Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Шығысқазақстандық қыз қол күресі мен арқан тартыстан түрлі додаларда топ жарып жүр

Шығысқазақстандық қыз қол күресі мен арқан тартыстан түрлі додаларда топ жарып жүр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

– Әңгімемізді туып-өскен жеріңізден бастасақ... 

– 1993 жылы Күршім ауданына қарасты Ақсуат ауылында өмірге келдім. Арада бір жыл өткенде Ұлан ауданының Сағыр ауылына қоныс аудардық. Сондағы А.С.Пушкин атындағы орта мектепте 11-сыныпқа дейін білім алдым.

– Сағырда қандай спортқа басымдық берілген?  

Фото: Әйгерім Тоқтарованың жке парақшасынан

– Сағырда ат спорты түрлері жұрт арасында ерекше беделге ие. Жастары аудан көлемінде волейбол спортынан үнемі жүлде алып жүретін. Өзім армрестлингке алғаш 4-сыныпта ден қойдым. Тұңғыш қатысқан жарысымда 2-орын алғаным есімде. Қатты қуандым. Бапкерім де риза болып, қол күресіне жасаған қадамың сенімді екен деп арқамнан қақты.

– Бірі күрестегі Жақсылық Үшкемпіровке, бірі бокстағы Бекзат Саттархановқа, енді бірі футболдағы Роналдуға еліктеп жатады. Өзіңіз бой түзеп, үлгі тұтар спортшы бар ма?

– Шынымды айтсам, ондай болмады. Иә, әр спорттың аңызға айналған тұлғалары жетерлік. Бірақ мен бапкер берген бағыт пен жүрек қалауымнан жаңылмай, үнемі тыңғылықты дайындық жүргізуге тырысатынмын. Кейде қатты шаршаймыз, жүктеме көбейеді. Бірақ адам қалжырай бастағанда іште мінез оянады екен. Оған қоса, ауылда өскеніміз бар, қиындықтар кездессе, сағымыз сына қоймайды.

– Жалпы, қол күреске қалай келдіңіз ?

Фото: Әйгерім Тоқтарованың жеке парақшасынан

– Армрестлингке 10 жасымда, сыныптасыммен бірге келдім. Темір-терсек көтеріп, шынығып жүрген тәжірибелі спортшыларды көргенде іштей таңырқаған едік. Үйдің бітпейтін күйбеңі әбден шынықтырған болуы керек, қол күресін жатсына қоймадым. Сонда Эрик Исин деген ағамыз армрестлинг әліппесімен таныстырды.

– Қыз бала үшін армрестлинг қаншалықты қиын?

– Кез келген спорттың күрделі жағы бар. Бірақ жаттықтырушым мықты болғаннан ба, қиындығын көп байқамадық. Содан шығар, бірінші қатысқан жарысымда-ақ 2-орынға ие болдым. Ол кезде 28 келіге дейінгі салмақта бақ сынадым. Негізі Күршімде де, Ұлан ауданында да осы спорт түрінен бәсеке жоғары. Ал Сағыр ауылында мені жаттықтырған Эрик Исиннің жетекшілігімен республика, Азия, Әлем чемпиондары шықты. Өзім сол кездері республикалық жарыстарда жүлде алып, «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындадым.

– Есейген сайын адамның салмағы өседі. Спортшы үшін ол да маңызды. Жарыс алдында жиі салмақ түсіретін бе едіңіз?  

– Иә, сайыс кезінде өз салмақ дәрежеме сәйкесу үшін біраз тер төгетінбіз. Сырт көзге жеңіл көрінгенімен, әуре-сарсаңы да бар. Тамаққа келгенде байқау қажет. Әдетте, армрестлингпен айналысатын адам ағзада суды ұстайтын, калориясы жоғары, тез көмірсу беретін тағамдардан бас тартады. Ұн өнімдері, тәтті, газдалған сусын дегенді татып алмаймыз.

–  Нәзік жандардың көбі гимнастика, волейболды таңдап жатқанда, сіздің қиын спортпен шұғылданып жүргеніңізге ата-анаңыз қарсы болмады ма?

– Жоқ. Қайта әкем мен анамның жігер беріп, тілекші болатыны алға жетелеп тұратын. Осыдан шығар, жаттығуда барымды салып, жарыс сайын нәтижемді жақсарта беруге тырыстым. Олар ешқашан сәтсіздігіме ренжіп, «осы спортты неге таңдадың, қызым?» деп сұраған емес. Біздің әулетте қол күреспен мен ғана айналыстым.

– Қол күрестің өзге спорт түрлерінен ерекшелігі неде?

– Мұнда жылдамдықтың орын бөлек. Басқа спорт түрлерінен айрықшалайтын тұсы да осы деп ойлаймын. Төреші белгісінен соң қас-қағым сәт кідірсең, қарсыласың қапыда қалдырады. Жеңген адам секундтар ішінде анықталады. Тағы бір айтарым, ұту үшін күш пен жылдамдық қана емес, спортшыға тән рух керек.

– Қыздар жиі жарақат ала ма?

– Жаттығу кезінде оған қатты мән береміз. Өз басым жарақат алған қыздарды көрмедім. Мүмкін кейбірі жарыстан соң бұлшық еті ауырғанын сезетін шығар.

– Армрестлингтен бөлек, арқан тартысқа да қатысасыз. Оған қалай келдіңіз?

– Шығыс Қазақстан облысының арқан тартыстан ерлер командасы 2024 жылы халықаралық көшпенділер ойынында өнер көрсетіп, жүлделі 2-орынға ие болды. Аталған жарыста Астана қыздар командасы да өнер көрсетті. Сол қыздарға қарап, «неге маған да айналысып көрмеске?» деп, облыстың аға бапкері Ерлан Уалиевқа жаттығуға келдім. Қазір Шығыс Қазақстан облысының қыздар командасы республика бойынша 1-орында тұр.

– Бұл спортқа армрестлингтен бөлек уақыт арнайсыз ба?  

Фото: Әйгерім Тоқтарованың жеке архивінен

– Иә, арқан тартысқа дайындық ең алдымен командамен бірдей ойлап, бірдей қимыл қалыптастырудан басталады. Жаттығу кезінде спортшылар тек күш жинап қоймай, үйлесімділік пен ырғақты дамытады. Күшті үнемдеп, біраз тірескен соң тез шаршап қалмаудың кілтін іздейміз. Қазір өңірлерде бұл спорт жақсы дамып жатыр. Бізге де әзірлікті әлсіретпеу керек.

– Сіз былтыр Риддер қаласында тұңғыш ұйымдастырылған республикалық «Ата Мұра» ұлттық ойындарында ерлер командасы арасында өнер көрсеттіңіз. Азаматтардың арасында жалғыз бұрымдыға арқан тарту қиын болмады ма? Сізге қатыс деген ұсыныс қалай жасалды?

– ⁠Әрине қиынға түсті. Негізі менен басқа Мөлдір есімді тағы бір қыз қатысты. Ол тізбек соңында тұрып, зәкір қызметін атқарды. Ер адамдар мықты ғой. Дегенмен біз де барымызды салдық. Командадағы салмақ 720 келіден аспауы тиіс болған соң салмағы жеңіл спортшы қажет болды. Менің салмағым – 50 келі. Бапкерім шақырғанда, көп ойланбастан келістім. Дайындық кезінде тек шөп емес, құмда да арқан тарттық. Сол жарыста біздің команда орын алмағанымен, «Шығыс 2» жігіттері жүлдегер үштігін түйіндеді.

– Қол күрес пен арқан тартысты қатар алып жүру ауыр емес пе?

– Ол жағы сезіледі. Дегенмен дұрыс жоспарласа, оны да үйлестіруге болады. Екі спорттың ұқсас жерлері аз емес. Темір көтеру, жеңіске әдіс-айла іздеу, қимылды икемдеу сияқты тұстар бағытымызды айқындап тұр.

– Осы уақытқа шейін қол күрес пен арқан тартыстан қандай жетістіктерге жеттіңіз?

– Армрестлингтен облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардын жүлдегері әрі жеңімпазымын, «Спорт шеберімін». Арқан тартыста облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз болдық.

– Жұбайыңыз да қол күресінен бапкер. Ерлі-зайыпты болып, осы спорттың қыр-сырын бірге талқылайтын шығарсыздар?

– Иә (күлді). Ол бапкер ретінде ой білдірсе, мен әлі жарыстарға қатысып жүрген спортшы ретінде ұсыныстар айтамын. Әу баста танысып, сезім қылы жалғана бастағанда да спорт арқылы тез түсіністік деуге болады.

– Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Қатысатын жарыстар көп. Республикалық, халықаралық сайыстарға іріктеулер басталады. Қазір бәсекелестік қызып жатыр қай спортты алсақ та. Босаңсуға болмайды. Арқан тартыс әр аймақта алға жылжып келеді.

– 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай барша нәзік жанға жылы лебіз білдіре кетсеңіз...

– Құрметті ақ жаулықты әжелер, аналар, апай-сіңлілер. Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Гүлдей жайнап, ерекше құлпырып, баршаңыздың көңіл көктеміңіз көркейе берсін! Жүректеріңізге жылылық пен махаббат ұялап, бақыт мекеніне мәңгілік тұрақтаңыздар.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада 8 наурыз мерекесіне орай қандай шаралар жоспарланғаны жайлы жазғанбыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Наурыз 2026 18:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары