Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Жүк көліктерін арқанмен сүйрейтін спортшы гір көтеруден әлемдік додаларда топ жарып жүр

Жүк көліктерін арқанмен сүйрейтін спортшы гір көтеруден әлемдік додаларда топ жарып жүр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

– Әңгімеміздің әлқиссасын спортқа деген қызығушылығыңыздың қалай пайда болғанынан бастасақ...

– Қызығушылық бала кезден басталды. Алайда осы жолға нақты бет бұруыма ерекше бір оқиға себеп болды. Өзім туған Үлкен Қаратал ауылында көрші тұратын Асан аға ауласында түрлі темір құралдармен жаттығып жүретін. Мен сол гір тастарына қатты қызығатынмын. Бір күні қызығушылығымды жасыра алмай, өзім барып одан гірді сұрап алдым. Сол сәтте ол: «Мә, осыны көтеріп, сен чемпион болшы» деген еді. Қарапайым ғана айтылған осы сөздер мен үшін үлкен мотивацияға айналып, жүрегімде ерекше сенім оятты. Алғаш рет қолыма гір ұстап көргенде, оның тек күш емес, үлкен төзімділік пен тәртіп талап ететінін түсіндім. Дәл осы қасиеттер мені баурап, гір спортын таңдауыма себеп болды. Осылайша, бұл спортпен 2011 жылдан бері кәсіби түрде айналысып келемін. 

– Осы уақыттарда өзіңіз үшін қай сәттер қиын болды?

– Әлбетте, спорт жолы оңай емес. Ең қиын кезеңдер – жарақат алған сәттер мен жарыстарда сәтсіздік тіркелгенде сезіледі. Кейде дайындық жақсы болғанымен, нәтиже көңілден шықпай жатады. Бірақ дәл осындай қиындықтар адамды шыңдайды.

Фото: Қуаныш Қыдырпатшаның жеке мұрағатынан

– Әлемдік деңгейдегі жарыстардың біріне қалай барғаныңызды айтып берсеңіз... 

– Осыдан бес жыл бұрын Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өткен Әлем чемпионаты мен үшін үлкен тәжірибе, әрі маңызды белеске айналды. Осы жарыста әлемнің ең мықты спортшыларымен бір алаңда өнер көрсету – әр спортшы үшін мәртебе әрі жауапкершілік еді. Бәсеке барысында әр қарсыластың дайындығы, олардың техникасы мен төзімділігі жоғары деңгейде екенін анық сезіндім. Әсіресе чемпионат атмосферасы ерекше әсер қалдырды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар, қиқулаған жанкүйерлер қолдауы, тартысты бәсеке – бәрі-бәрі маған ерекше күш-жігер берді. Әр сәтте өз еліңнің намысын қорғап тұрғаныңды сезіну – зор мақтаныш. Бұл чемпионатта мен бар күшімді салдым. Табандылық танытып, жоғары жетістікке қол жеткіздім. Соның нәтижесінде 2021 жылы Әлем чемпионы атанып, алтын жүлдені моймыма тағу бақыты бұйырды. Бұл жеңіс менің ғана емес, мені қолдаған бапкерлерімнің, отбасымның және тақымдарын қысқан барша жанның ортақ жеңісі деп білемін. Осы жетістік мені одан әрі шыңдап, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруға деген сенімімді арттырды.

– Өткен жылы 32 келілік гір тасын 188 рет жұлқа көтеріп, сегізінші рет ел чемпионы атаңдыңыз. Мұндай көрсеткішке жету үшін қандай дайындық қажет? Жарыс алдындағы әзірлігіңізді айта кетіңізші.

– Бұл – ұзақ жылғы табанды еңбек жемісі. Күнделікті жаттығу, дұрыс тамақтану, демалыс тәртібі – бәрі дерлік маңызды. Жарыс алдында арнайы жоспар бойынша дайындаламын: жүктемені біртіндеп арттырып, соңғы аптада ағзаны қалпына келтіруге мән беремін.

– Бірнеше жыл бұрын «ГАЗ-53» пен «ЗИЛ-130» көліктерін бір-біріне тіркеген күйі сүйреп, көпшілікті таңғалдырғаныңыз бар. Салмағы 8 тоннадан асып, рекорд тіркепсіз. Мұндай қадамға баруыңыздың себебі неде?

– Бұл тек күшті көрсету емес, ең алдымен жастарды спортқа қызықтыру мақсатында жасалған әрекет. Басты себебі сол, көпшілікке жігер беру, гір спортының мүмкіндіктерін көрсету. Сонымен қатар бұл бастамалар карантин кезеңінде жүзеге асты. Індет асқынып тұрған уақытта ешқандай жарыстар өтпей, спортшылар үшін де, көрермен үшін де біршама қиын кезең болды. Халықты зеріктірмей, әлеуметтік желілер арқылы қызықты әрі пайдалы контент ұсыну мақсатында осындай ерекше жаттығулар мен рекордтық әрекеттерге бардық. Сол кездері жүк көліктерін ғана емес, үлкен автобусты да сүйреп, өз мүмкіндігімізді сынап көрдік. Бұл әрекеттер көпшілік қызығушылығын оятып, спортқа деген көзқарасты өзгертеді деп сендік. Нәтижесінде, осы бастамаларымыз көпке мотивация беріп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты.

Фото: Қуаныш Қыдырпатшаның жеке мұрағатынан

– Қазір қанша шәкірт тәрбиелеп отырсыз? Жас спортшыларға ең бірінші қандай талап қоясыз?

– Болашағынан зор үміт күттіретін бірнеше шәкіртім бар. Олардың ішінде облыстық, республикалық, Азия және әлемдік додаларда топ жарып жүрген 20-дан аса шәкіртім бар. Жаттықтырушы ретінде мұның бәрі мен үшін мақтаныш әрі еңбегіміздің нәтижесі.
Шәкірттеріме қоятын ең басты талап – тәртіп пен еңбекқорлық. Себебі, спортта таланттан бұрын тынымсыз еңбек пен табандылық маңызды рөл атқарады. Қандай жетістікке жетсе де, қарапайымдылықты сақтап, үздіксіз ізденісте болу керектігін үнемі айтып отырамын оларға.

– Жалпы, гір спортының адамға қандай пайдасы бар?

– Бұл спорт адамның физикалық күшін ғана емес, рухани төзімділігін де дамытады. Жүрек-қан тамыр жүйесін нығайтып, шыдамдылықты арттырады және тәртіпке үйретеді. Дей тұрғанмен дене қыздырмай, апыл-ғұпыл қимылмен айналысып кетуге болмайды.

Фото: Қуаныш Қыдырпатшаның жеке мұрағатынан

– Жарыс алдында диета ұстайсыз ба?

– Әрине, сайыс алдында диетаға ерекше мән беремін. Себебі әр спортшы үшін салмақты дұрыс ұстап тұру нәтижеге тікелей әсер ететін нәрсе. Артық салмақ қоспау үшін күнделікті тамақтану тәртібін қатаң қадағалаймын. Тағам рационымда көбіне ақуызға бай, жеңіл қорытылатын өнімдер болады. Мысалы, еттің майсыз түрлері, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері. Сонымен қатар ағзаны ауырлататын майлы және тәтті тағамдарды шектеймін.
Жарысқа жақындаған сайын тамақтану тәртібін одан да қатаңдатып, порция мөлшерін, тамақтану уақытын сақтаймын. Су ішу режиміне де ерекше көңіл бөлемін, себебі ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін бұл өте маңызды. Диета тек салмақ түсіру үшін емес, ағзаны жарысқа толық дайын күйге келтіру үшін қажет. Осы тәртіптің арқасында өзімді жеңіл, сергек сезініп, жарысқа барынша дайын болып шығамын.

– Әулетіңізде сізден басқа гір көтерумен айналысатындар бар ма?

– Иә, біздің әулетте спортқа жақын жандар бар. Әсіресе, қарындасым Жансая – гір спортынан республикалық жарыстардың жүлдегері. Ол да бұл спорт түріне үлкен жауапкершілікпен қарап, тұрақты түрде жаттығып, жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Оның жетістіктері мені одан сайын жігерлендіріп, өз деңгейімді көтеруге, тоқтап қалмай, үнемі алға ұмтылуға ынталандырады.

Біз бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасып отырамыз. Жарыстарда да, дайындық барысында да бір-бірімізге сенім беріп, рухани тірек боламыз. Осындай ортада өскендіктен, спорт мен үшін жай ғана хобби емес, өмір салтына айналды. Отбасымдағы осындай қолдау мен бірлік – менің басты мотивациямның бірі.

– Осы спорттағы басты жетістіктеріңізді тізбелеп кетсеңіз...

– Гір спортындағы басты жетістіктерім – бірнеше рет ел чемпионы атанып, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болуым. Сонымен қатар, мен 8 дүркін Қазақстан чемпионымын. Төрт мәрте Азия чемпионатында топ жарып, 2 дүркін әлем чемпионы атандым. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері ретінде бұл жетістіктер біздің көп жылғы еңбегіміз бен табандылығымыздың нәтижесі.

– Алға қойған жоспарларыңыз қандай?

– Алдағы мақсатым – халықаралық деңгейде бұдан да жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғау. Сонымен қатар шәкірттерімді тәрбиелеп, олардың чемпион болуына бар күш-жігерімді салу мен үшін биік мақсат. Сосын өзім туған Зайсан ауданынан әлемдік деңгейдегі, тіпті Олимпиада чемпиондарын шығару. Ауданымыздағы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларды үлкен ареналарға алып шығу – басты мақсаттарымның бірі.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодарда гір тасын көтеруден 16 рет әлем рекордын жаңартқан спортшы тұратыны жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Сәуір 2026 13:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары