Жантүршігерлік оқиға: Алматыда ер адамды өлтіруге қатысты төрт күдікті ұсталды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
видеодан скриншот
Алматыда қаланың 61 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша төрт адам ұсталған.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде екі ер адамның подъезге кіріп бара жатқан сәті түсірілген видео тараған. Кейін олардың бірі басына пакет кигізілген адамды иығына салып, сыртқа алып шыққан. Бейнежазба жарияланғаннан кейін полиция тергеу басталғанын хабарлады. Алғашында үш күдіктінің ұсталғаны белгілі болған.
Кейін Алматы қаласының Полиция департаменті ұсталғандар саны төрт адамға дейін өскенін нақтылады.
Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы мен күдіктілердің жеке басы анықталды. Сондай-ақ олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Істі тергеу үшін Ішкі істер министрлігінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстық іс Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.
Бүгін, 11:07
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:18
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 15:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















