Шығыс Қазақстанда Рахман қайнарына апаратын жол ашылды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары жолының 437-450 шақырым аралығындағы учаскесі пайдалануға берілді.
Жоба 2025-2026 жылдары жүзеге асырылды. Ұзындығы 13 шақырым болатын жолға жаңа асфальт төселді. Сонымен қатар 17 су өткізу науасы мен 3 су өткізгіш құбыр салынды.
"Бұл жоба ең алдымен, өңір жұртшылығы үшін маңызды. Жаңартылған учаске жол бойындағы елді мекендер тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл бағыт Катонқарағай ұлттық паркі мен Рахман қайнарына баратын туристер үшін де маңызды", - деп жазды облыс әкімдігі.
Жаңартылған жол учаскесі жол жүру уақытын қысқартуға және көлік құралдарының тозуын азайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары бағыты өңірдің әлеуметтік-экономикалық және туристік маңызы жоғары көлік дәліздерінің бірі саналады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қазан 2026 20:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















