Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстан Еуроодақ: 33 жылдық серіктестік және сенім

Қазақстан Еуроодақ: 33 жылдық серіктестік және сенім

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Еурокомиссияның ресми өкілі Анитта Хиппер Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында осы 33 жыл ішінде қол жеткізілген маңызды жетістіктерді атап өтті.

Оның айтуынша, тараптар алдағы кезеңде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда серіктестікті одан әрі тереңдетуге басымдық береді.

Аннита Хиппердің айтуынша, Қазақстан үшін басты инвестор мен сауда серіктесі – Еуропалық одақ, ал Қазақстан Еуропаның энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

— Соңғы отыз жыл ішінде ЕО мен Қазақстан өзара сыйластыққа негізделген берік серіктестік орнатты. Біз халықаралық тәртіптің маңыздылығын бірдей түсінеміз. Біздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына және оның принциптеріне адалдығымыз серіктестіктің негізін құрайды, — дейді ол.

Еуропалық комиссия өкілі атап өткендей, екіжақты қатынастың маңызды бөлігі – 2015 жылы қол қойылып, 2020 жылдан бастап іске асырылатын Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім

— Бұл келісім біздің әріптестікті 29 негізгі бағытта тереңдетуге берік негіз қалайды. Онда экономика, сауда, инвестиция, авиация, білім беру, ғылыми зерттеулер, азаматтық қоғам және адам құқықтары салалары бар. Сонымен қатар, келісім саяси консультациялар мен тәжірибе алмасуды жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл екі тарапқа жаһандық мәселелер мен аймақтық қауіпсіздікке қатысты сұрақтарды бірге шешуге және өзара түсіністікті нығайтуға жағдай жасайды, — деп түсіндірді ол.

Жоғары деңгейдегі жиі кездесулер Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Мысалы, 2025 жылдың 4 желтоқсанында Астанаға келген Еуропалық кеңес төрағасы Антонио Коштаның сапары екі тарапқа жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

— Біздің серіктестігіміз – үздіксіз дамып жатқан ынтымақтастық. Адамдар арасындағы байланыс маңызды бағытқа айналды. Бұл, бір жағынан, ЕО қолдайтын білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асуда, екінші жағынан, визалық режимді жеңілдету келісіміне басталған келіссөздер арқылы. Келісім аяқталған соң, халықтар арасындағы байланыс одан әрі нығаймақ, — деді Аннита Хиппер.

Еуропа Одағы Қазақстанмен әріптестікті әр түрлі салаларда дамытуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл ынтымақтастық бағыты 2019 жылы қабылданған Еуроодақтың Орталық Азияға арналған стратегиясына сәйкес жүргізіледі.

— ЕО жаһандық көлік хабын құру стратегиясы Орталық Азиямен ынтымақтастықты кеңейтуге стратегиялық мүмкіндік береді. Біз төрт негізгі басымдыққа көңіл бөлеміз: көлік инфрақұрылымын жақсарту, стратегиялық шикізаттар, цифрландыру, сондай-ақ су ресурстары, энергетика және климат мәселелері, — деді Еурокомиссияның ресми өкілі Аннита Хиппер.

Сонымен қатар, ол Қазақстандағы конституциялық реформаларға қатысты пікір білдірді. Еуроодақ саяси процесстерді, оның ішінде демократияны күшейтуге бағытталған шараларды қолдайтынын атап өтті.

— Қазақстандағы саяси процестер азаматтардың жеке еркіндігін кеңейтіп, олардың қоғамдағы қатысуын арттыруға, мемлекеттік басқаруды жақсартуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталуы маңызды. Бірнеше жыл бұрын ел маңызды саяси реформаларды бастады. Егер Қазақстан өтініш білдірсе, Еуроодақ осы реформаларды қолдауға дайын. Сонымен қатар, адам құқықтары мен заң үстемдігі мәселелері бойынша тұрақты саяси кеңестер аясында ЕО осы маңызды реформаларға қатысуды жалғастыра береді, — деп қорытындылады Еурокомиссия өкілі Аннита Хиппер.

Бұрын хабарланғандай, биыл Қазақстан мен Еуропаның Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісіміне 10 жыл толып, ел Орталық Азияда осындай «жаңа буын келісімін» жасаған алғашқы мемлекет болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 20:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары