Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Драматургиядағы дара даңғыл

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Ақ халаттыға адалдық жарасады

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Дастан Сәтпаев Вулверхэмптонға қарсы матчта көзге түсті

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Шымкентте нәрестелердің жүрегіне операция жасалды

Шымкентте нәрестелердің жүрегіне операция жасалды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Шымкентте жаңа туған 5 нәрестенің жүрегіне күрделі операция жасалды.

Сирек кездесетін диагнозы бар сәбилерді емдеуге Беларуссиялық кардиохирургтар арнайы шақыртылып, шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Жергілікті дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жүректегі қарынша аралық тесіктердің үлкеюі, артерияның тарылуы және бірнеше патологиясы бар науқастар таңдалды. 

Ақерке Бірәлиеваның сәбиі жоғары технологиялық операциядан кейін туа біткен жүрек ауруынан айықты. Дәрігерлер екі айлық шақалақтың жүрегіндегі қарыншааралық пердені арнайы әдіспен қалпына келтірді. Қазір баланың жағдайы жақсы, ұйқысы да тыныш.

Ақерке Бірәлиева, Түркістан облысының тұрғыны:

- Қызымның «отдышкасы» бар ауырып қала беретін. Кішкене сыртқа шықсақ та, тексеруге апарсам да солай болатын. Сосын шұғыл түрде осы емханаға қаралдық. Ота жасалды. Сәтті өтті. Қазір қызым жақсы. Кеше қасыма берілді.

Сала мамандарының айтуынша, сәби жақын күндері үйіне шығарылады. Сонымен қатар беларуссиялық кардиохирургтардың жетекшілігімен тағы осындай төрт балаға ашық операция жасалып, жүрек ауруларын емдеудің заманауи әдістері ұсынылды. Халықаралық әріптестіктің арқасында жергілікті мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік туды.

Юрий Линник, Минск қалалық Балалар хирургиясы республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім меңгерушісі:

- Баланы шұғыл жағдайда бас қалаға жеткізу әрдайым мүмкін бола бермейді. Сондықтан республикалық маңызы бар қалада да балалар кардиохирургиясын дамыту қажет. Ал жалпы Қазақстанда алып қарасақ медицинаның деңгейі жоғары.

Қалалық клиникалық балалар ауруханасында күрделі хирургияны дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта дәрігерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасалып, емдеудің заманауи технологияларын меңгеруге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Нәтижесінде туа бітті жүрек ауруына шалдыққан балаларға жасалатын озық операциялар саны артпақ. 

Асан Жұманов, қалалық Клиникалық балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

- Өте күрделі диагноздармен туған нәрестелерге шұғыл түрде ота қажет болады. Ота жасалмаған жағдайда өкінішке қарай шетінеп кету қаупі өте жоғары. Статистика бойынша былтырғы жылы бізде 50-ден аса науқасқа ота жасалу керек болған. Ал биылғы жылы Шымкент қаласы бойынша 50-70 бала шамасында ота жасалу қажет.

Биыл балалар клиникалық ауруханасында жасалатын операцияларға жаңа әдістер енгізілмек. Осы мақсатта қанды оттегімен қанықтырып, жүрек пен өкпе қызметін уақытша атқаратын заманауи құрылғы сатып алынады. Бұл науқастардың тезірек сауығып, ауырсынуын азайтуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов, Нұрмахан Мұсатов 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 10:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see145

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see138

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see138

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see137

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see135

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see134

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see132

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see127

Ақ халаттыға адалдық жарасады

17 Қазан 2026 07:47see125

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see124

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see122

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see121

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see119

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see117

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

17 Қазан 2026 10:38see114

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see113

Дастан Сәтпаев Вулверхэмптонға қарсы матчта көзге түсті

17 Қазан 2026 09:30see112

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see112

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see112

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары