Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Шөп шықпай қалды : Батыс Қазақстанда жылқы қырылып жатыр

Шөп шықпай қалды : Батыс Қазақстанда жылқы қырылып жатыр

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 11 ақпан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жылқылар қырылып жатыр. Sputnik Қазақстан тілшісі облыс тұрғындарынан мән-жайды сұрап, мәселені біліп қайтты.

Аймақтағы Қазталовка және Жәнібек аудандарының шаруалары тығырыққа тірелдік дейді. Айтуларынша, биылғы қыс жылқы малына қиындық тудырған.

Малдың қырылуының бірден-бір себебі - былтырғы жылғы қуаңшылық, дейді шаруалар.

"Мал жалпы қысқа көтерем кірді. Негізі біз жақта жылқы малы қыста далада қыстайды. Ал былтыр шабындық, жайылым болмады. Жиғанымыздың бәрін малға салып жатырмыз. Ал қысқы азықты 100-деген шақырым жерден тасимыз. Соңғы он жылда қысқы мал азығын дайындау қиындап кетті. Биылға дейін жылқыны қораға қаңтар айында кіргізетінбіз. Биыл желтоқсанның басында кіргіздік. Төрт айға қор жинасақ, биыл бір ай бұрын малды қораға қамадық. Сәйкесінше қысқы мал азығы азайып кетті", - дейді облыс тұрғыны Әділ Тұрлыбеков.

Батыс Қазақстанда биыл қалың қар түсіп, артынан күн жылынған. Шаруалардың қуанышы ұзаққа бармай қақаған аяз басталады. Салдарынан еріген қардан 3-5 см мұз қатады. Азығын тебіндеп табатын жылқы малы аш қалады.

"Негізі жайылым жер тарылып барады. Халықта малдың саны артып барады, онымен қоса киік қаптап кеткен. Жердің беті де тозып, шөп қалың шықпайды. Онымен қоймай жауын-шашын да аз. Былтыр мамыр айына дейін күн салқын болды, соның кесірінен шөп шықпай қалды. Шыққан шөпті киік отап тастады", - дейді шаруалар.

Көктерек ауданына қатысты Киров ауылындағы бір ғана шаруа қожалғында екі күнде 8 бас жылқы өлген.

"Шығынды қайтарсын деп сұрап отырған жоқпыз, түк те керек емес. Сырғасын айтып, акт толтыру ойымызда жоқ. Кировқа жол керек. Арықтаған жылқыларды алдын ала сатайық деп жанталасып жатырмыз. Сатып алушы саудагерлер де бар, бірақ жол жоқ. Шөп әкелейік десек те сол. Округтерге жол бар, бірақ фермалардың ешбіріне жол жоқ", - дейді Киров аулының шаруалары.

Ауыл тұрғындаыр жол ашатын техниканың тозығы жеткен, жарты жолда бұзылдып қалатынын айтады.

Мәселенің мән жайын Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан сұрап білді.

"Бізде Батыс Қазақстанда қатты боран болып, жылқылардың қораға ерте кіргізілгені рас. Жалпы қыста біздің аймақта жылқыларға шөп дайындалмайды. Ешкім қыстық қор әзірлемеген. Өйткені қыста жылқы далада жайылады. Бізде 23 бас жылқы қырылды, бұл ресми тіркелгені. Жылқының құлынын тастап қойып жатқанды рас, өліп жатқандар да жабағы, жас малдар. Жылқы мұз жесе, іш тастайды, бұл қалыпты жағдай", - дейді Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Мейрамбек Ерақаев.

Жалпы Батыс Қазақстанда 1 233 000 мал қыстаққа кіргізілген, оған жазда 2 405 000 тонна шөп даярланып, жоспар 104% артық орындалған. 154 мың тонна жем даярланған.

Жалпы 31270 аула, 2 312 қыстақта мал бар. Қолда 1 432 000 тонна жем-шөп қоры бар.

"Апта сайын сатылымдағы шөп туралы ақпарат беріп отырмыз. Барлық ауылда жемдік азық бар. Тасымалдаудағы қиындық бойынша әр ауылда штабтар бар. Оған аудан әкімінің орынасарлары жауапты. Егер хабарласса, солар мәселені шешеді. Әрине тегін емес, жағар майын құйып берсе, барлығын жүзеге асырады", - дейді мал шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Басқарма басшыларының айтуынша, қырылып жатқан мал - қараусыз қалған малдар. Дер кезінде қораға жеткізілмегендіктен өліп жатыр дейді.

"Ақбөкендердің көптігін айтып, мал шығынын азайтуға мемлекет тарапынан көмек берілді. Облыста шаруашылықтардағы аналық мал басына 4 млрд теңгедей қаражат берілді. Ол былтыр болды. Бірақ ол кезде қыс қатты болған жоқ. Малдың шығын болуына себеп - малдың қараусыз қалуы. Малын құмдық өңірге апарып жайып жатқан шаруалар бар. Уақтылы бабын жасаған шаруалардың жылқылары аман, барып көріп қайттық. Негізі кімнің жылқысы көп, соларда шығын болып жатыр”, - дейді Мейрамбек Ерақаев.

Шаруаның малына көбейіп кеткен киік те қырын келіп тұр.

"Киік негізінен осы Қазталовка, Бөкей, Жәнібек аудандарында көп. Біздің облыстың оңтүстік өңірлерінде көп шоғырланған. Бұл кикті айтып, дабыл қаққанымызға бірнеше жыл болды. Бұл мәселе жаңа-жаңа реттеліп жатыр. Былтыр ғана 109 мыңға жуық киік ауланды. Ресми ақпарат бойынша, төлсіз есептегенде облыста 2,3 млн киік бар. Ол төлдесе 2-3 лақтан туады. Осы киік мекендейтін аумақта 800 мың ірі қара, 1 миллионнан астам ұсақ мал бар”, - дейді Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Мейрамбек Ерақаев.

Ресми тіркелген 2,3 млн киік кемінде 2 лақтан төлдесе, Батыс Қазақстандағы киіктің сан 6 млн-ға дейін жетуі мүмкін. Онда облыстағы төрт түліктің хәлі тіпті мүшкіл болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Ақпан 2026 18:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары