Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Маңғыстаулық шабандоздар халықаралық додаларда топ жарып жүр

Маңғыстаулық шабандоздар халықаралық додаларда топ жарып жүр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

– Нұрсағын Дәулетұлы, ат спорты мектебін ашу идеясы қалай пайда болды?

– Мен Маңғыстау облысы, Шетпе ауылында дүниеге келдім. Балалық шағым Ақмыш деген жерде өтті. Көзімді ашқалы ат жалын тартып өстім десем артық емес. Ағамның қолында тәрбиеленіп, күннің көп бөлігін ат үстінде өткіздім. Біздің әулетте атбегілік дәстүр болмағанымен, бұл қасиет маған нағашы жұртымнан дарыды. 2013 жылы Шетпеде ұлттық спорт мектебі ашылған еді, алайда кейін жабылып қалды. 2019 жылы ауылға оралып, қайтадан атбегілікке бет бұрдым. Ат баптап, балаларды жаттықтыруды бастадым. Бастапқыда ешқандай қолдау болған жоқ – балаларды өз қаражатыммен дайындап, жарыстарға өзім апарып жүрдім.

Фото: Kazinform

Уақыт өте еңбегіміз еленіп, 2023 жылы ұлттық спорт түрлері орталығына тіркелдік. Қазір сол жерде аға бапкермін. Дамуға үлкен серпін берген оқиға - 2022 жылғы 1200 шақырымдық «Ұлы дала жорығы» марафоны болды. Бұл додада Адай жылқысының төзімділігін дәлелдеп, бас жүлдені жеңіп алдық. Қазір мектебімізде 60-қа жуық бала жаттығып жүр. Менің ұстазым - Бұғабай Мықырбаев. Сол кісіден көп нәрсе үйрендім. Өткен жыл да жемісті болды: халықаралық 100 шақырымдық жарыста бір тұлпарым бірінші, екіншісі үшінші орын алды. Сонымен қатар түрлі республикалық бәйгелерде жүлделі орындарға ие болдық.

– Қазіргі таңда қандай бағыттар бойынша жаттығу жүргізіледі?

– Мектеп 2023 жылы құрылды. Қазір біз аударыспақ, көкпар, жамбы ату сияқты ұлттық спорт түрлерін дамытып келеміз. Дегенмен негізгі бағытымыз - бәйге. Себебі бәйге - барлық ат спортының іргетасы. Әр бала ең алдымен бәйгеден бастайды. Бәйгеде шыңдалған шабандоз кейін көкпарға да, аударыспаққа да, басқа бағыттарға да бейімделе алады.

Фото: Kazinform

Бізге 3-сыныптан бастап 20 жасқа дейінгі жастар қабылданады. 2019 жылы бастаған алғашқы шәкірттерім бүгінде 19 жаста. Қазір олар менің көмекшілеріме айналып, өздері де табыс тауып жүр. Болашақта осы саланы жалғастыратын мамандар болады деп сенемін.

– Бастапқы кезеңде қандай қиындықтар болды?

– Бастапқыда қиындық көп болды. «Ешкім біліп тумайды» ғой. Көп адам білгенін бөліскісі келмейді. Атбегілердің көбі өз тәжірибесін ішіне сақтайды. Мен де талай қателестім. Дегенмен алты жылдан кейін үлкен жетістікке жеттік - алғаш рет көлік ұтып алдық. Бұл Шетпе үшін тарихи сәт болды.

Жалпы ат баптау - өте күрделі іс. Бұл тіпті бала тәрбиелеуден де қиын. Жылқы сөйлей алмайды, оның жағдайын өзің сезінуің керек. Қашан бабында, қашан сырқат екенін көзінен-ақ аңғара білу қажет. Мен атбегілік жолында үш бірдей үлкен кісіден бата алдым. Сол батаның арқасында барлық қиындықты еңсеріп келемін деп ойлаймын. Қазір, керісінше, өз тәжірибемді жастармен бөлісуге тырысамын.

Фото: Kazinform

– Ауыл тұрғындарының ат спортына деген қызығушылығы қалай? 

– Қызығушылық өте жоғары. Қазірдің өзінде 60 - 70 баланың өз тайлары бар. Бұрын телефоннан бас алмайтын балалар бүгінде ат үстінде жүр. Алайда материалдық база жеткіліксіз. Ипподром мәселесі бар. Жаңаөзенде бар, бірақ деңгейі төмен. Сонымен қатар бізге жабық манеж қажет. Басқа өңірлерде ондай мүмкіндік бар, ал бізде жоқ. Соның салдарынан жыл бойы тұрақты жаттығу жүргізу қиын.

– Жас шабандоздардың жетістіктері қандай?

– Оқушыларым халықаралық және республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Бәйгеден бас жүлде алып, аударыспақ пен көкпардан да жетістіктерге жетіп келеді. Жыл сайын деңгейіміз өсіп жатыр. Артымнан мықты шәкірттердің еріп келе жатқаны – мен үшін үлкен қуаныш.

Фото: Kazinform

– Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Алдағы мақсатымыз - 2028 жылғы әлем чемпионатына қатысу. Сол додада Адай тұлпарымен топ жарып, бас жүлде алуды армандаймын. Сонымен қатар аударыспақтан Қазақстан чемпионын дайындауды жоспарлап отырмын. Қазір ұзақ қашықтықтағы бәйгелер көбейіп келеді.

Бұл - Адай жылқысы үшін үлкен мүмкіндік. 2022 жылы чемпион атансақ, 2023 жылы рекорд жаңарттық. 2024 жылы 500 шақырымдық жарыста жақсы нәтиже көрсетіп, көшпенділер ойындарына жолдама алдық.

Фото: Kazinform

Биыл Қырғызстанда өтетін ойындарға қатысқымыз келеді. Бірақ қаржы мәселесі бар. Соған қарамастан, ел ішіндегі жарыстарға дайындықты жалғастырып жатырмыз. Ал жастарға айтарым - еңбектену керек. Таңнан кешке дейін тынымсыз жұмыс істеген адам ғана нәтижеге жетеді. Еңбек ешқашан зая кетпейді.

Бұған дейін, көне нақыш пен қазіргі дизайнды ұштастырған Ақтаулық зергер туралы жазған болатынбыз.

Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Сәуір 2026 18:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see134

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see133

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see132

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see131

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see125

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see118

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see116

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see115

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see111

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see109

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары