Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шикізаттан дайын өнімге дейін

Шикізаттан дайын өнімге дейін

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Демографиялық өсімі жоғары, 2 миллионнан аса халқының 80 пайызы ауылдық жерде орналасқан Түркістан облысы – елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта – тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты ғана емес, мыңдаған отбасының тұрмысын түзеп, ауылдың әлеуетін көтеріп отырған берекелі өнім. Бүгінде өңір мақтаны тек шикізат күйінде емес, дайын өнімге айналдырып, тоқыма өнеркәсібін дамыту бағытында бірқатар жобаны қолға алған. Болашақта «Made in Turkestan» тігін жіптері мен маталарын танымал брендтерде сату көзделіп отыр.

Облыстық ауыл шаруа­шылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев­тың мәліметінше, биыл мақ­та дақылының аумағы 38 мың гектарға артып, 144,5 мың гектарға егілген. Мақта шаруашылықтары­на, яғни 9 685 агроқұрылым­ға 4 бюджеттік бағдарлама бойынша 5,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл облыстың өсім­дік шаруашылығына бөлінген қаржының 61%-ын құрайды.

Мемлекеттік қолдау мен атқарылған жұмыстың нәтижесінде, ауыл шаруа­шылығы дақылдарын жинау қалыпты деңгейде жүргізіліп, биыл 428 мың тонна мақта жиналды. 

Қыркүйек айынан бастап мақта зауыттарының ақ алтынды қабылдау науқанына дайындығы мен шаруалардың жай-күйін бағалап, түсіндірме жұмысын жүргізу бойынша қоғамдық ұйым белсенділерінен арнайы мобильді жұмыс тобы құрылып, 178 мақта қабылдау бекеттеріндегі зертханалар мен таразылар толық сертификаттаудан өткізілген. Бұдан бөлек, облыс әкімдігі тарапынан инвесторлармен келіссөз жүргізіліп, мақта зауыттарынан шитті мақтаны сатып алу келісілді. Нәтижесінде, шитті мақтаның сапалық көрсеткіштеріне байланысты түпкілікті бағасы 250-270 мың теңге болды.

Өңірде мақта өндірісін өркендету және тоқыма кластерін дамыту бойынша Жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Яғни мақта өсіруден бастап дайын мата шығаруға дейінгі толық өндірістік жүйе құру көзделген. Бұл орайда облыс әкімдігі арнайы сарапшылармен талдау жасапты. Суды көп тұтынатын мақтаны дәстүрлі әдіспен игеру есебінен гектарынан 25 центнер жиналады. Яғни өнімділік төмен. Биыл жаңа әдіспен мақта 52 мың гектар алқапта егіліп, өнімділік екі есеге артқан. Енді жаңа әдіспен заманауи технологияны қолдана отырып, мақта-тоқыма кластерін дамыту жоспарланып отыр. Осы мақсатта жалпы құны 201 млрд теңге болатын 5 жоба іске асырылып жатыр. Қуаттылығы жылына 229,5 мың тонна, 7000 жаңа жұмыс орны ашылады. Ауқымды жобалардың бірі – қытайлық «Lihua» компаниясымен бірлесіп, Түркістан қаласында мақта өңдеу кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба құны – 146,8 млрд теңге. Қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірілген жіп, 50 млн метр мата, 7 млн дана жиынтық төсек бұйымын шығарады. 4 мың жұмыс орны құрылады. Жоба бойынша мақта өңдеуден дайын бұйым шығаратын толық өндірістік циклді қамтамасыз етеді. Толық циклді тоқыма фабрикасында иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу бойынша 8 фабриканы іске қосу жоспарланса, оның алғашқысы жыл соңына дейін іске қосылады. «Turkistan Textile» тоқыма кластері – өңір тарихындағы ірі жобалардың бірі. Жалпы құны 86,5 млрд теңгеге бағаланған өндіріс кешені толық қуатында жұмыс істегенде 2345 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Жоба толық өндірістік циклді қамтиды: элиталық сұрыпты мақта тұқымын жергілікті жерде өсіру, жіп иіру, мата тоқу, киім тігу және дайын өнімді экспортқа шығару. Бұл жүйе ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіптің арасындағы өзара байланысты күшейтіп, қосылған құны жоғары өнім өндіруге мүмкіндік береді. «Turkistan Textile» кластері іске қосылған соң жергілікті мақта өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығы қалыптасады. Облыс әкімдігінің мәліметінше, жобаның бірінші кезеңі биыл іске қосылады. Қазір өндірістік корпустар мен жұ­мысшыларға арналған жатақхана құрылысы аяқталуға жақын.

Инвестициялық жобаның негізінде Отырар ауданы мен Арыс қаласында 32 мың гектарға жаңа технологиямен мақта дақылы егілген. Жобаның негізгі мақсаты – су үнемдеу технологиясын енгізу нәтижесінде тұтынылатын су көлемін 50%-ға үнемдеп, өнімділікті 2-3 есеге арттыру. Мамандар жаңа әдіс қалыптасқан дәстүрлі мақта егу технологиясынан әлдеқайда тиімді екенін айтуда. Осы күнге дейін өңір диқандары 1 гектар мақта алқабынан 25 центнер өнім немесе 625 мың теңге пайда табатын болса, жаңа технологияны ендіру арқылы дәл сол 1 гектар алқаптан 60 центнерден астам немесе 2-3 есе көп өнім мен пайда табуға мүмкіндігі бар. Алқап маңында салынатын төрт зауыттың екеуін биыл іске қосу жоспарланған, қалған екі кластердің құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі. Мемлекет тарапынан су үнемдеу технологияларын енгізуге кеткен шығындардың 80 пайызына дейін субсидиялау – шаруаларға жаңа технологияны ендіру жолындағы қолдау әрі үлкен мүмкіндік. Осы жылға жоспарланған 27 мың гектардың орнына 59 мың гектар жерге су үнем­деу технологиялары ендіріліп, жоспар артығымен орындалды. Оның ішінде 54,6 мың гектарға тамшылатып суару, 4,4 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиялары енгізілді. Жалпы, облыстағы су үнемдеу жүйесі 114 мың гектар алқапты қамтиды. Нәтижесінде, 150 млн текше метрден астам ағын су көлемі үнемделді. Мәселен, мақта дақылының өнімділігі тамшылатып суару әдісімен екі есе артты, ал су тұтыну көлемі гектарына 5,2 мың текше метрден 2,6 мың текше метрге дейін азайды. Қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларымен жабдықтал­ған алқаптардың көбеюі «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» бірлескен жобасы аясында жол­ға қойылып отыр. Былтырмен салыстырғанда дәстүрлі тәсілмен егілетін алқаптар 9 мың гектарға қысқарды. Cу үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту, қол жетімділігін арттыру мақсатында қуаттылығы 73,0 мың гектар алқапты қамтитын 3 кәсіпорын іске қосылды. Бұдан бөлек, қуаттылығы 67 мың гектарды қамтитын 3 кәсіпорын жобасы іске асырылады.

Айта кетелік, өңірде мақта кластерін дамытуға инвестиция тарту жолдары жан-жақты қаралып жатыр. Облыс әкімдігінің ресми сапарларында бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. Жалпы, биыл облысқа негізгі капитал­ға салынған инвестициялар көрсеткішін 1 трлн 427,1 млрд теңгеге жеткізу міндеті жүктелген. Тоғыз айдың қоры­тындысымен өңір капиталына тартылған инвестициялар көлемі 1 трлн 12,2 млрд теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,9%-ға жоғары. Бұдан бөлек 2025 жылға 475 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту индикаторы бекітілген. II тоқсанның қорытындысымен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 543,5 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар артығымен орындалды. Жалпы жыл басынан бері 92-ден астам шетелдік компаниямен кездесулер өтіп, ҚХР, Иран мен Өзбек­стан елдеріне ресми сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, арнайы аймақтарда белсенді қоспалар мен дәрумендер, кеңселік қағаз өндірісі, сэндвич-панельдер мен еден жабындарын өндіру, мақта өңдеу, тамшылатып суару жүйелерін енгізу, балыққа арналған құрама жем және өсімдік майын өндіру жобалары іске асырылады.

Түркістан облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see167

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see167

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see164

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see158

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see156

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see149

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see144

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see142

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see141

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see140

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see137

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see135

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see134

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see133

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see130

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see129

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see128

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see122

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see113

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары