Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Шүкір, көбейіп келеміз!

Шүкір, көбейіп келеміз!

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазір ел халқының саны – 20 426 568 адам. Ал 1991 жылы 16,4 млн адам бол­ған еді. Мамандар демо­­графия­дағы оң өз­герістер мемле­кет­тік жүйенің тиімді іс-қимылынан болатынын айтады.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Халықтың өсім үдерісі

Қазір халқының санына иек артқан іргелі ел құру дамыған елдердің де қолынан келмей отырғаны белгілі. Мәселен, былтыр Финляндияда бала туу көрсеткіші төмендеп кеткенін әлемдік БАҚ жарыса жазды. 8 жыл қатарынан бақытты ел деп танылған Финляндияда 2024 жылы 43 720 сәби дүниеге келген. Ал елімізде өткен жылы 248 021, биылғы 9 айда 219 941 бала туған.

Демограф Шынар Төлешова еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық дамуын халық санының өсу, кему, жалпы өзгеру үрдісі деп екі кезеңге бөлуге болатынын айтады. Бұл – 1990–2001 және 2002–2024 жылдар аралығы. 

– 1991 жылдың басында халық саны 16 358 222 адамды құрады. Ал 2002 жылдың басындағы статистика 14 851 059 адамды көрсетті, яғни 11 жылдың ішінде халық саны 1,5 млн адамға қысқарды. Мұны халықтың жалпы санының кему кезеңі деп айтуға болады, – деген демограф Ұлттық статистика бюросының мәліметін келтірді.

Миграцияның әсерінен кеміген ел халқының саны екін­ші кезеңде арта бастады. Бұл жылдары халық санының көрсет­кіші тұрақты түрде өсіп, 2002–2024 жылдар аралығында жалпы халық саны 20 млн-ға жетті. Демографтың айтуынша, елімізде табиғи кему болған жоқ. Әр уақытта да бізде табиғи өсім бар. Ол жалпы халқымыздың этностық ерекшелігіне байланысты – бала тууға, оның құн­дылығына деген ықыласымыз басым.

– Ауылдық жерлердің көп болуы халық өсіміне оң ық­пал етті. Жалпы, оңтүстік-ба­тыс аймақтардағы туу деңгейі қай уақытта да жоғары болды. Соның арқасында біз табиғи өсімді сақтап қалдық. Десек те табиғи өсімнің де белгілі бір коэффициенті, не болмаса белгілі бір деңгейі болады. Сол деңгей бізде төмендеген уақыт осы 1991–2002 жылдар аралығы болды. Яғни 1991 жылы табиғи өсімнің деңгейі 218 850 адамды құрады. Себебі елде эмиграция үрдісі қатты жүрді. Жалпы, жұрттың 2,6 млн-нан астамы шетелге көшіп кетті. Көші-қон сальдосы теріс – 1,8 млн адамды құрады. Сон­дай-ақ туу мен өлім-жітім үдерісі де көңіл көншітпейтін нәти­жеге жетті. Туу көрсеткіші 38,5 пайызға төмендеп, өлім-жітім көрсеткіші керісінше 9,7 пайызға артты, – дейді Ш.Төлешова.

Оның айтуынша, халықтың өмір сүру ұзақтығы да кері кетіп, орташа есеппен 3 жылға қысқарған. 1990 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 68,7 болса, 1999 жылы 65,7 жасты құрады. Бөлек алғанда ерлердің жасы – 3,3 жылға, әйелдер жасы 2,2 жылға қысқарды. Яғни біздегі туғандардың саны мен сол жылы қайтыс болғандар санының арасындағы айырмашылық 218 мың адамға көп болды. Осы 218 мың адам табиғи өсімді құраған еді. 1998 жылы табиғи өсім деңгейі 68 мың адамға дейін кеміді, яғни табиғи өсімнің деңгейі төмендеді.

– Алайда 1999 жылдан бастап табиғи өсім біртіндеп жоғарылап, сол жылы 70 мың адамды құрады. 2022 жылы ең жоғарғы табиғи өсім болды. Бұл жылы табиғи өсім деңгейі 270 370 адамға дейін көтерілді. Осы уақытқа дейін көріп отырғанымыздай, табиғи өсім деңгейі әртүрлі кезеңге байланысты өзгеріп отырды. Енді табиғи өсім – туу мен өлім-жітім санының арасындағы айыр­­машылыққа байланысты қалып­тасатын жалпы көрсеткіш. 1991–1998 жылдар аралығындағы табиғи өсімнің төмендеуі халық санының қысқаруына белгілі бір дәрежеде әсер етті, – деді демограф.

Мемлекеттік бастамалар оң нәтиже көрсетті

Статистикаға көз жүгіртсек, 1999 жылдан кейін елімізде біртіндеп бала туу саны артып отырған. Өйткені мамандардың айтуынша, 1990 жылдардағы экономикалық, әлеуметтік бас­тамалар нәтиже бере бастады. Халықтың әл-ауқаты көтеріліп, денсаулық сақтау саласы біршама дамыған соң туу көрсеткіші көтеріліп, өлім-жітімді азайтты. Осылайша, халық саны көбейе бастады.

Дүниежүзілік банк те ел экономикасы 2006 жылдан бері тұрақты өсіп, орташа жылдық өсу қарқыны 4,7 пайызды құрағанын мәлімдеді. Бұл өсім халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін арттырды. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 2006 жылдағы 548 912 теңгеден 2021 жылы 791 285 теңгеге дейін өскен. Бұл жетістіктер 5,9 млн адамды кедейшіліктен шығарып, көрсеткішті 49,5 пайыздан 8,5 пайызға дейін төмендетті.

– 2006–2021 жылдар ара­лығындағы экономикалық ілге­рілеу Қазақстанда өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартты және кедейшілікті төмендетті. Алайда 2014 жылдан бастап эконо­микалық өсу баяулады және кедейшілікті азайту қар­қыны төмендеді. Covid-19 пандемия­сы бұл қиындықтарды күшей­тіп, тұрақты және ин­клюзив­ті экономикалық сая­саттың қа­жет­тілігін көрсетті. Десе де ел экономикасының тұрақты өск­енін атап көрсетеміз, – деді Дү­ние­жүзілік банктің Қазақстан­дағы өкілі Андрей Михнев.

Ал демограф Шынар Төле­шова 2021 жылы елде «бэби-бум» кезеңі болып, бұл пандемия кезеңіне тұспа-тұс келгенін айтады. Дәл осы жылы ең көп – 445 000 сәби дүниеге келген. Осы жылы халық саны 19 миллион адамға жетті. Елден 32 209 азамат кетсе, 10 952 адам келген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдай­дағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында от­­басылық-демографиялық ахуал­ға алаңдаушылық білдіріп, Үкіметке 2021 жылдан бас­тап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдар­ламасын жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ Президент Үкіметке 2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлем­дердің мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзартуды тапсырған еді. Осындай мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың ар­қасында кейінгі 10 жылда елімізде бала туу көр­сеткіші 25 пайызға өскен.

2023 жылы ел халқының саны 20 млн-ға жетті. 19 миллионшы тұрғын 2021 жылы дүниеге келген еді. Екі жылда 20 миллионға жеттік.

 

Жағымды болжам

Осылайша, демографтар ел халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін өсуі мүмкін екенін болжап отыр.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің мәліметінше, егер өлім мен туу көр­сеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңір­аралық көші-қон 2017–2021 жылдардағы орташа мәнде сақ­талса, халық саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай 27 млн 192 мың адамға дейін жетеді. Министрлік жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы таңдалған базалық жылға, туу деңгейіне, өлім-жітімге және көші-қонға байланысты әр өңір бойынша 27 негізгі болжамды атап өтті. Сондай-ақ халықтың санын осы негізгі көрсеткіштер шеңберінен тыс модельдеуге мүмкіндік беретін механизм жасалды. Мысалы, туу көрсеткішін жоғарылату немесе өлімді белгілі бір пайызға төмендету. Орталықтың мәліметінше, 2030 жылға қарай болжам бойынша халық саны Астана қаласында 420 мың адамға немесе 33 пайызға, 1,7 млн адамға дейін, Алматы қаласында 414 мың адамға немесе 20 пайызға, 2 млн 466 мың адамға дейін, Шымкент қаласында 369 мың адамға немесе 32 пайызға, 1,5 млн адамға дейін өседі. Бұған қоса Түркістан облысында халық саны 207 мың адамға, Маңғыстау облысында 170 мың адамға, Алматы облысында 145 мың адамға ұлғаяды.

Ұлттық статистика бюро­сы­ның мәліметінше, биыл Астана халқы 1 528 887 адамға жеткен. Демографтардың айтуынша, бұл тенденция 20 жыл бойы өзгермеген. Бұл – Астана, Алматы, Шымкент және Маңғыстау облыс­тарына тән құбылыс. Аталған үш қала – белсенді дамып келе жатқандықтан республикалық маңызы бар қалалар, ал Маң­ғыстау облысы мұнай өнер­кәсібінің есебінен халық санын арттырып отыр. Астана – халық тығыздығы жоғары өңір­лердің бірі. Динамикаға қарасақ, 2000-жылдардың басында Астанада 380 мыңға жуық адам тұрған. Қазір бұл көрсеткіш 1,5 млн-нан асты. Яғни халық саны бес жылда 24 есеге жуық өскен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмана сәйкес биыл 22 қыркүйекте Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Демо­графиялық үдерістерді талдау және болжау орталығы ашыл­­ғаны хабарланды. Жаңа құры­­лымның басты міндеті – дерек­терді жинақтаумен шектелмей, кешенді талдау жүргізу, негіз­дел­ген ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік ше­шімдер қабылдау ісінде қолдану. Орта­лықтың жұмысы арқылы аналитика нақты саясатқа айналады: әлеуметтік қорғау мен зейнетақы жүйесінен бастап, жұмыспен қамту, аймақтық даму және көші-қон мәселелеріне дейін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 13:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары