Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Павлодарда гір тасын көтеруден әлем рекордын 16 мәрте жаңартқан спортшы тұрады

Павлодарда гір тасын көтеруден әлем рекордын 16 мәрте жаңартқан спортшы тұрады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

«Ортаға Нұрлан Көпбергенов шақырылады!». Жарыс өтіп жатқан Павлодардың «Трактор» стадионындағы спорт төрешісі әрі комментаторы осылай деп хабарлады. Футбол алаңының ортасына дене бітімі келіскен, жас әрі жігерлі қазақ жігіті шыға келді. Түр-тұлғасы мен жалынды мінезі көрген жанға бірден жылы әсер қалдыратындай.

Төрешінің ысқырығы естілген сәтте Нұрлан сенімді түрде гір тастарына қарай беттеді. Зіл батпан тастардың әрқайсысы 32 килограмм тартады. Спортшы әр қолына біреуден алып көтеруі тиіс. Бір мезетте төрешінің саңқылдаған даусы тағы естілді: «Ол бұл салмақты бір минуттың ішінде кемінде 42 рет көтеруі керек. Әйтпесе рекорд есептелмейді». Бұл әлемдік рекорд еді.

Нұрлан жымиып, тұғырға жақындады да, ауыр гір тастарын қос қолына ұстап, жоғары қарай жеңіл көтере бастады. Көрермендер атлетті қолдап, дауыстап санап тұр: 43, 44, 45! Алып жігіт әрқайсысының салмағы 32 келі қос гір тасын бір минутқа жетпейтін уақытта 45 рет көтерді. Осылайша кезекті әлемдік рекордын жасады. Қазақ жігітінің еншісіне жаһандық рекордты 16 мәрте жаңалау мүмкіндігі берілгені бұл тұста тек Жаратқанға ғана аян еді.

Фото: Нұрлан Көпбергенов

Нұрлан Көпбергенов 1962 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Мүткенов елді мекенінде дүниеге келген. Оның бүкіл саналы өмірі Ертіс ауданымен тығыз байланысты. Аталған аудандағы № 3 орта мектепті тәмамдап, 1985 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Ертіс ауданындағы Амангелді атындағы мектепте мұғалім болып бастап, кейін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы, аудандық «Қайрат» спорт қоғамының төрағасы болып қызмет етті. Кедендік бақылау комитетінде де жауапты қызметтер атқарған.

Осы жылдар бойы жоғары деңгейдегі жарыстар мен спартакиадаларға қатыса жүріп, спорттық рекордтарды үнемі жаңартумен болады. Көп ұзамай жас спортшының даңқы Қазақстанды қойып, ТМД елдеріне тарай бастайды.

— Менің жұлдызды дәуірім 30-дан асқан шағымда басталды десем болады. Бозбала кезімде Исабек ишанның ұрпағы Жандарбек қожаның батасын алып, ықыласына шомылып едім. Қасиет иесінің шапағаты себепкер болды ма, арада көп уақыт өтпей мені гір тасын көтеруден Ресей елінің бас бапкері Николай Шатов іздеп келді. Оның қолдауымен Ресейдің қалаларына шеру тартып, өнерімді көрсете бастадым. Сөйтіп 90-шы жылдардың соңы — 2000-шы жылдардың басында түрлі қалалардағы әлемдік жарыстарға қатыса жүріп, 16 мәрте рекорд жаңартыппын. Ауыр салмақ көтеруді 32 килодан бастап, 101 килоға дейін жеткіздім, — дейді даңқты рекордшы.

Фото: Нұрлан Көпбергенов

Ол ең әуелі 1996 жылдың 17 қарашасында Минскіде өткен жарыстарға, ал 1997 жылдың сәуірінде Қазандағы әлем кубогына, одан соң Бабаевоғадағы додаға қатысады. 32 килограмдық гір тасын қос қолдап бір минуттың ішінде 48-ден астам рет көтереді. Бұл нәтиже — әлемдік рекорд еді.

Бұған дейінгі әлемдік рекорд Вячеслав Хоронекоға тиесілі болатын (34 рет). Әлемге әйгілі гір тасын көтеруші, тағы бір рекордшы Виктор Калмык дәл осындай салмақты 36 рет көтерген. Нұрлан Қазбекұлының рекордтары олардың нәтижесінен еселеп асып түсіп жатты.

Бұған қоса 1997 жылы мамыр айында Липецк қаласында өткізілген Бүкілресейлік фестивальда салмағы 100 килограмдық зілтемірді қырық секундта 16 рет көтеріп, бірінші орынды жеңіп алды.

Сол жылдың қараша айында Ресейдің Бабаево қаласында өткен әлемдік чемпионатта әрбірі 36 килограмдық екі гір тасын бір минутта 39 рет серпе көтеріп, тағы да әлемдік рекорд жасады. Ал 2002 жылдың желтоқсан айында Семей қаласында өткен жарыста әрбірі 40 килограмдық екі гір тасын бір минутта 29 рет серпе көтеріп, кезекті рекорд жасайды.

Ең үлкен рекордтары туралы айтар болсақ, 1999 жылы Қаратау қаласында өткен кезекті чемпионатта салмағы 61 килограмдық екі гір тасын 5 рет серпе көтерсе, 2006 жылы Ресейдің Заводоуковск қаласында 62 килограмдық қос гір тасын 8 рет көтеріп, кезекті рекордты жаңалады.

Фото: Нұрлан Көпбергенов

Ал 2007 жылы 62 килограмдық гір тасын 10 рет көтеріп, тағы бір рекордтық көрсеткіш тіркеді. Олардың алдында 1998 жылдың қыркүйек айында Астана қаласының тұсаукесер рәсімінде әрбірі 52 килограмдық екі гір тасын бір минутта 14 рет көтерген болатын.

Өкінішке қарай, атлеттің бұл жетістіктері сол тұста спорт шенеуніктері тарапынан тиісті қолдау таппай қалған. Замандастарының айтуынша, алып күш иесінің жетістіктерінің құпиясы — оның қарапайымдылығы мен еңбекқорлығында.

Спорт арқылы талай елмен достық көпірін орнатқан. Оның Ресейдің Ялуторовск қаласындағы қазақ ұлтының азаматтарымен кездесіп, олардың Нұрланға есімі жазылған арнайы гір тастарын сыйлауы — спортшының ел алдындағы зор беделінің айғағы.

Бүгінде Нұрлан ағаның үйінде әр жылдардан сыйлық ретінде жиналып қалған гір тастарының жалпы салмағы бір жарым тоннадан асады. Спортшы зейнет жасында болса да, оларды күнделікті жаттығуында үзбей пайдаланады.

Фото: Нұрлан Көпбергенов

Еске сала кетейік, ұлытаулық жиһанкез Еуропаны жаяу аралап, рекорд орнатқалы жатқанын жазған едік.  

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Наурыз 2026 15:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары