ШҚО да Рахман қайнарына апаратын жол жөнделіп жатыр
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Жөндеу жұмысы автожолдың 0-45 шақырым аралығында жүргізіліп жатыр.
– Жоба аясында 9,5 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетоннан тегістеу қабаты, 5 шақырымда майда түйіршікті асфальтбетоннан жоғарғы жабын қабаты төселді, – делінген хабарламада.
Аталған автожол өңірдегі танымал туристік бағыттардың бірі – Рахман қайнарларына және оған жақын орналасқан табиғи нысандарға апаратын маңызды көлік дәлізі саналады. Жол инфрақұрылымын жаңғырту туристер үшін қолайлы жағдай жасауға, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және өңірдің туристік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:22
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 07:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















