Залал 18,5 млн теңге: ер адам кәсіпкерлерге өзінде жоқ вагондарды жалға берген
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 12 қазан - Sputnik. Теміржол вагондарын жалға беру сылтауымен жасалған алаяқтық бойынша сот үкімі тексерілді, деп хабарлайды Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты.
2022 жылғы қыркүйекте сотталушы өзі басқаратын ұйымның меншігінде де, жалдауында да болмаған теміржол вагондарын жалға беру туралы хабарландыру жариялаған.
"Кәсіпкерді сендіру үшін оған сериялық нөмірлері көрсетілген 36 вагонның тізімін ұсынып, шарт жасасқан және алдын ала төлем алған. Алдау әрекетін жалғастырып, жалға алушыға вагондарды жеткізетіні туралы жалған кепілдік хат жіберген", - дейді кассациялық сот.
Шартты орындауға мүмкіндігі жоқ екенін біле тұра, алынған қаражатқа өз қалауынша билік еткен. Жәбірленушіге келтірілген залал 18,5 млн теңгені құрады.
Бірінші сатыдағы сот оны аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін 7 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушінің пайдасына келтірілген залалды өндірген. Апелляциялық саты үкімді өзгеріссіз қалдырған.
Кассациялық шағымда сотталған адам сот актілерінің күшін жойып, әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өзін ақтауды сұраған.
"Кассациялық сот сотталушының бастапқы кезден-ақ вагондарды жалға беруге ниеті де, нақты мүмкіндігі де болмаған деген қорытындыға келген. Серіктестіктің басшысы ретінде ресми түрде басқа адам көрсетілгенімен, іс жүзінде оның қызметін М. басқарған, шарттар жасасу туралы шешімдер қабылдап, түскен қаражатқа билік еткен", - дейді Кассациялық соты.
Вагондарды жеткізуді растау үшін ол жалған кепілдік хат пайдаланған. Құжаттарда көрсетілген компаниялар вагондарды жеткізуді қамтамасыз ететін шарттық қатынастардың болғанын растамаған.
Іс-әрекетті саралауды және тағайындалған жазаны өзгертуге негіздер анықталмағандықтан, сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 14:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















