркін әрі әрқилы түсіндіру қаупін жоятын, уақытылы әрі дұрыс қабылданған шешім. Және де бұл шешім қандай да бір лауазымды тұлғаны автоматты түрде тағайындауды немесе сайлауды білдірмейді. Ол тек қайтадан тағайындалуға немесе сайлануға құқықтық мүмкіндік бар екенін айқындайды.

Жаңа Конституция және білім экономикасына көшу: Ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Осыған байланысты, Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде алты жоғары лауазымды тұлғаны қайта тағайындау көзделген. Олар: Бас прокурор, Ұлттық банк төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы, Жоғары сот кеңесінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Жаңа Ата Заң – құрғақ құқықтық құжат емес, бұл – бүкіл қоғамды біріктіретін жалпыұлттық идея мен құндылықтардың басты іргетасы. Кейінгі жылдары мемлекет жүргізіп отырған жүйелі реформалардың оң ықпалы өңірлердің дамуынан да айқын байқалып келеді. Елімізде өңірлік экономикаға тың серпін беріліп, инвестициялық белсенділік артып, әлеуметтік мәселелерді шешуге жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Бұл тұрғыда Жетісу облысының даму көрсеткіштері де ерекше назар аударуға тұрарлық. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инвестициялық белсенділікті арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, ауыл шаруашылығы саласында өңірде дақылдар 511 мың гектар алқапқа орналастырылып, 1,8 млн тонна өнім жиналды, ал мал басы 2,3 млн-ға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артты. Осы ретте агроөнеркәсіп пен өңірді дамытудың негізгі тетігі ретінде ауыл шаруашылығы саласына 64,7 млрд теңге (10,2%) бағытталып отыр. 2025 жылы Жетісу облысына 611 млрд теңге инвестиция тартылуына септігін тигізді, ал 2026 жылы бұл көлемді 677 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Бұл қолдау өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, экономикалық белсенділіктің күшеюіне ықпал етті. Соның нәтижесінде 2025 жылы Жетісу облысына 611 млрд теңге инвестиция тартылды, ал 2026 жылы бұл көрсеткішті 677 млрд теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр.

Конституциялық өзгерістердің экономикаға ықпалы қандай?

Инвестициялар мен Бюджеттік қолдаулардың арқасында өңірдегі инфрақұрылымдық даму да айтарлықтай нәтиже берді. Облысты дамыту бюджеті аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 98,9 млрд теңге (15,6%), ал көлік және коммуникациялар жүйесіне 61,6 млрд теңге (9,7%) бағытталған. Осындай ауқымды қолдаудың арқасында бүгінде облыстағы 329 елді мекен немесе жалпы ауылдардың 93 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Ал газдандыру деңгейі облыс құрылған кезеңдегі 27 пайыздан қазіргі таңда 67 пайызға әлдеқайда өсіп, 467 мың тұрғын табиғи газ игілігіне қол жеткізді. Инфрақұрылымның жақсаруы өз кезегінде туризм саласының да серпінді дамуына жол ашты. Соңғы үш жылда бұл салаға мемлекеттік бюджеттен 58,5 млрд теңге бөлініп, бүгінде өңірге жыл сайын 2 млн-нан астам турист келетін деңгейге жетті. Осындай экономикалық табыстар халықты әлеуметтік қолдау шараларын да кеңейтуге мүмкіндік беріп, әлеуметтік төлемдердің 25 түріне 20 млрд теңге, еңбек нарығын дамытуға 8,9 млрд теңге және әлеуметтік көмек көрсетуге 10 млрд теңге бағытталды.

Осындай нәтижелерге қол жеткізу – мемлекеттік басқару жүйесіндегі үйлесімділіктің, кәсіпкерлік бастамалардың және ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген азаматтар мен қоғамдық институттардың ортақ үлесінің айқын көрінісі. Кез келген өңірдің дамуы – ең алдымен сол аймақтағы азаматтардың белсенділігіне, мемлекеттік органдардың жауапкершілігіне және қоғамның бірлігіне байланысты.

Гүлнәр Тойлыбаева

Жетісу облыстық

мәслихатының төрағасы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see147

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see146

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see143

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see136

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see135

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see133

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see133

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see130

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see129

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see129

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see123

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see121

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see118

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see113

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see111

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see110

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see109

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see108

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see107

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

10 Қазан 2026 22:00see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары