Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Шикізаттан композитті өнімге дейін...

Шикізаттан композитті өнімге дейін...

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі Металлургия және кен байыту институтының тарихы өте бай. Аталған ғылыми орталық алғашқы құрылғаннан бастап еліміздегі жоғары таза металдар мен перспективалы материалдар алу саласында іргелі және қолданбалы бірегей зерттеулер жүргізіп келеді. Осы жылдары қаншама технологиялық жобалар әзірленді. Ғылыми жаңалықтар ашылды. Сондай-ақ металлургиялық үрдістер теориясының дамуы мен әлемдегі түсті металлургия кәсіпорындарында қолданылатын прогрессивті технологияларды жасауға ықпал етті.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Былтыр аталған институт ғалымда­ры­ның «Түсті металлургияның сапасы сәйкес келмейтін шикізатынан маркалы селенді өндіру және экологиялық қауіпсіз вакуумдық-температуралық технологияны әзірлеу және өндірісті ұйымдастыру» тақырыбындағы жұмысы ғылым және техника саласындағы Мем­лекеттік сыйлыққа ие болды. Шынды­ғында, институт ғалымдары түсті, асыл, сирек және сирек жер металдары металлургиясы, минералдық және техногендік шикізатты байыту бағытында іргелі және қолданбалы зерттеулердің қуатты ғылыми мектебін қалыптастырды.

Металлургия және кен байыту инс­ти­тутының бас директоры, техника ғы­лымдарының докторы, профессор Бағдәулет Кенжалиевтің айтуынша, өзі басқарып отырған ғылыми мекеме сексен жылдық тарихында отан­дық ғы­лымның зияткерлік әлеуетін анық көрсеткен. Өйткені бұл институт – қазіргі таңда сирек және сирек жер металдарын кешенді өңдеу, жаңа функционалдық қорытпалар мен материалдар жасау, жоғары технологиялық металлургиялық үдерістерді дамыту бағытында еліміздегі жетекші ғылыми зерттеу орталығының бірі саналады. Ал әлемдік нарықта стратегиялық маңызға ие металдарға сұраныстың артуы институтта жүзеге асып жатқан зерттеулердің өзектілігін одан әрі күшейтіп отыр.

Әлемде зерттелген сирек жер метал­да­рының қоры шамамен 132 млн тон­наны құрайды. Ал сирек жер металда­рының 90 пайызы Қытай, АҚШ және Аустралияда өндіріледі. Сондай-ақ мұндай елеулі ресурстар Вьетнам, Брази­лия, Ресей және Үндістанда да бар. Қы­тай бүгінде сирек жер металдары өнді­рісінің әлемдік көшбасшысына айналды. Оның үлесіне әлемдік сирек жер металдары өндірісінің – 60, өңдеу қуатының – 85, сирек жер металдары негізіндегі жоғары берік тұрақты магниттердің 90 пайыздан астамы тиесілі. Ал елімізде сирек кездесетін металдардың 10-нан аса ірі кен орны бар. Әлемдік тұтыну динамикасы көрсеткендей, 2028 жылға қарай сирек жер металдарына сұраныс жылына 8 пайызды құрап, орташа өсіммен 420 мың тоннаға жетуі мүмкін. Сұраныс пен бастапқы ресурстар қоры арасындағы алшақтықты азайту мақсатында сирек жер металдарын жаңа шикізат көздерінен алуға қатысты зерттеулерді күшейту қажет. Осыған орай институт ірі ғылыми зерттеу бағытындағы жобаларды жетілдіру үстінде.

«Бүгінге дейін еліміздің жерасты қазба байлығы шикізат күйінде шетелдерге кетті. Ендгі кезекте Мемлекет басшысының өңдеу саласын дамытуға байланысты тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында мұнай-газ, тау-кен, металлургия, машина жасау, ғарыш саласына керекті композитті материалдар шығару өндірісін дамытатын кез келді. Біздің еліміз барланған қорлар мен түсті металдар өндіру көлемі бойынша әлемнің алғашқы ондығына кіреді. Бұл позиция металлургия өндірісін ұзақ жыл жетекші звеноға айналдыра алады. Осыған дейін түсті металдар шетелге өңдеу мақсатында жіберіліп келді. Сондықтан 4-ші және 5-ші қайта бөлу кәсіпорындарын дамыта отырып, шикізаттық емес секторды дамытуға күш салуға тиіспіз», дейді Б.Кенжалиев.

2023 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Металлургия және байыту институты мен Кореяның өнеркәсіптік технологиялар институты ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы мақсатта өзара білім мен тәжірибе алмаса отырып, елімізде жоғары температуралы реакцияларға қабілетті сирек металдар мен жоғары сапалы өнеркәсіп өнімдерін өндіру технологияларының «Center for High-Temperature/Reactive Rare Metal Materials and High-Quality Industrial Products Technology» ғылыми орталығын ашу туралы келісім жасалды. Екі елге де септігін тигізетін озық тәжірибелер мен технологияларды әзірлеуді мақсат ете отырып, сирек металдарды Корей елінде шығатын материалдар мен бөлшектерді өндіру технологияларымен үйлестіре отырып, металл қорыту нәтижесінде алынған әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталып отыр. Бұл бастама ғылыми зерттеулерді тереңдетуге, жаңа технологияларды трансферлеуге және бәсекеге қабілетті жас ғалымдар мен жоғары білікті кадрлар даярлауға серпін береді.

Қазіргі таңда институттың ғылыми жаңалықтары металлургиялық үдеріс­тер теориясын дамытуға негіз болып, еліміз бен шетел кәсіпорындарында енгізілген бірегей әрі тиімді техноло­гия­лардың қолданысына жол ашты. Ға­лымдар әзірлеген мыс, алтын, қалайы, алюминий, галлий, ванадий, рений, селен өндіру технологиялары Балқаш мыс балқыту зауыты, Павлодар алюминий зауыты, Ертіс полиметалл комбинаты, «KAZ Minerals», «Kazakhmys Smelting», «Алтынтау Көкшетау» және өзге де ірі өндіріс орындарында тиімді қолданылып жатыр. «Kazakhmys Progress» кәсіпорнында Калдо пешінің шлак өңдеу және шикі селенді рафинациялау цехы іске қосылды.

Бүгінде институтта 142 ғылыми қыз­меткер жұмыс істейді. Сонымен қатар институт ғалымдарының зияткерлік әлеуеті де жоғары. Оған мына көрсеткіш­тер дәлел: 2 мыңнан аса өнертабыс тіркеліп, 25 елден 67 патент алынған. Мексика, Боливия, Испания, Аустралия, Италия, Германия, Швейцария компанияларымен мыс өндіру, қалайыны рафинадтау, галлий мен ванадий алу технологиялары бойынша 12 лицензия­лық, Жапония, Швей­цария, Германия, Бельгия және Италия фирмаларымен галлиймен қамта­ма­сыз ету үшін 6 оп­циялық келісім жасалған.

Қазіргі таңда да институт ғалымдары металлургия саласын жаңа деңгейге көтеру бағытында тың зерттеулерді іске асырып жатыр.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Мәдениеттер тоғысындағы «Forte trio»

Өнер • Бүгін, 09:13

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Саяхат табысын еселеуге не кедергі?

Туризм • Бүгін, 09:05

Өрт сөндіру техникасымен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

Көрме • Бүгін, 09:00

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан

Туризм • Бүгін, 08:55

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50

Оқитын ұлттың ойы озық

Пікір • Бүгін, 08:48

Шикізаттан композитті өнімге дейін...

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна тынысы сарапталды

Театр • Бүгін, 08:43

Жаңарған музей – жаңғырған тарих

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 09:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары