Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Қазақстан Конституциясының эволюциясы: сенім, реформа және қоғамдық келісім

Қазақстан Конституциясының эволюциясы: сенім, реформа және қоғамдық келісім

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Конституцияның 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақтың сұхбаты» атты конференцияда сөйлеген сөзінде конституционализмнің ешқашан тоқырап қалмайтынын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, конституционализм заң шығару үдерісімен тығыз сабақтас, алайда бүгінгі таңда ол мүлде жаңа технологиялық, экономикалық және геосаяси жағдайларда дамып отыр. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның білікті заңгерлік қауымдастығының тұрақты назарында болып, жан-жақты әрі терең ғылыми тұрғыдан зерделенуге тиіс.

Қазіргі заманда Конституциясына өзгерістер енгізбеген бірде-бір мемлекет жоқ. Constituteproject2 атты ағылшын тілді порталдың деректеріне сәйкес, XXI ғасырда әлемдегі 201 мемлекеттің 45-інде жаңа конституциялар қабылданған, олардың 26-сы алдыңғы онжылдықта (2010–2019 жылдары) қабылданды. 6 елдің – АҚШ, Норвегия, Бельгия, Аргентина, Канада және Люксембургтің – негізгі заңдарының тарихы бір жарым ғасырдан асады. 44 мемлекеттің Конституциялары жарты ғасырдан астам уақыттан бері қолданыста. Сонымен қатар, Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы атап өткендей, белгілі бір «кемелденген» жасқа жеткен барлық Конституциялар қазіргі емес, өткен ұрпақтардың мүдделерін бейнелейді. Бұл «құрылтайшыларға» заманауи саяси мәселелер мен сын-қатерлерге жауаптарды айқындауға мүмкіндік береді, ал бұл демократиялық тұрғыдан алғанда «қоғамды өмірден өткендердің басқаруы» деген күмәнді қағидатты меңзейді.

Конституциялық, саяси және экономикалық реформалар, халқымыздың орасан зор күші мен әлеуеті, білімге, ғылым мен мәдениетке салынған ауқымды инвестициялар – мұның барлығы бірлесе отырып, еліміздегі өзгерістерге жол ашты. Ал басты міндет – прогрессивті реформаларды жүзеге асыра отырып, осы өзгерістерді қайтымсыз ету. 2022 жылғы референдум билік құрылымы мәселесіндегі маңызды бетбұрыс болды. Қазақстандықтар суперпрезиденттік басқару нысанынан Парламенті күшейтілген, неғұрлым теңгерімді президенттік республикаға көшуге қолдау білдірді. Бұл қоғамның жаңғыру мен тұрақтылыққа деген ұмтылысын білдірді.

Мемлекеттің еншісінде әрдайым негізгі міндеттер қалады: ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қорғау. Алайда идеяларды айқындап, қоғамдық сұранысты қалыптастырып, өзгерістерге бастамашы болатын – азаматтық қоғам. Мұндай серіктестік тек өзара сенімге сүйенгенде ғана нәтижелі болмақ. Сенім – өзіндік саяси капитал. Конфуций айтқандай: «Мемлекетте жеткілікті азық-түлік, қару-жарақ және билеушілерге деген сенім болуы тиіс. Егер бір нәрседен бас тартуға тура келсе, азықтан да, қарудан да бас тартуға болады, бірақ сенімнен емес – сенімсіз мемлекет баянды болмайды». Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің президенттігінің алғашқы күндерінен бастап ұстанған және бүгінге дейін өзгермеген саяси кредосы – қоғамдағы сенімді нығайту, оны қолдауға және арттыруға ықпал ететін тұжырымдамалар мен қоғамдық институттарды қалыптастыру. Соның қатарында «Еститін мемлекет», «Әділетті Қазақстан» бастамалары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және оның орнына құрылған Ұлттық құрылтай бар.

2022 жылғы 16 наурыздағы халыққа Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ата-бабаларымыз қашанда тағдыршешті шешімдерді бүкілхалықтық талқылау арқылы қабылдаған. Ұлытауда, Ордабасыда, Күлтөбеде өткен ұлы жиындар соның айғағы. Біз жалпыұлттық бірліктің негізін қалаған Ұлы даланың осы демократиялық дәстүрін қайта жаңғыртуымыз керек», – деп атап өтті. Бұл – кері байланыс дәстүрі. Қоғамдық қатысу мен азаматтық белсенділіксіз алға ілгерілеу мүмкін емес.

2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Парламентті реформалау жөнінде бастама көтерді. Осы мақсатта өткен жылдың қазан айында Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобы құрылып, ол арнайы «Парламенттік реформа» бөлімі арқылы e-Otinish және eGov платформаларында қоғамдық талқылау әлеуетін кеңінен пайдалана отырып, жұмысқа белсенді кірісті. Өткен жылдың қазан айынан бері азаматтардан, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен жүздеген ұсыныс түсті. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден Конституция ережелерін қайта қарау бойынша 1600 ұсыныс келіп түсті. Осының бәрі Конституциялық реформа жүргізу және құрамына 130 адам кірген өкілді Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдауға негіз болды. Оларға ел болашағы үшін аса маңызды жұмыс жүктелді.

Барлық отырыстардың ашық өткізілуі, тікелей эфирде көрсетілуі, арнайы Telegram-арнаның іске қосылуы, сондай-ақ Конституциялық комиссия мүшелерінің ұсынылған өзгерістердің әрқайсысына қатысты берген түсіндірмелері азаматтарды саяси реформаның ауқымын тереңірек түсінуге жақындатты. Қолданыстағы Конституция мәтінінің 84 пайызына, яғни 99 баптың 77-сіне түзетулер енгізілді. Осылайша өзгерістер мен толықтырулар Негізгі Заңның барлық бөлімдерін – Преамбула мен конституциялық құрылыстың негіздерінен бастап сот төрелігі, мемлекеттік басқару және азаматтардың қатысу тетіктеріне дейін қамтыды. Нәтижесінде барлық ұсыныстар біртұтас Конституция жобасына біріктірілді. Онда қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, халық игілігі жолындағы экономикалық даму және отансүйгіштік біздің мызғымас құндылықтарымыз ретінде айқындалды.

Халықаралық тәжірибе мен әлем мемлекеттерінің заң шығару практикасы тиісті рәсімдерді реттеуде ұлттық заң шығарушының кең құзыретке ие екенін көрсетеді. Алайда бұл рәсімдер, ең алдымен, халықтың еркіне сүйенуі тиіс. Ұлттық конституциялық реформаларды жүргізу бойынша халықаралық тәсілдер бүгінгі таңда бірыңғай келісілген стандарттарға ие емес. Дегенмен, Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының пікірінше, барлық конституциялық жүйелер саяси және қоғамдық өмірдегі түбегейлі өзгерістерге бейімделе алуы үшін түзетулер енгізудің жеткілікті дәрежеде икемді қағидаларына ие болғаны жөн. Сонымен қатар, іргелі құндылықтарға қатысты нормалар конституциялық заңдылық талаптарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде қатаң болуы қажет және Конституция төңірегінде кең қоғамдық консенсусқа, оның легитимдігіне, сондай-ақ сол арқылы бүкіл саяси жүйенің тұрақтылығына бағытталуы тиіс. Конституциялық қатаңдық пен икемділік арасындағы теңгерімді сақтау, сондай-ақ конституциялық заңдылық талаптарына лайықты назар аудару – барлық демократиялық мемлекеттерге ортақ қағида.

Белгілі бір конституциялық құрылыстың тұрақты заңдылығы мен легитимділігінің негізі – өзгеріп отыратын жағдайларға байланысты сайлаушылардың оған заңды түрде өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болуы.

Мемлекетіміздің аса маңызды заңдарының бірі – 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. Онда: «Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының жобалары және мемлекеттік өмірдің өзге де аса маңызды мәселелері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру» деп белгіленген. Конституция жобасын бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдау – халықтың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуының іргелі құқығы. Дәл осындай сәтте халықтың еркі елдің Негізгі Заңын қабылдауда шешуші мәнге ие болады.

Шаукенова Зарема, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, академик, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 17:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see137

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see131

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see123

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see114

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see113

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see112

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see110

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары